Сұрақ: Егер əйел адам Рамазан айының бір күнінде етеккірінен (хайыз) тазарса, оның келесі əрекеттері қандай?
Тазартылған соң бұл күні оразаны бұзатын барлық нəрселерден аулақ болады. Бұл Рамазан айын құрметтеуі. Жəне осы күнді қоса алғанда, оразаның барлық қазасын өтеуі керек.
Сұрақ: Егер Рамазан айының бір күнінде əйел адамның етеккірі басталса, не істеу керек?
Оразасын тоқтатып, кейін сол күннің қазасын өтеуі керек. Оразаны жалғастырып, еліктеуге де болмайды (яғни, тамақ ішпей жүре беру). Ең болмағанда су ішу керек, сыртқы əрекетпен оразаны бұзу керек.
Сұрақ: Əйелдің жыныс мүшелеріне судың түсуі оразаны бұзады ма?
Жоқ.
Сұрақ: Гинекологқа қаралу оразаны бұзады ма?
Жоқ.
Сұрақ: Рамазан айының күндізгі уақытында ораза ұстаған əйелге тамақтың дəмін татуға бола ма?
Бұл əрекет оразаны бұзбайды, бірақ күйеуі тамаққа өте талғампаздық танытатын болса жəне оның қалауына сай пісіру қажет болған жағдайда, тамақтың дəмін татып көруге болады. Бұл тамақты жеп жұту жайлы емес, тек дəмін татып көретін жағдай туралы айтып отырмыз.
Дəмін татып жатқан кезде тамақты жұту оразаны бұзады жəне харам.
Сұрақ: Рамазан айында боянуға бола ма?
Үйде, жұбайының алдында немесе махрамдардың алдында болса, болады. Басқа жағдайларда, тыйым салынған. Бұл үкім Рамазан айынан тыс уақытта да жүреді.
Сұрақ:#nbsp;Рамазан айында ораза кезінде денеге крем жағуға болады ма?
Жағуға болады, бұл постты бұзбайды.
Сұрақ:#nbsp;Етеккірі кезінде екі əйел адам Рамазан айында түскі асты бірге ішсе бола ма?
Болады, бірақ қоғамдық орында тамақтанбаған дұрыс.
Сұрақ: Егер əйел адам хиджаб кимесе, ораза ұстауына бола ма?
Оған ораза ұстау міндет.
Сұрақ: Егер мен жүкті болсам, ораза ұстамай-ақ қойсам бола ма?
«Сапарда жүргендер намаздан жартылай, ал жүкті жəне бала емізетін əйелдер оразадан толық босатылған» (Тирмизи, Саум, 21; Ибн Мажа, Сиям, 12; Насаи, Сиям, 51).
Жүктілік жəне емізу кезінде ораза ұстау əйелдің өзіне де, балаға да зиян келтіруі мүмкін болғандықтан, жүкті жəне бала емізетін əйелдерге ораза ұстау парыз емес. Сондықтан емізу немесе жүктілік кезінде өз денсаулығына немесе құрсағындағы нəрестенің денсаулығына зиян тигізу қорқынышы болса, оразаны кейінге қалдырып,кейінірек толықтыруға болады. Ораза ұстау осы екі санаттағы əйелдерге парыз болмағандықтан, басқа уақытта қазасын өтеуі керек. Оған шамасы келмесе, «фидя» береді.
Сұрақ:#nbsp;Мен бала емізіп жатырмын. Ораза ұстамай-ақ қойсам бола ма?
Болады, алдағы жауапта нақтырақ жазылған.
Сұрақ: Мен бала еміземін жəне ораза ұстаймын, бірақ сүтім жетпей қала ма деп қорқамын. Оразамды бұзуым керек пе?
Егер сіздің немесе балаңыздың денсаулығына қауіпі болса, оразаны ашып жіберуге болады. Бірақ əдетте ораза емшек сүтінің мөлшеріне айтарлықтай əсер етпейді, ұзақ күннің соңына таман əсер етуі мүмкін.
Сұрақ:#nbsp;Рамазан айында балаларды неге баулу керек?
Ең алдымен Рамазан айында балаларға оразаның қадір-қасиетін, өзін қалай ұстау керектігін үлгі етіп көрсету керек. Балаларыңызбен Рамазан айы жайлы кітап оқыңыз (егер балаңыздың жасы үлкен болса, сіз «Рамазан құндылықтары» атты кітабын ала аласыз), бірге ифтар дұғасын үйреніңіз, бірнеше жаңа сүре үйреніңіз.
Сұрақ:#nbsp;Ауызашар (Ифтар) үшін ең абзал тағам қандай?
Оразаны құрма не сумен ашқан дұрыс. Арнайы бір тағамдар жоқ. Рамазан бұл тамақты ысырап ететін ай емес екенін есте сақтаңыз. Ең болмағанда алғашқы он күннің мəзірін алдын ала ойластырып қойған дұрыс. Жалпы, ауызашарға (ифтар) жеңіл ас болғаны жөн. Көкөністер, жемістер, əртүрлі сусындар көбірек болса дұрыс: смузи,сүт коктейльдері, үй лимонадтары, кампот!
Сұрақ: Менің қызым алты жаста, ораза ұстағысы келеді. Бұл оның денсаулығына зиян емес пе? Себебі күндер де өте ұзақ...
Ай күнтізбесі бойынша бала жеті жасқа толғанда ата-анасы оны намазға, ораза ұстауға баулу керек. Егер балаға оразаны соңына дейін ұстау қиынға соғып жатса, тамақ ішсін. Мұндағы мақсат оны ғибадат етуге үйрете беру.
Сұрақ: Мен сурьманы түнде көзімнің астына жағып қойған едім, ал таңертең тұрсам аузым мен мұрныма сурьма жағылып қалыпты. Бұл оразаны бұзады ма?
Рамазан айында сурьманы пайдалану рұқсат етілген. Мұрыннан немесе ауыздан шыққан сурьма бөлшектері оразаны бұзбайды («Əл-Фатауа əл-Хиндия», 5-том, 274- бет).
Сілтеме: Azan.kz
Tayyab карталарымен төлем жасап, ауызашарға 100% кэшбек қайтарып алыңыз!
⠀
Конкурс шарттары:
1. Tayyab карталарымен ауызашарыңызды төлеу, уақыты 19.00-22.00 аралығында (шектеу 50 000 тг)
2. Пост астына "+" белгілеу
- Жеңімпазды келесі күні кездейсоқ таңдап, кэшбэк қайтарамыз (direct-те телефон нөміріңіз мен чекті сұраймыз, шарттарды таңғы 10.00-ге дейін орындауға үлгеріңіз)
- Сіздің қалаңыздың барлық мекемелері қатысады (барлар, клубтар және т. б. қоспағанда)
- Науқан мерзімі Рамазан айының соңына дейін (нәтижелері күн сайын 14.00-де stories-те жарияланады)
Айтпақшы, әр жұма күні «Ифтаритет» жеңімпазы таңдалады, ол Ramadan-Qurban 2022 шектеулі футболкаларының жиынтығын сыйға алады, тек бір апта ішінде Tayyab карталарымен жиі төлейтіндердің арасында!