Жан тыныштығынсыз бақытты болу мүмкін емес. Адамның жаны мұңды,уайым-қайғыны, қорқынышты кешіп жатқанда, ол жан тыныштығын аңсайды. Заманауи өмірдің қарқынында адам баласы көптеген қиындықтар мен күйзелістерге тап болады, оның ойы үнемі уайым-қайғыда болғандықтан, адамға таза ауа қажет секілді жаны да тыныштықты қажет етеді.
Араб тілінде «сақина» сөзінің түбірі «сукун» , бұл сөз тыныштық деген мағынаны білдіреді. Исламда сақина нығметі иманына берік мүміндерге беретін Алланың – жан тыныштығы. Жан тыныштығы арқылы адам иманын жетілдіріп,толықтыра алады. Әркім жан тыныштығына ұмтылады, бірақ оны әркім әртүрлі нәрседен іздейді. Біреулер қаржылық тәуелсіздік арқылы жетемін деп ойлайды, біреулер оны әлеуметтік мәртебеге жетуден іздейді. Бірақ бәрібір жан тыныштығы – адамның ішкі күйі. Әр адам әр түрлі біреулері барға, азға қанағат етеді, оның жаны жай табады, ал кейбір адамдарға бәрі де аз , кішкентай болып көрінеді. Жан тыныштығын табудың көптеген жолдары бар, бірақ шынайы тыныштықты тек Аллаға жүгіну арқылы табуға болады.
Жан тыныштығын – «сақинаны» - Ислам дінінде мүміндерге белгіленген өмір салтын ұстану арқылы жетуге болады. Алла Тағаланың мейірімі сондай, ол адамға жаны үшін, тәні үшін пайдалы ең жақсысын парыз еткен. Адамның жан дүниесінде не болып жатқанын бәрін білуші тек – Аллах. Сол жанды жаратқан, адам Аллахтан басқа кімге жүгіну керек? Аллах Тағала барлық нәрсенің сырын білуші, жанның неліктен қиналатынын біледі және оған ненің жайлы екенін біледі.
Аллах Тағала Құранда:
«Жүректер (жан) Алланы еске алумен тыныштық табады емес пе?» (13:28)
Көңіл тыныштығы пенденің Алланы еске алумен және қасиетті сөздерді айтумен басталады. Алланы еске алу – адамдардың екі дүниедегі де бақыты. Аллах Тағаланың жасырын және анық нәрсені білуші және ол әрқашан сенімен екенін сезіну адамға тыныштық сыйлайды. Адам Аллах Тағаламен бірге болса, Аллах Тағала онымен бірге және оның жүрегі тыныштыққа толы. Жанға ең жақсы ем, тыныштық сыйлаушы ол – Қасиетті Құран кітабы. Құран оқыған адам жаны тыныштанады,өйткені Құран жан мен тәнге шипа. Аллах Тағала былай дейді:
«(Ей, Мұхаммед) айт, бұл (Құран) иман келтіргендер үшін тура жол және шипа…»(41:44)
Құран мүминдерге берілген Алланың ең жоғары нығметы, оны оқу арқылы адам Алла Тағаламен қарым-қатынасын нығайтады, бойына жан тыныштығын сыйлайды . Мүмин адам Құран оқығанда жүрегі жұмсарып, иманы күшейіп, жаны жай табады. Адам Алламен бірге болып, оның кітабын оқып соған сай амал етсе, Жаратушының айтқанымен жүрсе және өзін Аллаға тапсырса, адам ешқандай уайым мен қайғыға тап болмайды.
Ислам ғұламаларының айтуынша, Құранда «сақина» туралы айтылған бірнеше аяттар бар, оны оқу өмірімізге, тыныштық әкеледі .
1. Олардың пайғамбары оларға: «Оның патшалығының белгісі Раббыларың тарапынан сендерге тыныштық сандығы келуі. Онда Мұса әулеті мен Харун әулетінен кейін қалғандар болады. Оны періштелер әкеледі . Егер мүмін болсаңдар,бұл сендер үшін белгі болады (2:248).
2. Сосын Алла елшісіне және мүміндерге жан тыныштығы берді, сендерге көрінбейтін жауынгерлерді түсірді және иман келтірмегендерді азаптады. Міне, кәпірлердің жазасы осындай! (9:26).
3. Кәпірлер оны қуып шыққанда егер сендер оны (Мұхаммедті) қолдамасаңдар, Аллах оны қолдады. Ол үңгірде болған екінің бірі және жолдасына (Әбу Бәкірге): «Қайғыра көрме, Аллах бізбен бірге»,- деді. Сосын Алла оларға тыныштық жіберіп, оларға көрінбейтін жауынгерлермен қолдады . Аллах кәпірлердің сөздерін ең төмен қылды, ал Аллахтың сөзі бәрінен жоғары. Алла – Үстем, Дана (9:40).
4. Ол мүміндердің имандарын арттыру үшін жүректеріне тыныштық жіберген. Көктер мен жердің әскерлері Аллаға тән. Алла- Білуші. Дана (48.4).
5. Мүміндер Худейбия ағашының түбінде ант бергенде Аллах Тағала оларға разы болды. Ол олардың жүректеріндегі әр бір нәрсені біліп, оларға тыныштық берді және оларға жақын жеңіс сыйлады (48.18)
6. Кәпірлерге жүректеріне надандық дәуіріндегі тәкаппарлықты орнатты, ал Аллах өз елшісі мен мүміндерге тыныштық жіберіп, оларға тақуалықты (олардан ажырамас етті) және жүректеріне (Алладан басқа тәңірдің жоқтығына куәлік) сөзін салды. Олар бұған басқаларға қарағанда лайық болды. Аллах әр нәрсені білуші (48:26).
Сілтеме: azan.kz