Бұл мерекені Қасиетті Рамазан айының аяқталу құрметі ретінде Шәуәл айының алғашқы үш күнінде атап өтеді. Ораза Айт мейрамын 624 жылы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) белгіледі деген деректер бар.
Бұл мереке қалай тойланады?
Дәл осы күні әлемнің әр түкпіріндегі мұсылман баласы бір-біріне ілтипат танытып, «Айт Мүбарак!» (Мереке құтты болсын!) деп құттықтау сөздерін айтады. Мұсылман елдерінің көпшілігінде Ораза айт демалыс күні болып есептеледі және бұл күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.Мұсылман қауымы бұл күні дәрет алып, сәнді киімдерін киіп, жамағатпен Айт намазын оқу үшін мешітке барады.
Әлемнің барлық мешіттерінде жылына тек бір-ақ рет айт намазы оқылады.
Айт намазының ерекшеліктері
Айт намазы күн шыққан кезде басталып, бесін намазына дейін жалғасады.Әл-Бара ибн Азибтан жеткен хадисте Айт намазы жайлы былай дейді:
«Мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім: «Ақиқатында, біз бүгінгі күнді ең әуелі намаздан бастаймыз. Ал күн таң рауандағанда басталады», - деген.
Ал, кімде кім намазды жамағатпен бірге, имамға қосылып оқуға үлгермесе, бесін намазына дейінгі аралықта өзі жалғыз оқи берсін, намазы қабыл болады.
Ал, егер де, мұсылман баласы Айт намазын түрлі себептермен үлгермей, жіберіп алса, басқа намаздар секілді оның қазасын оқып (өтеуін өтеп), түгендеуге болады дейді,- дін өкілдері.
Сахаба Омар: «Құрбан айт мерекесінде екі рәкәғат намаз оқылатыны секілді, Ораза айт намазы да екі рәкағаттан тұрады», - деген.
Айт намазын сәл кешірек оқуға болады, бірақ, күн тас төбеден ауып кетпеуі қажет.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) солай жасайтын болған.
Мейрам күні міскіндерге қарайласып, пітір-садақа, зекет берген абзал. Мейрамның түпкі мәні осында жатыр. Әйтсе де, мұндай игі істерді айт намазынан бұрын жасаған дұрыс. Бұл мерзімнің Рамазан айынан Айт намазына дейін созылуы — зекет тарату уақытын ұзартады. Әдетте мүміндер садақаны кедейлерге, мұқтаж адамдарға, саяхатшыларға береді.
Зекет беріп, міскіндерге қарайласу рәсімі — Ислам дінінің бес парызына кіреді.
Бұл күні қандай игі амалдарды дәстүрге айналдырған дұрыс?
Айт намазынан кейін мұсылмандар дастархан жаяды. Бір- біріне қонаққа барып, туған-туыс, жақындарына, науқас адамдарға сый-сияпат тарту етеді.
Балаларға түрлі ойындар ұйымдастырып, қонаққа қыдыртып, тәттілер үлестіріледі. Бұл уақытта барлығы бір-бірінен кешірім сұрап, бақилық болған жақындарының қабірін зиярат етеді. Марқұмдарға арнайы Құран бағыштап, Алладан олар үшін рахым тілейді.
Мерекенің мән- маңызы...
Бір қызығы, Ислам дінінде мерекені жылына екі-ақ мәрте мереке тойланады екен.Оның бірі – Ораза айт болса, екіншісі – Құрбан айт. Мұсылмандар бұл екі мерекені де Аллаға құлшылық-ғибадатпен өткізеді.
Ораза айт мерекесін Рамазан айының оразасынан кейін тойлау парыз етілген.
Оған дейін барлық мұсылман баласы етене араласып, дастархандас болудан, орынсыз ішіп-жеуден аулақ болғаны жөн.
Осылайша, ораза кезінде зор мүмкіндікке ие болады: құмарлықтарын тыйып, күнәларына тәбе қылып, жағымсыз әдеттерден арылып, ашу-ызасын тізгіндейді.
Ал Құрбан айт мерекесі мұсылмандардың жыл сайынғы қажылық парызын өтеген кезінде тойланады.
Осылайша, мұсылмандар нәпсісін тізгіндеп, күш-жігерін жұмылдырып, істеген амалдарына тәнті болады. Мерекені тойлайды. Ислам дініндегі меррекені атап өтудің мәні осындай.
Айт мүбәрәк болсын!
Бір мезетте көңілің шат болғанымен, екінші жағынан әлдебір қимастық бар...Ұлық мерекенің келіп жеткені қаншалықты қуантса да, Рамазанның берекелі күндерінің көзді ашып-жұмғанша өте шыққаны қынжылтады. Енді, Алла қаласа, тек бір жыл өткен соң ғана, қасиетті Рамазанның мейірімге толы шапағатын сезе аласыз.
Әлбетте, Ораза Айт — Рамазанның қайырлы аяқталғанын сүйіншілейтін айрықша мереке.
Әйтсе де, ізгі амалдар осы мерекемен тоқтап қалады деген сөз емес.
Керісінше, мұсылмандар мерекеден кейін де Жаратушымыздың разылығына жету үшін бұдан да зор құлшыныспен жақсылық жасауы керек.
Ал әзірге баршаңызды Ораза айт мерекесімен құттықтаймыз. Жәбир бин Нәфирден жеткен хадисте: «Сахабалар айт күні кездескенде, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір-біріне: «Алла бізден де, сізден де разы болсын», - деген.
Олай болса, Құрбан айт мерекесі құтты болсын, Мұсылмандар бауырлар!
Сілтеме: muftiyat.kz