Tayyab Journal / QAZ

Айт намазы қалай оқылады?

Сұрақ: Айт намазы қалай оқылады?

Жауап: Айт намазы шамамен күн шыққаннан кейін 20-30 минут өткенде барып оқылады. Намаз уақыты кірген соң жамағат сапқа тұрып, имамға еріп, айт намазын оқуға ниет етеді. Өз кезегінде айт намазын имам басқарып, жамағатты ұйытуға ниеттенеді.
Осыдан соң имам тәкбір айтып, намазға көшеді.

Жамағат та имамды қайталап, тәкбір айтады. Әрбір намазда тәкпір кіріспе ретінде оқылады, және әрбір намазда бар. Тәкбірден кейін әркім ішінен «Субханакә» дұғасын оқиды. Осыдан кейін имам екі қолын құлағының тұсына көтеріп, қатарынан үш мәрте тәкбір айтады. Жамағат та қайталайды. Бірінші және екінші тәкбірден кейін қолдарын төменге қарай түсіріп, үшінші тәкбірден соң асқазан тұсына апарады. Мұндай қосымша тәкбірлер уәжіп саналады. 

Осыдан кейін имам ішінен «Аузу-бисмилләһ» деп айтып, әл-Фатиха және қосымша сүрені дауыстап оқиды. Содан соң рукуғ пен сәжде жасалып, имам мен жамағат екінші рәкатқа тұрады.

Екінші рәкатта имам тағы да ішінен «Бисмилләһ» сөзін айтып, «Фатиха» және қосымша сүрені дауыстап оқиды, соңынан құлағының тұсына қолдарын апарып, үш қайтара тәкпірді қайталайды. 

Үшінші рәкәттың ерекшелігі сол, мұнда тәкбірден кейін «Аллаһу әкбар» деген сөз оқылған соң қолдар бір-біріне айқастырылады. 

Ал, төртінші тәкбір – рукуғ тәкбірі. Рукуғтан кейін сәжде жасалып, әттахият, салауат дұғалары оқылып, сәлем беріледі. Айт намазы осылай орындалады.
Намаздан кейін имам мінберге көтеріледі де, тік тұрып мерекелік уағыз жүргізеді. 

Мерекелік хутба тәкпірден басталып, екі бөліктен тұрады. Имамға ерген жамағат бұл тәкбірлерді ішінен қайталайды. Айт кезінде мереке намазын жылдам оқу – мұстахап саналады. 

Хутба біткен соң жамағат дұға жасап, үйлеріне тарайды.

Сілтеме: Islam Today

Сұрақ-жауап