Сұрақ: Оразаның ниеті не болып саналады?
Оразаға ниет: «Ниет еттім Алла тағаланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таңның атысынан бастап күннің батысына дейін ұстауға». Алайда ниет осындай оразаны ұстауға сезіну де бола алады. Бұл жағдайда дыбыс шығарып айту міндетті емес.
Сұрақ: Рамазан айының барлық күнінен бірден ниет етуге болады ма?
Ия, ханафи мәзһабы бойынша Рамазан айының барлық оразасына ниет етуге болады, бірақ күнделікті ниет етуге де болады. Бұл жағдайда ниетті келесі түрде айтуға болады: «Ниет еттім Алла тағаланың разылығы үшін Рамазан айының осы күнінің оразасын таңның атысынан бастап күннің батысына дейін ұстауға».
Сұрақ: Рамазан айында мұсылман адам сухурға және таң намазына (фаджр) ұйықтап қалды және таңғы сағат тоғызда бір-ақ оянды. Ол қай уақытқа дейін оразаға ниет ете алады?
Дахуатуль-кубра уақытына дейін – бұл күн тас төбеге шығар алындағы уақыт. Есептеп шығару жолы: мысалы, таң 4:07-де, күннің шығуы 5:37-де, бесін намазының уақыты 12:43-те; таңнан күн шыққанға дейін 1 сағат 30 минут болады, яғни 90 минут, уақыттың жартысы бұл 45 минут; бесін намазы уақтынан 45 минутты шегереміз (12:43 - 45) және 11:58 болады – бұл дахуатуль-кубра уақыты.
Сұрақ: Ораза кезінде мисуак пайдаланудың үкімі қандай?
Ханафи мәзһабы бойынша мисуакты ораза ішінде кез-келген уақытта пайдалануға болады.
Мисуак – Пайғамбарымыз (ﷺ) тістерін тазалау үшін пайдаланған бұтақтың арнайы түрі, көптеген пайдалы емдік құрамға ие.
Сұрақ: Сухур уақыты таң намазы - фаджр басталғанда аяқталады ма? Немесе күн шыққан уақытта ма (яғни фаджр намазының аяқталуынан кейін бе)?
Сухур таң намазы - фаджр басталғанда аяқталады. Сухурды фаджр басталмас бұрын тіс тазалап және ауыз шаюға үлгеру үшін 10 минут қалғанда аяқтаған абзал.
Сұрақ: Егер мен намаз оқымасам, менің оразам жарамды ма?
Ораза (оның ережелері мен ұйғарымдарын сақтаған жағдайда) жарамды, себебі намазды орындау оразаның жарамдылығының шарты болып табылмайды. Бұл әртүрлі және бір біріне байланысы жоқ құлшылық түрі.
Сұрақ: Рамазан айының басында үш күн, ортасында үш күн және аяғында үш күн ауыз бекітсе, онда бір ай ораза ұстаған болып саналады ма?
Мүлдем дұрыс емес. Қасиетті Рамазан айында әр күні ауыз бекіту қажет.
Сұрақ: Ифтар алында не айту керек?
ذَهَبَ الظَّمَأُ، وَابْتَلَّتِ الْعُرُوقُ، وَثَبَتَ الْأَجْرُ إِنْ شَاءَ اللَّهُ
Транскрипциясы:«Захаба-з-зомау вабталлятиль-‘уруку ва сабаталь-аджру иншаАллах»
Аудармасы:
«Шөл басылды, тамырлар нәр алды, әрі, Аллаһ қаласа, сауап та күтіп тұр».
(Әбу Дауд, 2357)
Сұрақ: Тамақтанар алдында оқылатын дұға?
Транскрипциясы:
«Аллаһуммә, бәрик лә-нә фи-һи уә ат-ъимнә хайран-мин-һу!»
Аудармасы:
«Я, Аллаһ! Бұны біз үшін берекелі ет және бізді бұдан да жақсысымен тамақтандыр!»
Сұрақ: Ораза уақытында немен айналысқан абзалырақ?
