Tayyab Journal / QAZ

Таравих туралы сұрақтарды талдау

Сұрақ: Тарауық намазының үкімі қандай?

Мү'әккәт сүннет уәжіпке жақын (бекітілген сүннет)

Сұрақ: Тарауық намазы жаңа ма?

Ханафи мазхаб сахабаларының ісі бойынша - бұл сүннет, сондықтан тарауық намазында оқылатын 20 рәкәт жаңалық болып табылмайды.

Сұрақ: Алдымен түнгі намаз содан кейін тарауық пен үтір намаздары. Бұл сүннетке тең бе?

Ия.

Сұрақ: Тарауық намазында қанша рәкәт оқылады?

20.

Сұрақ: 8 рәкәт оқысам бола ма?


Төрт рәкәттан бөліп 20 рәкәт оқылады. Ханафи мазхаб бойынша мү'әккәт сүннеті - 20 рәкәт. Мү'әккәт сүннетін орындау үшін 8 рәкәт жеткіліксіз.

Сұрақ: Ханафиттік мазхаб бойынша тұрақты мүәккәт сүннетін жасамау күнә. Егер Рамазанда тарауық намазында тұрақты түрде 8 рәкәт жасаса, бұл күнә болып санала ма?


Касим ибн Кутлугбуга тарауық туралы рисалада Имам Әбу Ханифаның бастапқы ұстанымы - барлық 20 рәкәт мү'әккәт сүннеті – деген. Осы пікірге сәйкес егер адам тұрақты түрде 8 рәкәт жасаса, ол күнә болып саналады.. Сонымен қоса ханафиттік мазхабта Ибн әл-Хумамның да осылай деп айтқаны бар, одан кейін Ибн Нужайм және Ибн Абидин сияқты соңынан ерген соңғы ханафиттер де – 8 рәкәт – мүәккәт сүннеті, ал қалғандары-мустахаб - деген.

Сұрақ: Тарауық намазын әдейі оқымау күнәға жата ма?

Ия, егер тұрақты түрде және себепсіз оқымасаңыз күнәға жатады.

Сұрақ: Мен қазір қаладан тыс жерде вахталық жұмыс істеймін. Тарауық намазы мен үшін уәжіп бола ма?


Тарауық намаз - бұл уәжіп емес. Егер сіз жолаушы (мусафир) болсаңыз, онда тарауық намазын өтей алмасаңыз сөгіс болмайды. 

Сұрақ: Егер нәресте түнде жиі ояна береді және жылай береді, тарауық намазын қалай оқимын? Түнде ол мазасыз, ұйықтамайды: мен фард намазын оқыған кезде оянады. Мен намазды бала ұйықтағанша кешіктіруіме тура келеді. Тарауық намазын қалай оқимын?


Егер балаға қарайтын адам болмаса, онда сізге тарауық намазын оқымауға рұқсат етіледі.



Сұрақ: Егер мен тарауық намазын жамағатпен бірге 10 рәкәт оқуды жіберіп алсам, оларды өтеуім керек пе? Сонымен қоса егер мен түнгі жұмыста 20 рәкәт оқысам, онда сый тарауық намазы үшін бе, әлде жамағатпен оқығаным үшін болады ма? 

Мүәккәт сүннеттін - тарауық намазының 20 рәкәтімен аяқтайды, осы 20 рәкәтты мешітте оқыған жөн. Егер үйде адам жеке өзі 20 рәкәт оқыса, онда ол алғашқы сүннетті орындағаны. Әрине, тарауық намазын жалғыз оқығаннан гөрі мешітте оқыған дұрыс. 

Сұрақ: Мен тұратын жерде бір ғана мешіт бар. Тарауық намазында сегіз рәкәт оқылады, үтір намазы үш рәкәтта бір сәлеммен оқылады. Менің қалай оқығаным дұрыс?


Жамағатпен бірге 8 рәкәт, содан кейін жеке 12 рәкәт және үтір намазын бөлек оқыңыз.

Сұрақ: Егер мешітте тарауық намазында 8 рәкәт оқып, әрбір екі рәкәғаттан кейінгі кішігірім үзілістер кезінде тарауық намазын жеке оқып 20 рәкәттің орнын толтыруға бола ма?


Егер үлгерсеңіз болады.




Сұрақ: Егер барлық тарауық намазының 20 рәкәтын тұрып оқи алмасам қайтемін? Ондай жағдайда отырып оқуға бола ма?


Ия.



Сұрақ: Мен ауырамын, менің созылмалы түрде басым айналады. Мен тарауық намазының 8 рәкәтын оқысам бола ма? Немесе басқа мүмкіндік бар ма?


Намазды отырған күйде 2 рәкәаттан 20 рәкәт оқыңыз.

Сұрақ: Тарауық намазында ұзақ тұрғаннан аяқтарым ісіп, ұйып қалады, қайтсем екен? 

Намазды отырып оқыңыз.

Сұрақ: Тарауық намазы қалай оқылады: 2 рәкәттан немесе 4 рәкәттан оқыла ма?

Тарауық намазын 2 рәкәттан оқу - Сүннет, бірақ 4 рәкәттан оқуға да болады. 

Сұрақ: Тарауық намазының алдында жалпы барлық сәлем беруді жасауға бола ма?  

