Tayyab Journal / QAZ

Сырқат кезіндегі ораза


Сұрақ: Ораза ұстаған соң бүйрегім қатты ауырып, ауруы бір аптаға дейін созылды. Сол ұстамаған оразаның əрбір қаза күніне ақша немесе жарма түрінде садақа беруге бола ма?

Қазір денсаулығыңыз дұрысталған болса, өткен күндердің қазасын өтеу керек. Оразаның фидясы ораза ұстай алмайтын қарт адамдарға немесе жарасы жазылмайтын ауруға шалдыққан адамдар үшін рұқсат.

Сұрақ: Фидя дегеніміз не?

Фидя беру дегеніміз – əрбір қаза еткен ораза күні үшін кедейлерге жарты саа бидай, бір саа құрма немесе бір саа мейіз немесе бір саа арпа беру. Жарты саа бидай шамамен 1,6 кг.

Сұрақ: Рамазан айында денеме емдік жақпа (крем) жағуға бола ма?

Иə.

Сұрақ: Ораза кезінде ішсек, ораза бұзылады ма?

Егер дəріні нақты ораза кезінде қабылдап ішсеңіз, яғни, таң мен кештің арасында бұл əлбетте оразаны бұзады.

Сұрақ: Ингаляция оразаны бұзады ма?

Иə.

Сұрақ: Қант диабетімен ауыратын адам ораза кезінде инсулин инъекциясын қабылдауға бола ма?

Иə.

Сұрақ: Қант диабетімен ауырсан оразаны қалай ұстау керек?

Ораза кезінде қант деңгейін тексеру үшін қан алуға рұқсат етіледі. Инсулинді инъекцияларды да қабылдауға болады, егер ол тікелей асқазанға енгізілмесе. Бірақ ораза ұстаған дұрыс па, жоқ па, мұсылман дəрігермен алдын ала кеңесу керек.

Сұрақ: Ораза кезінде хиджама жасауға бола ма – оны жасаушының да қабылдаушы адамның оразасы бұзылмай ма?

Хиджама жасату жасаушының да қабылдаушының да оразасын еш бұзбайды. Алайда, хиджамадан адам əлсіреп, оразасын бұзып алу қаупі болса, оны жасау қажет емес. Егер мұндай қауіп болмаса, ондай адам үшін хиджама жасату мəкрух болмайды.

Сұрақ: Мен ауру бола тұра ораза ұстап бастадым, бірақ өзімді нашар сезіне бастадым. Оразамды ашсам бола ма?

Иə, болады.

Сілтеме: azan.kz
Рамазан Сұрақ-жауап