«Сендердің біреулерің Аллаға жалбарынса, ниет етсін» (Бұхари, Муслим).
«Жаратушының міндетті түрде жауап қайтаратынына кәміл сеніммен дұға етіңдер. Және естеріңде болсын, Ол жүректері қуыс әрі немқұрайлы адамдардың дұғасын қабыл етпейді» (әт-Тирмизи).
«Құдіретті әрі Ұлы Алла: «Құлым Мен жайлы қалай ойласа, мен дәл сол ойлағандай боламын және Мені еске алған жерде Мен де онымен біргемін...» (Бұхари, Муслим).
«Ақиқатында, Алла Тағала: «Құлым Мен туралы ойлағандай, мен де құлыма солай қараймын. Егер ол Мен туралы жақсы ойласа, Мен оған жақсылық жасаймын, ал егер ол Мен туралы жаман ойласа, Мен оған жамандық жасаймын» (Ахмад, Ибн Хиббан).