Жоқ, әрбір екі рәкәттан соң жеке сәлем берген дұрыс. Намазда сәлем беру – бұл такбиратуль-ихрамынан бұрын қандай намаз оқитыныңызды түсіну. Егер адам тарауық намазының алдында 20 рәкәтқа сәлем берсе, сосын ол қандай намаз оқитынынан жаңылысып такбиратуль-ихрамды айтса, онда оның намазы қабылданбайды. 

Сұрақ: Имамға тарауық намазында үстел тіреуішінің астында тұрған мусхаф сүресін оқуға рұқсат етілген бе? Сол имамның артында тұрып намаз оқуға бола ма? 

Ханафиттік мазхаб бойынша мұндай намаз дұрыс болу үшін, екі шартты орындау қажет: имам хафиз болу керек және ол намазды оқыған сәтте қате жібермес үшін парақтарды ақтарып тұрмау керек т.б. Егер осы шартты орындалмаса, онда оқыған намазы қабылданбайды. 

Сұрақ: Егер жамағатта хафиз болмаса, шафиттік мазхабпен ақылдасуға және тарауық намазын оқуға бола ма?

Егер сіз мусхаб бойынша оқуды мегзесеңіз, онда болмайды.

Сұрақ: Тарауықта күн сайын бір жүзден оқу – бұл сүннет пе?

Рамазандағы тарауық намазында Құранның барлығын оқу – мустахаб.

Сұрақ: Құрандағы бірнеше сүрелерді білетіндіктен, тарауық намазын қалай оқысам болады?

Егер жатқа білетін сүрелеріңіз аз болса кезекпен, қайталап оқуға болады.

Сұрақ: Тарауық намазын тек қана бір ғана мешітке барып оқуға бола ма? 

Сізге ыңғайлы болса оқи беріңіз.

Сұрақ: Әйел адамға тарауық намазын үйде немесе мешітте оқығаны дұрыс па?

Үйде.

Сұрақ: Егер түнгі және тарауық намаздарында имам шафиғы болса, әйел адам оның артынан қалай ереді? 

Ол әйелдерге де имам болуға ниет еткен жоқ. Әйелдерге үйде отырған дұрыс және тарауық намазын үйде оқығаны дұрыс. Егерде мешітте оқысаңыз, онда имам шафиғымен бірге ілесуге рұқсат және намаз қабылданады.

Сұрақ: Тарауық намазының екінші рәкәтында имам ташаххуд, салауат, дұғаларды жылдам оқып және сәлем беруді жылдам аяқтайды. Мен дұғаны да кейде салауатты оқып үлгермеймін. Қайтсем болады?

Ханафиттік мазхаб бойынша, егер ташаххудты оқып болған соң, имаммен бірге ілесіп сәлем беріңіз және өзіңіз оқып үлгермесеңіз де имаммен бірге ілесуіңіз керек, себебі имам намазы - намаздың соңы. Сондықтан біздің мазхаб бойынша имамның соңынан қалып жеке оқып тұрмаңыз, үнсіз тұрыңыз.

Сұрақ: тарауық намазындағы 4 рәкәт арасында арнайы зікір айтуға бола ма?

Кез-келген зікірді оқуға болады, үнсіз тұруға да болады.

Сұрақ: Тарауық намазындағы әрбір екі рәкәттан соң, Сүннедегі зікірге негіз бар ма? Жалпы тарауық намазындағы рәкәттардың арасында үзіліс жасауға және зікір қандай да бір дәлел келтірсеңіздер?

Сүннеде мұндай дәлел жоқ, қазіргі кезде қандай көлемде жасауға болатыны туралы мәлімет жоқ. Жалпы түрдегі нұсқау бар, әрбір төрт рәкәттан соң, үзіліс жасаған дұрыс, сол сәтте уақытта зікір айтуға, салауат оқуға, аз ғана дәріс немесе уағыз айтуға болады.  

Сұрақ: Тарауық намазында имамның артында тұрып таң намазындағы екі рәкәттің орнын толтыру үшін ниет етуге бола ма?

Жоқ, болмайды, тарауық намазы сүннет және имам сүннетке ниет етуде, ал таң намаздың орнын толтыру парыз. 

Сұрақ: Мешітте жамағатпен бірге 20 рәкәт тарауық намазынан кейін жарты сағат өткен соң 10 рәкәт (кыяму лейль) намазды оқиды. Бұл дұрыс па?

Дұрыс емес және тыйым салынған (макрух тахрими) әрекеттерге жақын.

Сілтеме: Azan.kz


Tayyab карталарымен төлем жасап, ауызашарға 100% кэшбек қайтарып алыңыз!

Конкурс шарттары:
1. Tayyab карталарымен ауызашарыңызды төлеу, уақыты 19.00-22.00 аралығында (шектеу 50 000 тг)
2. Пост астына "+" белгілеу

  • Жеңімпазды келесі күні кездейсоқ таңдап, кэшбэк қайтарамыз (direct-те телефон нөміріңіз мен чекті сұраймыз, шарттарды таңғы 10.00-ге дейін орындауға үлгеріңіз)
  • Сіздің қалаңыздың барлық мекемелері қатысады (барлар, клубтар және т. б. қоспағанда)
  • Науқан мерзімі Рамазан айының соңына дейін (нәтижелері күн сайын 14.00-де stories-те жарияланады)

Айтпақшы, әр жұма күні «Ифтаритет» жеңімпазы таңдалады, ол Ramadan-Qurban 2022 шектеулі футболкаларының жиынтығын сыйға алады, тек бір апта ішінде Tayyab карталарымен жиі төлейтіндердің арасында!

Сұрақ-жауап Пайдалы кеңестер