Сұрақ: Рамазан айында демалысты қалай өткізген дұрыс?
Жауап: Кіші қажылық — умраға барған жөн. Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен рахымы болсын) былай дейді: "Анығында Рамазан айындағы умра — менімен бірге қажылыққа барғанмен тең" (Әл Бухари мен Муслим)
Аталған ұсыныс Қазақстанның мемлекеттік органдары тарапынан және САП талаптары негізінде жүзеге асатын карантин мен өзге де шектеу шараларынан тыс уақыттарда жүзеге асырылады.
Сұрақ: Ораза кезінде суда жүзуге бола ма?
Жауап: Суға толықтай сүңгудің қажеті жоқ. Су мұрын мен ауызға кіріп кетеуі ықтимал. Ал, Су құлаққа кірсе, одан ораза бұзылмайды.
Сұрақ: Егер, демалысымды өзге бір елде өткізер болсам, ораза ұстамауға рұқсат па?
Жауап: Егер сіз, біздің діни ұстаным тұрғысынан жолаушы ретінде танылсаңыз (атап айтқанда, өзге елдімекенде 15 күнге дейін, бәлкім одан аз уақытқа барсаңыз, ол жер 90 шақырым қашықта болса) ораза тұту шарт емес. Басқа жағдайда, оразаны жосықсыз бұзбаған жөн.
Сұрақ: Ұшақпен ұзақ ұшамын. Аср уақытын ұшақта өткіземін. Ұзаққа дейін күннің батуы сезілмейді. Ауызды қай уақытта ашқаным дұрыс?
Жауап: Күн ұясына батқанын көрген мезетте ашасыз. Және, айта кетерлігі, қазір ұялы телефондарда ұшақта ұшу кезіндегі ауызашар уақыты мен қыбыланы нақты көрсетіп тұратын арнайы қосымшалар бар.
Сұрақ: Жұмыс барысымен басқа қалаға жол жүрсем, ораза тұтпауыма бола ма?
Жауап: Егер сіз, біздің діни ұстаным бойынша жолаушы ретінде танылсаңыз (атап айтқанда, өзге елдімекенде 15 күнге дейін, бәлкім одан аз уақытқа барсаңыз, ол жер 90 шақырым қашықта болса) ораза тұту шарт емес. Басқа жағдайда, оразаны жосықсыз бұзбаған жөн.
Сұрақ: Сапарда жүріп ораза ұстай берсем, оным есепке алына ма?
Жауап: Иә, оразаңыз есепке алынады.
Сұрақ: Арасы 55 шақырым болатын көрші қалаға екі күндік сапарға шықсам, ол жақта ораза тұтпауға бола ма?
Жауап: Болмайды, шариғат заңдылығы бойынша сіз жолаушы боп танылмайсыз, себебі, өз үйіңізден 90 шақырым қашықта емессіз.
Сілтеме: azan.kz