1. Намаз – осы дүниенің уайым-қайғысынан ажырау сәті.
2. Оңашада отырып Алла Тағаламен байланыс орнату арқылы рухани жаңғырып, кемелденудің келесі сатысына көтерілесіз.
3. Ақиқат жолын тауып, еңсеңіз биіктейді.
4. Алла Тағаланы еске алған сайын жан дүниеңіз нұрланады.
5. Аллаға деген шынайы ықыласыңызды танытасыз.
6. Оның шексіз мейірімі мен рахымына ие боласыз
Психологиялық тұрғыдан:
- Өз нәпсіңізді тізгіндейсіз.
- Ақыл-ойыңыз бен өміріңіздің үндестігін табасыз.
- Күйбің тірліктің беймаза күрмеуінен арылып, ой-санаңызды електен өткізесіз.
- Игі істі үздіксіз қайталау нәтижесінде көңіл-күйіңіз көтеріліп, стресстен арыласыз.
- Депрессияны біржола ұмытасыз.
- Темірдей тәртіп пен өнімді іс жасауға дағдыланасыз.
Эмоциялық тұрғыдан:
- Алла Тағала алдындағы кішіпейілділік сезімін бойыңызға сіңіресіз.
- Тағдырға мойынсынып, Жаратушының қалауына сүйенесіз.
- Оның қалауына бағына отырып, әмірлеріне сай амал қыласыз.
- Эмоционалды интеллектіңізді арттырасыз.
Физикалық тұрғыдан:
- Намаз оқу нәтижесінде ағзадағы тұтас қан айналым жүйесі жақсарады.
- Намаздағы қимыл-қозғалыс буын ауруларының алдын алады.
- Намаз небір түрлі дерттен ауырсынуды азайтады.
- 5 уақыт оқылған намаздың қуаты үш шақырым жүгіргенмен бірдей, және оның ағзаға ешбір кері әсері жоқ.
Алланың Елшісінен келіп жеткен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына бір хадисінде:
«Намаз – діннің тірегі».
«Намазды тастағанның діні бұзылады» дейді.
Намазды үздіксіз оқу — Ислам дінінің негізгі талаптарына жатады, онсыз адам баласы Алла Тағала алдындағы парызын түгендей алмайды, өмірдегі ең құнды нәрседен — Алла Тағаламен қауышу сезімінің рахатынан мақұрым қалтыны анық.
Бес уақыт намаз — бір тәуліктің бес бөлігіне сәйкес келеді.
Бұл таң, түс, түс ауған соң , кешқұрым және түн мезгілі.
Намаз – адамның Жаратушымен тілдесуі, үздіксіз, күндіз-түні құлшылық ету арқылы Алла Тағала үнемі адамның ойында, жадында жүреді.
Намаз оқудың парыз екендігі жайлы Құран Кәрімде және Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бірқатар хадистерінде айтылған.
Алла Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ізбасарлары «Ең ізгі амал қандай?» деп сұрағанда, Ол: «уақытында оқылған намаз» деп жауап берген.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намаз — жәннаттың кілті екенін, және құлының иман келтірген соң орындайтын бұл амалын Алла Тағала ең сүйікті амалдарының бірі санайтынын айтқан.
Аллаға ұнайтын қандай да бір құлшылық-ғибадат болса, періштелер соны бұлжытпай қайталар еді. Періштелер арасында намазда кездесетін әрбір құлшылық түрін жеке-дара орындайтындары бар: бірі — белді бүгіп (рукуғқа тұрса), енді бірі — маңдайды жерге тигізіп (сәжде қылады), сондай-ақ, отырып және тұрып, өзге де амалдарды орындайтындары бар.
Тағы бір Хадисте Жәбрейіл (ғ.с.) періштенің қатарынан қырық мың жыл бойы екі рәкағат намаз оқығаны айтылады.
Содан соң Алла Тағала оған Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметінен (үмметінен) бір ғана адамның оқыған екі рәкат намазы бұл намаздан анағұрлым құнды екенін айтады.
Мұның себебі, Алла Тағала Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) жоғары мәртебеге көтергендігінен.
Неліктен намазға осынша мән дарытқан?
Мұның сыры Алланың өзі оған үлкен мәртебе беруінде. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) Ислам дініне қатысты барлық амалдар мен шариғат заңдылықтарын Жәбірейіл (ғ.с.) періште арқылы жеткізіп отырғаны мәлім. Ал, бұл ретте Жәбірейіл (ғ.с.) періште Жаратушы мен Пайғамбар арасындағы дәнекер рөлінде жүрді.
