Tayyab Journal / QAZ

Әлемнің шынайы тарихы

Бір кездері бұл әлем мүлде болған жоқ. Бірақ, Ұлы Жаратушы, Құдіреті күшті Алла тағала әуелден-ақ бар. Ол Өзінің Құдіретімен күллі ғаламды, ондағы барлық тіршілікті жаратты. Ұлы Жаратушының тағы бір туындысы — адамзат баласы. Адам (ғ. с) Алланың ең алғашқы жаратқан адамзат баласы ғана емес, сонымен қатар, жалғыз Жаратушыға табынып, сәжде қылған, риясыз құлшылық жасаған алғашқы пайғамбар еді. 

Дәуірлер жылжып, ұрпақтар алмасты. 

Уақыт өте келе Адам алейһиссаламның ұрпақтары хақ сенімнен ажырай бастады - олар Илләһи құндылықтарды табиғаттан, тіпті адам баласының бойынан іздеуге көшті.

Сипаттауға келмейтін Алланың құдіретін өз таным деңгейінде өлшей бастады, соңында діннің үкімін бұрмалап, өз нәпсілерінің қалауына қарай өзгертуге көшті. 

Адамдардың нақақ адасуынан сақтау мақсатында Алла тағала әр дәуірде таухидті, яғни Алланың бірлігін дәріптейтін Пайғамбарларды елшілікке жібере бастады. Аллаға ширк қосып, адасуынан таймағандар қатаң жазаға ұшырады. 

Ұзақ жылдар бойы Пайғамбардың үндеуіне құлақ аспай, теріс сенімнің жетегінен шығудан бас тарқан Нұх пайғамбардың қауымы үлкен қуаңшылық пен алапат топан суға ұшырады. 
Тастан жасап алған пұттарына табынып, менмендігі мен зұлымдығы асып түскен Самуд тайпасына Алла тағала жөн көрсетсін деп Салих (с.ғ.с.) пайғамбарды жіберді. Әйтсе де, азғындығынан таймаған бұл тайпа ақырында жер астынан шыққан алапат дыбыстың қуатынан жер жастанды. 

 Имансыздық, азғындық пен зұлымдық – Аллаһ Тағаланың қаһарын оятып, жер жүзінен бүтін бір тайпалар мен қалалардың жойылып кетуіне әкеп соқты. 

Адамдар адасып, көпқұдайшылыққа бой алдырған сайын Алла Тағала оларға пайғамбарлар мен елшілер жіберіп, хақ жолға, Ислам дініне шақыра берді. Адасып бара жатқан әрбір тайпаға, әрбір халыққа ақиқат жолын нұсқады, әйтсе де, жұрттың құлақ асқысы келмеді. 

Адамзат баласына жіберілген соңғы пайғамбар – Мұхаммед пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ақіретке дейін одан басқа пайғамбарлар келмейді. 

Ол, Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өз қауымына ғана емес, бүкіл адамзатқа жіберілген Пайғамбар және ол да өзіне дейінгі жіберілген басқа да пайғамбарлар сияқты Исламды уағыздаған.

Алла Тағала Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) қиямет күніне дейін адамдарға тура жолды нұсқайтын киелі Кітап – Құран Кәрімді нәсіп етті. Бұл кітап Пайғамбармызға жиырма үш жыл бойы біртіндеп түсіп отырды. 

 Ал Мұхаммед пайғамбардың өмір жолын Алла Тағала барша адамзат баласына үлгі етті. Мұсылмандар Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан әрбір сөзін қалт жібермей жазып алып, мұқият сақтап, өз өмірлерінде қолданды. 

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі сөздері, ғибратты амалдары мен көркем мінезі жайлы деректер бізге хадистер түрінде жетті. 

Алла Тағала адамзат баласына қатысты барлық мәселені қамтитын дін жіберді, сол арқылы өмірдің мәнін түсіндіріп, фәни мен бақи дүниедегі шынайы бақыттың сырын ашып көрсетті.
 Жалпы, біздің дініміздің үш негізі бар: 

 Иман, Ислам и Ихсан


Омар, оған Аллаһ разы болсын, былай деді:

«Бірде біз Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қасында отырған едік. Кенет, жанымызға ақ шапан киген, көкшілдеу-қара шашты бір кісі келді. Сыртқы келбетіне қарап кім екенін тану мүмкін емес еді. Бейтаныс адам Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдына жайғасып отырды. Тізесі тиіп тұратындай жерге ыңғайланып, қарсы отырды да, қолдарын аяғының үстіне қойып: «Уа, Мұхаммед, маған Ислам туралы айтып берші», - деді. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Исламның мәні – Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және Мұхаммедтің Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру және Рамазан айына ауыз бекітіп, ораза ұстау. Және, мүмкіндігің жетсе, қажылыққа бару» деді. Сол кезде әлгі бейтаныс кісі: «Сен Шындықты айттың», – деді. Біз оның Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) осындай сұрақ қойып, жауабының растығын бақылап, соңынан мақұлдап отырғанына таң қалдық. Содан соң ол кісі: «Енді маған Иманды айт», – деді. Алла Елшісі,(с.а) Аллаһтың оған сәлемі мен сәлемі болсын, былай деді: «Иманның мәні – Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне және ақырет күніне, сондай-ақ жақсылық пен жамандықты Алла тағала алдын ала белгілегеніне сенуіңде». 

Әлгі адам тағы да: «Сен шындықты айттың», – деді.

Содан соң: «Маған енді Ихсан туралы айт», – деді. 

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ихсанның мәні мынада: Аллаһты көріп тұрғандай құлшылық етуің, ал егер оны көрмесең, Оның сені шынымен көріп тұрғандай еске алуың» деп жауап қатты. 

Әлгі кісі бұл жолы: «Енді маған Қиямет күні туралы айт» деді. 

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қиямет туралы сұраған адам да, сұрақ қоюшыдан артық ешнәрсе білмейді», - деді. 

Ол: «Олай болса, оның белгілерін айт», - деді. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Күң әйел өзінің қожайынын туады, адамдар киінгенде жалаңаштанады, кедей қойшылар баспаналарының биіктігі бойынша бір-бірінен асып түсуге тырысқанын көресің. .”
Осы жауаптарды тыңдаған соң, әлгі бейтаныс адам кетіп қалды. Арада біраз уақыт өткенде, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) маған қарап: «Уа, Омар, бұл сұрақтарды кім қойғанын білесің бе?» - деп сұрады. Мен: «Оны Алла және Оның Елшісі жақсырақ біледі», - дедім. Сонда ол: «Расында, сендерге діндеріңді үйрету үшін Жәбірейіл келді», - деді

Дініміздің осы үш құрамдас бөлігінің әрбір тармағымен ислам ғылымының бірнеше саласы жеке-жеке  айналысады. Иман – ақида (ілім) ғылымын, Ислам – фиқһ (ислам құқығы), ал ихсан – тасаууф (жүректі тазарту ғылымы) ғылымының пәні.