Егер мүмкін болса өзініңіздің әдеттегі кестеңізді ұстаныңыз: ораза айы ұйқы және қомағайлық айы болмауы тиіс, мұсылман адам демалыс алса, күннің көп бөлігін ұйқымен өткізеді, ал түнде ифтарларға қонаққа барады. Алайда Рамазандағы демалыс - бұл қасиетті айды сезіну және терең бойлау үшін керемет кезең болып табылады.
Уақытыңыздың көбін құлшылықпен өткізіңіз, зікір (Алланы еске алу) санын арттырыңыз, күнделікті ритміңізге нәпіл намаздарын қосыңыз. Оқу үшін діни кітаптар тізімін жасаңыз. Көп дұға (жалбарыну) жасаңыз және Алладан кешірім сұраңыз. Сондай-ақ ифтарда көп тамақ ішпеңіз және сухурға ояныңыз.
Егер сіз ер адам болсаңыз, Тарауықты жіберіп алмаңыз және егер сіз әйел адам болсаңыз тарауыққа үйде болыңыз – бұл үшін әйелге үлкен сауап бар. Әлбетте, Рамазанның соңғы он күнін өткізіп алмаңыз!
Сұрақ: Егер мен сухурға ұйықтап қалсам, оразам жарамды ма?
- Ия, сіздің оразаңыз жарамды.
Сұрақ: Сухур және ифтарға не жеген дұрыс?
- Су мен құрма. Құрма жоқ болса, онда дәрумендерге бай кептірілген жемістерден бір тәтті тағамды.
Хадисте былай айтылған:
«Пайғамбар (ﷺ) оразасын магриб намазын оқу алдында жаңа піскен құрмамен ашқан. Егер онда жаңа піскен құрма болмаса, ол құрғақ құрмамен оразасын ашқан. Егер ол да болмаса, ол аузын бірнеше жұтым сумен ашқан».
Имам Тирмизи және Имам Әбу Дауд бұл хабарды Әнас ибн Мәліктен (р.а). жеткізген (Сунан Тирмизи, 696 хадис және Сунан Әбу Дауд, 2348 хадис. Имам Тирмизи бұл хадисті сенімді (хасан) деп атаған).
«Құрма және оның пайдасы» мақаласына сілтеме
Сұрақ: Рамазан кезінде неке қиюға болады ма?
- Ия, Рамазан кезінде неке қиюға рұқсат етілген.
Сұрақ: Мен спортпен айналысамын. Рамазанда жаттығуды қалай өткізген дұрыс?
- Ифтарға жақын уақытта дайындалыңыз, мысалы, жамағатпен екінті және шам намаздарын өткізіп алмау үшін, жарты сағат қалған кезде. Шамадан көп жаттықпаңыз, әсіресе кардио тұрғысынан.
Егер сіз спорттық тамақтануды қолдансаңыз, онда сухурге казеинді протеин ішуге болады, ол басқаларға қарағанда ақырын қорытылады.
(Рамазан айында спортпен айналысатындарға арналған мақала)
Сұрақ: Ораза кезінде ауызды сумен шаюға болады ма?
- Ия, бірақ бұны су жұтып қоймау үшін мұқият жасау керек.
Сұрақ: Ораза кезінде тіс пастасымен тісті тазалауға болады ма?
- Ораза кезінде тісті тазалауға тыйым салынбаған. Алайда тісті тазалау уақытында суды, пастаны жұтып қоймау үшін аса мұқият болу керек, әйтпесе ораза бұзылады.
Сұрақ: Ораза кезінде сағыз шайнауға болады ма?
- Жоқ, ораза кезінде бұны жасауға болмайды.
Сұрақ: Рамазанның түнінде жыныстық қарым-қатынасқа түсуге болады ма?
- Болады. Жыныстық қарым-қатынасқа тыйым ораза уақытына, күндізгі тәулікке таң атқаннан бастап кеш батқанға дейін қатысты.
