Tayyab Journal / QAZ

Балаларға арналған ораза жайлы сұрақтар

Бұл мақалада біз қасиетті Рамазан айында балалар үшін ораза туралы жиі қойылатын сұрақтарды талдаймыз.

Сұрақ: Менің жасым сегізде. Рамазан айында немен айналысқаным дұрыс?

Ең абзалы – ораза ұстау. Күндіз ораза ұстау ауыр болмас үшін сухурға тұруды ұмытпа. Сондай-ақ, күнделікті барлық парыз намаздарынды орында. Үйде анаңа көмектес, ифтар дайындауға көмектесе аласың (тіпті ұл бала болсаң да, ұялатын ештеңе жоқ, өйткені тамақ жасап үйренсең де керемет!).

Бұл айда Құран Кəрімді көбірек оқып, садақа беріп, жалпы жақсы амалдарды көбірек істеуге тырысу керек: туысқандар мен достармен жақсы қарым-қатынаста болу, күлімдеу, зікір айту, ешкімге дауыс көтермеу жəне ешкіммен ұрыспау. Əрине ата- ананың тілін алып, тыңдау.


Сұрақ: Күндер тым ұзақ, менің шынымен қарным ашады. Шам (мағриб) уақытына дейін тамақ жеп алсам бола ма?


Егер баланың қатты қарны ашса, онда оған кешкі уақытқа дейін тамақ жеп алуға болады. Себебі, ораза бала үшін парыз амал емес, ең бастысы оны бұл əдетке жаймен үйрету.


Сұрақ: Рамазан айында ойын ойнауға бола ма?


Тым көп ойнамаған да жөн. Өйткені белсенді ойындар кезінде денеңіз терлеп, суды көп жоғалтады, сəйкесінше қатты шөлдей бастайсыз.


Сілтеме: azan.kz
Рамазан Сұрақ-жауап