Tayyab Journal / QAZ

Оразаны жұмыспен біріктіру туралы сұрақтарды талдау

Бұл мақалада қасиетті Рамазан айында ораза ұстау мен жұмысты біріктіру туралы жиі қойылатын сұрақтарды талдаймыз

Сұрақ: Менің жұмысым өте ауыр. Маған ораза ұстамауға бола ма?


Осы жұмысқа ұқсас ауыр жұмыстар жасау Ораза тұтуға мүмкіндігі жоқ мұсылмандар үшін дұрыс емес. Бірақ та мынадай жағдайлар болуы мүмкін, кейде адам баласы ауыр жұмыс істеуге мүдделі болады. 


Бұл сонымен қатар жылдық егінге (астық өнімі) байланысты мерзімдік ауылшаруашылық жұмыстар болады. Себебі, бұл жұмыстардың нақты белгіленген күндері бар, сондықтан олардан бас тарту барлық егіннің (астық өнімі) жойылып кетуі қауіпті. 


Егер де қандай да бір адам осыған ұқсас жұмыстарда жүрсе, ораза ұстау оның денсаулығына зиян келтіретіндігінен сақтану қажет болса, ондай күндері ораза ұстамауға болады. Ол адам қатты ыстықтан және ашыққаннан оразаны тұтпаған адаммен бірдей, сондықтан оразаны ұстамаған күндерін өтеуі қажет, бірақ фидиямен беруге міндетті емес.

Сұрақ: Рамазанда жұмыста шашыраңқы оймен шаршап жүрген адамға қандай кеңес бересіз? 

Рамазанда кезекті демалыс алғаныңыз дұрыс.

Сұрақ: Мен жұмыста ислам дінін ұстамайтындармен бірге жұмыс істеймін. Олар Рамазанда түскі ас ішуге барады. Маған ас ішпей олармен бірге отыруыма бола ма?

Егер бұл сіздің оразаны тұтуға кедергі болмаса, онда болады.
​​​​
Сұрақ: Рамазан уақыты таяу қалды. Осы кезде мен дәрігер-физиотерапевт ретінде тәжірибеден өтуіме тура келеді, яғни емделушіні қабылдау барысында, денеге қол тигізу қажет болады, ал емделушілер қатарында әйелдер мен ерлер де кездеседі. Мұндай жұмысты Рамазанда жасауға бола ма? 


Дәрігерлік ұстаным бойынша науқас адамның денесінің ауырмайтын мүшесін көру немесе қол тигізу медициналық тұрғыда қажеттілік болып табылады. Дегенмен науқас адамның денесінің ауырған жерін (өзге жері емес) ғана көруге немесе қол тигізуге болады, бұл жағдай әсіресе әйелдердің емделуші ер адамға, ер адамның емделуші әйел адамға қатысты айтылған. 


Егер сіз дәрігер болсаңыз, осыны ескергеніңіз жөн. Жас адам науқасты емдеу кезінде өзінің құштарлығын бақылауы маңызды, бұл әсіресе әйелдің науқас ер адамды, ердің науқас әйел адамды емдеу барысында ескеретін жәйттар. Алладан қорқыңыздар және есте сақтаңыздар, сіздер қиямет күні Алланың алдында әдепсіз көзқарастарыңыз үшін немесе ынтызарлықпен қарағандарыңыз үшін жауап бересіздер. 

Рамазанда әйелдің ер адамды, ердің әйел адамды емдеуіне рұқсат. 

Алла Тағалаға барлығын білуші. 

Сілтеме: azan.kz

Сұрақ-жауап Пайдалы кеңестер