Сұрақ: Ораза кезінде тырнақ пен шаш алуға болады ма?
- Болады.
Сұрақ: Егер күн ұзақ болса су ішуге болады және бұл оразаны бұзбайды дейді. Рас па?
- Жоқ, дұрыс емес. Оразаның шартының бірі – құрғақ ашығу. Суды таңның атысынан бастап күн батқанға дейін ішуге болмайды, әйтпесе бұл оразаны бұзады.
Сұрақ: Рамазан жаз уақытында болса, ауызды мекке уақытымен ашуға болады ма?
- Болмайды. Ресми діни басқармамен (ҚМДБ) шығарылған кестеде көрсетілген тұрғылықты өңірдің уақытымен ораза ұстау керек.
Сұрақ: Ораза кезінде жұбайыңды сүюге болады ма?
- Егер сүю ұрық шығуға немесе жыныстық қатынасқа түсуге әкелетін болса, одан бас тартқан абзал. Алайда сүюдің өзі оразаны бұзбайды. Бірақ адам ораза кезінде жұбайының сілекейін жұтып қойса, онда оның оразасы бұзылады.
Сұрақ: Мен сұрап білгім келеді, жаз кезінде күн мүлде шықпайтын Исландия секілді жерде тұратын адамдар оразаны қалай ұстайды?
- Ғалымдардың ойлары жазда күн шықпайтын, ал қыста мүлдем пайда болмайтын заполярлы ендікте қалай ораза ұстауға болатыны жөнінде көзқарастарда екіге бөлінді. Төменде біз осы пікірлерді келтіреміз. Мүфтий Рашид Ахмад Людьяни (Алла оны рақымына алсын) адамға осы ойлардың біреуін таңдауға рұқсат беруге болады деп санаған:
1. Шафиғи мәзһабының пікіріне сүйенуге болады, оның ғалымдары күн мен түнде айырмашылық бар жақын жергілікті жер бойынша күннің бату мен шығу уақытына сүйенуге болады деп есептейді, яғни нақты түрде адам бір нәрсе жеуге үлгеру уақытының қысқа аралығынан басқа, оразаны жиырма төрт сағат дерлік ұстауға тиісті.
2. Әрбір жиырма төрт сағатта адамға оразаны үзуге және бір нәрсе жеуге рұқсат етіледі, яғни алғашқы екі тармақтағы шешім бірдей дерлік болады.
3. Күн мен түннің арасында айырмашылық бар болған жылдың мезгілінде оразаны өтеуге рұқсат етіледі.
4. Осы елді мекенде жылдың соңғы күнінде күн мен түннің арасында айырмашылық бар болған кезде, екінті намазының басталуы мен күннің батуы арасындағы уақыт аралығын есептеу қажет. Поляр күнінің басталуымен осы уақыттың келіп жетуінен кейін ифтар жасауға болады (Ахсан аль-фатава, 2/113)
Сілтеме: Azan.kz
Tayyab карталарымен төлем жасап, ауызашарға 100% кэшбек қайтарып алыңыз!
⠀
Конкурс шарттары:
1. Tayyab карталарымен ауызашарыңызды төлеу, уақыты 19.00-22.00 аралығында (шектеу 50 000 тг)
2. Пост астына "+" белгілеу
- Жеңімпазды келесі күні кездейсоқ таңдап, кэшбэк қайтарамыз (direct-те телефон нөміріңіз мен чекті сұраймыз, шарттарды таңғы 10.00-ге дейін орындауға үлгеріңіз)
- Сіздің қалаңыздың барлық мекемелері қатысады (барлар, клубтар және т. б. қоспағанда)
- Науқан мерзімі Рамазан айының соңына дейін (нәтижелері күн сайын 14.00-де stories-те жарияланады)
Айтпақшы, әр жұма күні «Ифтаритет» жеңімпазы таңдалады, ол Ramadan-Qurban 2022 шектеулі футболкаларының жиынтығын сыйға алады, тек бір апта ішінде Tayyab карталарымен жиі төлейтіндердің арасында!