Мұсылмандар жиі қайталайтын СубханАллаһ, МашАллаһ, Иншаллаһ, Аллаһу Әкбар сөздердің мағынасы
Біз, мұсылмандар, бір-бірімізбен қарым-қатынас барысында үнемі «ИншаАллаһ», «Астағфируллаһ», «МашАллаһ», «Аллаһу Әкбар», «СубханАллаһ» сөздерін және осыған ұқсас өзге де сөз тіркестерін жиі қолданып жатамыз.
Бірақ, бұл тіркестердің мағынасы қандай, не үшін, қандай қандай жағдайларда айтылу қажет екенін білеміз бе?
Анығында бұл сөздердің мән-мағынасы болуы шарт, бей-беркет, кез-келген сөзімізге қыстыра салуға болмайды.
Әңгіме барысында, МашАлла немесе Иншалла деген сөздер қолданар болса, тіл-көзден, шайтанның айла-амалынан сақтап тұрады.
Ислам дінінде әрбір сөздің маңызы ерекше.
Бір ауыз сөздің өзі Алла Тағаланың қаһарын оятып, қатаң сөгіс пен жазаға апарып соғуы мүмкін. Мұсылман баласы үшін тілді меңгеру – өнегелі өмірдің бір бөлігі саналады. Тіл игеру ұзақ уақытты, табандылық пен күш-жігерді талап етеді, әйтсе де, кейде тіпті Алланың сауабынан айырып, адамды тозаққа сүйреуі мүмкін.
Енді, тірлікте жиі қолданатын әрбір сөздің мән-мағынасын толығырақ тарқатайық.
Машалла: «Маша Аллах» сөзінің мағынасы мен аудармасы
Машалла (Маша Аллах деп жазған дұрысырақ болар еді) қазақ тіліне аударғанда мағынасы «Аллаһ қаласа!» дегенді білдіреді.
Бұл сөзді айтқан кезде адам өзінің бір нәрсеге деген (зат немесе құбылыс) разылығын, сұқ көзден сақтау, жамандықтан қорғану ниетін білдіреді. Аллаһу Әкбар: Аллаһу Әкбар тіркесі нені білдіреді
Аллаһу Әкбар – Исламдағы ең маңызды сөз тіркесі.
Ол «Алла ұлық» немесе «Алла құдіретті» немесе «Аллаһ бәрінен жоғары» деп аударылады. Бұл сөздер арқылы ішкі разылықты, қуаныш пен шаттық нышанын танытуға болады, сондай-ақ, Алла Тағаладан рахым тілеп, көмек сұрау кезінде де жиі қолданылады.
Иншалла: Инша Аллах сөзінің мағынасы
Иншалла (инша Аллаһ) тіркесі тура мағынасында «Алла қаласа» деп аударылады, бірақ мұсылмандар оны «Алла қалауымен» деген мағынада айтады.
Бұл сөз Алла Тағаланың бәрін әуел бастан алдын ала белгілегенін білдіреді.
Аталған сөз қандай да бір амал- әрекетті орындау үшін ізгі ниет ретінде қолданылады. Сонымен қатар, Иншалла мүміннің Алла Тағалаға беретін уәдесінің бір түрі.
Егер адам осы сөзді ықыласымен айтар болса, әлдебір амалын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салатынын байқатады.
Астағфируллаһ: аудармасы мен мағынасы
Астағфируллаһ «Алладан кешірім сұраймын» деп аударылады.
Сөз тіркесін адам қиын жағдайға тап келіп, тығырыққа тірелгенде айтады. Мысалы, оқыстан қарсы алдынан қалың әскер шыға келсе, мұсылман баласы бірден: «Астағфируллаһ» дейді. Яғни, «Құдай сақтасын!» деген сөз. Бұл сөздің "Жаратқан жар болсын" деген екінші бір нұсқасы да бар. Осылайша, адам Алла Тағаланың бәле-жаладан сақтауын тілейді. Бұл сөз зікір ретінде де жиі айтылады.
Сонымен қатар, мұсылман баласы әлденеге қатты таңданып, қайран қалған кездерде мына бір сөзді аузына алады. "Сұбханаллах!". Ал, бұл сөз тіркесі «Ұлық Алла» немесе «Кемшіліксіз, тұнық Алла» деген мағынаға сай келеді.
