Бұған ішімдік, кез келген зиянды сусындар мен есiрткi заттар, қоғамның рухани азғындығына апаратын өнiмдер, шошқа етi, сондай-ақ соған байланысты сауда, тасымалдау жатады, жарнама мен осыған байланысты кез келген делдалдық қызмет те кіреді.
«Шынайы түрде сендерге өлексені (арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды. Сонда кім мәжбүрленсе, қарсылық қылмаса, шектен шықпаса оған кінә жоқ. Күдіксіз Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді» делінген (Құран, 2:173).
Өндіріс пен сауданың осындай тыйым салынған түрлерін дамытуға да, оларға көмектесуге де болмайды. Ислам бойынша мұндай қорларды қаржыландырып, инвестиция құюға да тыйым салынған.
2. Тауарларды алдап сатуға («габн»), салмақ азайтып,, сондай-ақ тауардың кемшін тұстарын жасыруға («тадлис», «гиш») тыйым бар.
Қасиетті Құран аяттарында былай делінген:
"Жетімнің мал-мүлкін өзі ержеткенше оның өз жақсылығына істетуден тыс, (әдетте) оған тиіспеңдер. Таразы-өлшеуіштерді дұрыс ұстаңдар. Ешқандай адамды шамасынан артыққа зорламаймыз. Сөзде (төрелік айту, немесе куә болуда) әділ болыңдар, әрқандай жақының болса да. А...-ға берген уәдені орындаңдар. Ғибрат алуларың үшін А... сендерге осыларды өсиет етеді. (Құран, 6:152)
Уа, халқым! Адалдықпен өлшеңдер және таразылаңдар, адамдарды [мәміледе] алдамаңдар, жер бетінде жамандық жасамаңдар. (Құран, 11:85)
Бұл тыйым тауардағы кез-келген ақауды жасырмау қажеттігін меңзейді: жасырып қалу, анық болса да мойындамау, сапасыз өнімді ұсыну дұрыс емес. Нендей кемшілігі болса да, сатушы (өндіруші) ашып айтып, сатып алушыны хабардар ету қажет.
Хадистердің бірінде былай делінген:
«Жалған ант тауардың жылдам сатылуына ықпал етеді, әйтсе де, игіліктен айырады» (әл-Бұхари, Муслим).
Тиісінше, тауардың көбірек өтуі үшін өнімнің жарамдылық мерзімін қасақана өзгерту де күнә амалдардың қатарынан. Кепілдік мерзімін бұрмалау, жаңа ғана шыққан өнім ретінде ұсынуға да қатаң тыйым салынған.
Әсіресе, жарнаманың рөлі маңызды. Себебі, жұрт әуелі жарнамасына елітіп, үлкен сеніммен, сатып алуға дайын келеді. Дәл осы жарнама оның сатып алуына ықпал еткен.
3. Ақшалай қаражатты (өзге мүлікті) пайызбен қарызға беруге немесе алуға, тең емес айырбастауға тыйым салу ("риба")
Сондай өciм жегендер, (қабырларынан) жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады. Бұл олардың: “Сауда да бейне өciм” дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Алла сауданы халал, өciмді харам еткен. Сонда кім Раббынан насихат келгенде тыйылса өткені өтіп кетті. Оның ici Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, мінe солар тозақтық. Олар онда мәңгі қалады.
Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әpi Алла барлық қарсы келуші күнәкарды жақсы көрмейді.(Құран, 2:275-276)
Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар. Егер сенсеңдер өсімнен қалып қалған (аласыларыңды) қалдырыңдар (алмаңдар). (Құран, 2:278)
Мыналарға назар аударған жөн: Ислам нормалары пайыздарды төлеуге және алуға тыйым салатындықтан, олар пайда табуды мақұлдамайды немесе қолма-қол ақшаға немесе бартерлік экономикаға оралуға шақырады дегенді білдірмейді. Исламдық қаржы институттары пайызсыз несиелеумен айналысатын қайырымдылық ұйымдары деген қате түсінік. "Кард хасан" пайызсыз несиелерін Ислам бизнесі субъектілерге қолданады, бірақ шектеулі көлемде.
Ислам банкінің салымшыларын банк пайда тапқан кезде дивиденд алатын инвесторлармен немесе акционерлермен салыстыруға болады немесе егер банк шығынды талап етсе, жинақтарының бір бөлігін жоғалтады. Мұндағы мәселе исламдық келісімнен түсетін пайданы жобаның қайтарымы мен сапасына байланыстыру, осылайша байлықтың әділ бөлінуін қамтамасыз ету.
4. Мәжбүрлеуге тыйым салу («икрах»)
Кез келген мәміле оның барлық қатысушыларының ерікті келісімімен жасалуы және тараптардың ешқайсысын қолайсыз экономикалық жағдайға ұшыратпауы керек.
5. Қайыр сұрауға және талап қоюға тыйым салу
Құранда нағыз мұқтаждар туралы былай делінген:
« Сондай Алла жолында қамалып шықпай отырған, жер жүзінде жүре алмайтын, білмегендер, оларды абырой сақтағандықтарынан бай деп ойлайтын пақырларға беріңдер. Оларды бейнесінен-ақ танисың. Олар адамдарға жабысып сұрамайды. Сендер не қайыр берсеңдер расында Алла (Т.) оны біледі...» (Бақара сүресі, 273-аят).
Қайыр сұрау - өнімді еңбекке қарағанда, табыстың сотталған түрі.
Қайыр сұраудың өнімді еңбектен айырмашылығы, — тапқан табыстың құпталмаған, айып саналатын түрі.
6. Тапшылық туғызу мақсатында тауарларды ұстауға тыйым салу
Алла Елшісінің (ﷺ) былай дегені белгілі:
«Тауарды баға көтерілгенше ұстаған адам күнәһар».
Монополияға тыйым салудың мәні адамдардың көпшілігіне зиян келтірмеу болып табылады.
7. Құмар ойындарға тыйым салу
8. Пара жоқ
Пара берушіге де, алушыға да, делдалға да тыйым салынған (харам). Шындықты растау мақсатында немесе әділетсіздік жасауға көмектесу тұрғысында немесе біреуді заңды құқығынан айыру үшін пара беруге тыйым салынады.
9. Ысырапшылыққа тыйым салу
Мұсылман өз мүлкіне жауапкершілікпен және саналы түрде қарайды, ақшаны босқа ысырап етпейді, сондай-ақ, табысын үнемі игі мақсаттарға жұмсауы тиіс.
Егер, қарыз сұраған адамның ол ақшаны жақсылыққа жұмсамайтыны белгілі болса, беруден бас тартқаны жөн.
Тағы бір айта кетерлігі, ысырапқа тосқауылдау дегеніміз — қымбат әрі сапалы дүниені сатып алудан шектелуді білдірмейді.
Егер адамның белгілі бір байлығы болса, оның негізгі қажеттіліктері қанағаттандырылса, отбасы қаражатқа мұқтаж болмаса, ол үнемі зекет беріп тұрса, ақшаны қымбат және сапалы нәрселерге жұмсаудың еш айыбы жоқ.
Әйтсе де, бұл тұста орынсыз шашып, ысырапқа бой алдырмаған абзал.
Сілтеме: azan.kz