Tayyab Journal / QAZ

АЛЬ-ФИТР САДАҚАСЫ

Сұрақ: Аль-фитр садақасы қалай өлшенеді?
Ол бидай(1,6кг.), құрма, мейіз, арпа мөлшерімен тең. Ең дұрысы дәннің орнына қолма-қол төлеген дұрыс.

*Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға белгіленген аль-фитр садақасы көлемінің суммасы 500 теңге

Сұрақ: Кім аль-фитр садақасын төлегені дұрыс?
Әрбір тәуелсіз мұсылманға міндеттелген, егер оның жеке басында мүлкі (нисаб) болса, оның тұрмыс жағдайы жоғары болса.

Сұрақ: Нисаб немен тең?
Нисаб 200 күміс дирхемімен(612,35г.) тең. Күміс мөлшерін өзіңіздің валютаңызбен есептеңіз.

Сұрақ: Ең алдымен кім үшін аль-фитр садақаны төлеуге болады?
Мұқтаж туысыңа.
Мақалаға сілтеме: «Что такое садака?»

Сұрақ: Бидайдың түрлері көп болады: ең төмен бағадан бастап, өте қымбат бағаға дейін. Егер мен аль-фитр зекетін өте төмен бағадағы бидайдың құнымен төлесем бола ма?
Иә, болады.

Сұрақ: Егер күйеуі әйелі үшін аль-фитр садақасын төлеуіне бола ма? 
Күйеуі әйелі үшін төлеуге міндетті емес, бұл тәжірибе кең тарағандықтан әдетте әйелі қарсы болмайды. 

Сұрақ: Бір адам отбасының барлық мүшесіне аль-фитр садақасын төлеуіне бола ма? 
Иә, болады.

Сұрақ: Егер мен отбасының барлық мүшесіне аль-фитр садақасын беретін болсам, олардың әрбірінің ниеттерімен төлеуім керек пе? 
Иә, аль-фитр садақасын кімге төлейсіз, сол адамның ниетімен төлегеніңіз жөн.

Сұрақ: Өлген адам үшін аль-фитр садақасын төлеуге бола ма?
Жоқ, өлген адам үшін аль-фитр садақасын төлеуге болмайды.

Сұрақ: Қашан аль-фитр садақасын төлеуге болады?
Фаджрдың басталу уақытынан бастап намаздың аяқталуына дейін төлеген дұрыс. Кейінге қалдыру –маркух болып саналады. Егер де кейін төлесеңіз – дұрыс болып саналады. Сонымен қоса Рамазан айында төлеуге болады. 

Сұрақ: аль-фитр садақасын мерекеге дейін Рамазан айында төлеуге бола ма?
Иә, болады.

Сұрақ: Мереке күні аль-фитр садақасын төлемеген болса, ол адамның садақа өтеу міндеті жойыла ма?
Жоқ, жойылмайды.

Сілтеме: azan.kz
Сұрақ-жауап