Мұсылмандар Алла Тағаланың есімін айтып, «Субханаху уа Тағала» деп қосады. Бұл тіркестің аудармасы: «Алла Тағала Ұлық әрі Құдіретті» дегенге сай келеді. Баракаллаху фикум: қазақша баламасы қандай және сөздің мағынасы нені білдіреді
«Баракаллаху фикум» деген өте күрделі тіркесті араб тілін жетік білетін адамдар жиі қолданады.
Ізгілік жолын дәріптеп, жұртқа хадистерді насихаттау барысында айтып жатады.
Қазақша аудармасы: «Алла саған береке берсін».
Тағы бір ескертетін жайт: «фикум» сөзін айтушы адам қарсы алдына қаншалықты адам жиналғанын ескеруі тиіс. Яғни, бұл сөз көпше түрде, көпшілікке қарата айтылады. Демек, «Бәрәкаллаһу фикум» «Аллаһ сендерге (барлығына, көбіне) береке берсін» дегенді білдіреді.
Егер, уағыз айтатын адамның қарсы алдында бір ғана ер адам тұрса, оған «фиқа» сөзі, ал, бір әйел болса «фики» сөзі айтылуы тиіс.
Бұл сөздер қолданыста кеңірек тараған.
Аллаһ йахдик: бұл нені білдіреді және қалай аударылады
«Аллаһ йахдик» тіркесін араб тілінен қазақ тіліне «Аллаһ сені тура жолға салсын» деп аударуға болады.
Аталған сөз арқылы адамның шалыс басып, қателескенін білдіру тұрғысында қолданады. Діндегі тыйым салынған, иманға қауіпті деп танылған амалға қатысты қарсылығын байқатады.
Сөзді қолдану барысында мұсылман баласы араб тілінің грамматикалық ерекшелігін ескеруі қажет.
Аузубилла: аудармасы қандай және нені білдіреді
Егер адам бір нәрседен секем алып, ол жағдайдың басына түспеуін қалайтын болса: «Аузубилләһ» (Алланың қорғауына жүгінемін) деп айтады.
Мұсылман әлемінде осы аталған сөз тіркестері кеңінен таралған, әйтсе де, осы іспетті ондаған, тіпті жүздеген сөз тіркестері бар.
Рухани кемелдікке жету жолын іздеген сахабаларына Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өзі арнайы осы сөздерді үйреткен.
Әбу Һурайрадан жеткен екі түрлі сахих хадисте де бұл жайлы былай дейді:
Бірде Алланың Елшісіне кедей мұхажирлер келіп: "Олар, «Бірде Алланың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) кедей мухаджирлер келіп: «Байлыққа ие болған адамдар ең жоғары дәрежеге көтерілді және мәңгілік бақытқа қол жеткізді!» - дейді. Сонда бұл сөздің мәнісін білгісі келген Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл не дегенің?» - деп сұрайды. " Ауқатты адамдар да біз секілді құлшылығын жасайды, біз секілді ораза тұтып, ауыз бекітеді. Әйтсе де, олардың артықшылығы сол, зекет беріп, қайырымдылық жасай алады, ал ол бізге бұйырмаған, олар құлды азат етіп, сауапқа кенеледі, бізде ондай мүмкіндік жоқ қой! " деп кейіс білдіреді. Сол кезде Алла Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) оларға жауап ретінде былай тіл қатады: «Олай болса, сендерден озық кеткендерді басып озатын, сендер жасағанды жасамағандар, әсте қуып жете алмайтын бір амал үйретейін бе? Олай болса, мына сөздерді әр намаздан соң отыз үш мәрте ықыласпен қайталаңдар: «Аллаһқа мақтаулар болсын» / Субханә-Ләһ / ’, «Аллаһқа мадақтар болсын» / Әл-хамдули-Ләһ/ және Аллаһ ұлық / Аллаһу Әкбар / сөздерін айт!’’. Содан кейін кедей мухажирлер (қайтадан) Алла Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Бай бауырларымыз біздің істеп жатқанымызды біліп, олар да дәл солай қайталай бастады !'' дейді. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл Алланың мейірімі, Ол кімге қаласа, соған жөн көрсетеді», - деді» (Фатхул-Бари 2/378).