Намаздың ерекшелігі сол, оны Алла Тағала Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Миғраж (Мираж) түнінде өзіне арнайы шақырып алып, ешкімнің делдалдығынсыз, тікелей өзіне тарту етеді. Осылайша намаз Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бен оның үмбеттеріне құнды сыйлық ретінде нәсіп болған.
Сондықтан Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен оның сахабалары намазға үлкен жауапкершілікпен қарады.
Намаз – Алла Тағаламен айрықша тілдесу. Әдетте әлдебір ықпалды адаммен жолығарда түрлі сезімдерді өткереміз, бірде толқып, бірде қуанып, ерекше ыждаһатпен дайындалатынымыз бар, ендеше, бүкіл әлемнің Жаратушысымен кездесуге қандай дайындық қажетін өзіңіз саралап көріңізші.
Қазіргі дінге деген немқұрайлылық пен бейқамдық жайлы айтудың өзі артық. Басқасын былай қойғанда, Қиямет күні ең алдымен сұралатын, дін бойынша иман келтіруден кейінгі екінші орында тұрған ең маңызды ғибадатқа жүрдім-бардым қарайтындарға не дерсің. Әйтсе де, санасында түйсігі бар, көкірегі ояу жандарға Алланың қалауымен Пайғамбардың (с.ғ.с) насихаты ықпал етер деген үміт мол.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде бес уақыт намаз оқыған адам үйінің жанында ағып жатқан өзенге бес уақыт жуынған секілді дейді. Әр жауынған сайын тәні тазара түсетіні сияқты, намаз оқыған сайын, адам жаны күнәдан тазарып отырады. Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде намаздың адамды арсыз әрі харам дүниелерден қорғайтынын айтады.
Әлбетте, намаз да, өзге де ғибадат түрлері сияқты адамды күнәға бой алдырудан сақтайды, әйтсе де, бұл тұста құлшылық-ғибадаттың қандай ниетпен жасалатыны маңызды.
Күніне бес уақыт Жаратушының алдына барып, күнәларына тәубе еткен, теріс қылығынан қысылып, рахым күткен, дұға етіп, жәрдем тілеген адам әр намазынан ерекше қуат алып, рухани жаңғырады.
Намаз – Алланың ерекше рақымының белгісі. Уайым мен қайғы еңсені басқанда, намазға тұрып, Алланың рахымына асыққан абзал. Алланың шапағаты түскенде, мазасыздық жоғалып, адамның жаны тынышталады.
Бұған қатысты Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өмірінен көптеген мысалдар келтіруге болады.
Бір Хадисте қатты жел соққанда Алла Елшісінің (с.ғ.с.) дереу мешітке кіріп, жел басылғанша ол жерден шықпағаны жайлы айтылады. Сондай-ақ күн мен айдың тұтылуы кезінде де Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сүннет намаздарын оқыған.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің жанында жүрген сахабалары мен отбасы мүшелеріне қиын жағдайға тап болған сайын намаз оқуды бұйырған.
Пайғамбарға (с.ғ.с.) қарап, бой түзеуге тырысқан сахабалары оның айтқанын бұлжытпай орындауға тырысты.
Бірде Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сенімді серігі Ибн Аббас (р.а.) әлдебір сапарда жүріп, өз ұлының қайтыс болғаны туралы қаралы хабар алады. Сол мезетте түйесінен түсіп, екі рәкәғат намаз оқиды, соңынан былай деп дұға еткен екеді: «Мен Алла Тағаланың кітабында әмір еткен амалды орындадым. Расында, Құранда намаз оқып, сабырлықпен Алладан жәрдем тілеу керектігі айтылған.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзіне дейін келген барлық пайғамбарлардың да (оларға Алланың игілігі мен сәлемі болсын) басына қиындық түскен сайын намаз оқу арқылы Аллаға бет бұрғанын айтады. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде-кім қиындыққа тап болса немесе мұқтаж болса, дұрыстап дәретін алып, екі рәкат намаз оқысын, Аллаға мадақ айтсын, содан кейін Оның Елшісіне (с.ғ.с.) салауат айтсын. Соңында дұға етіп, Алла Тағалаға өтінішін білдірсін», дейді.
Негізінде, намаздың мән-маңызы мен ондағы Алланың нығметі жайлы Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистерін түгелдей қамту қиын.
Намазға талай игілік жасырылған, оның барлығын бір ғана мақаламен айтып жеткізу мүмкін емес.
Десек те, намаз оқитын адам әуелі Алланың әмірін орындап, оның зразылығына бөленуді ниет етуі тиіс. Хадистерде амалдардың ниетпен өлшенетіні айтылады.
Мына өмір мен ақіреттің игіліктеріне жол ашатын намаз ғибадатын бізге нәсіп еткен Алланың рахымы неткен шексіз еді!