Tayyab Journal / QAZ

Рамазанға қатысты сұрақтар


Бұл мақалада біз қасиетті ай қарсаңында Рамазан туралы жиі қойылатын сұрақтарды талдаймыз

Сұрақ: Рамазанның артықшылықтары туралы не оқуға болады?

«Рамазан айының артықшылықтары туралы» кітабын ұсынамыз.

Сұрақ: Лейлатуль-кадр түні жылдың кез келген уақытында болуы мүмкін деген рас па?

Бұл Ибн Масғуд (р.а.) сахабасының пікірі: «Кімде-кім әр түнде тәһәжжүд намазына тұрса, Қадір түнін міндетті түрде табады» («Сахих» Муслим, № 1782 хадис). Бірақ негізгі және кең тараған пікір – бұл Рамазан айының 27-не қараған түні.

Сұрақ: Рамазанда марқұмдарға қабір азабы тоқтатылады деп естідім. Бұл шындық па?

- Хафиз Ибн Раджаб бұл хабарды әлсіз иснадпен (жеткізуші тізбегі) жеткізеді, оны әлсіз ретінде имам Байхақы өзінің жинағында Әнас ибн Мәліктен (р.а) былай айтқанын жеткізеді:
«Шындығында, Рамазан уақытында қабір мекендеушілері үшін қабір азабы тоқтатылады» (Ахваль аль-кубур, 105-106-б.; Шарх ас-судур, 254-б.).

Сондай-ақ, кім Рамазан айында қайтыс болса, қабір азабынан қорғалатын болады деп айтылады. Бұл Рамазан уақытында Тозақ есігі жабылатын және Жұмақ есігі ашылатын хадисінен келтіріледі («Сахих» Бухари, № 3277 хадис).

Сұрақ: Егер адам оразаның бір күнін себепсіз жіберіп алса, ол оны өмір бойы ораза ұстаса да толтыра алмайды деп айтылған хадистің толық мәтінін келтіріп бере аласыз ба? 

- Әбу Хурайра (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай дегенін жеткізеді:

«Кімде-кім қандай да бір үзірсіз және сыртқаттану себебінен емес Рамазанның бір күн оразасын жіберіп алса, оны барлық қалған өмірінде ораза ұстаса да орнын толтыра алмайды» («Сунан» Насаи, № 3265, № 3271 хадис; «Сунан» Әбу Дәуд, № 2388 хадис және басқалары).
 
Бұл хадис әлсіз, бірақ күнәдан сақтануға келеді. Оны Әли және Ибн Масғудтан (Алла олардың екеуіне де разы болсын) жеткізілетін хабар қолдайды («Мусаннаф» Ибн Аби Шейб, № 9877, № 9878 хадис).
 
Имам Бухари да оның әлсіздігін көрсете отырып, «Сахихта» тарауының атауында бұл хадисті келтіреді. Демек, бұл хадис әлсіз болса да жүгінуге болады, кері жағдайда имам Бухари оның әлсіздігін көрсетпеуші еді, оны мүлдем жоққа шығарушы еді («Мукаддим» Ибн Салях, 25-б.).

Ескерту:
Бұл хадисті Рамазанда өткізіп алған адам оразаның орнын толтырмауға деген ниетін растау үшін пайдалануға болмайды. Хадисте Рамазанда адамға берілетін сауап, берекет және әртүрлі рухани игіліктерді жамағатпен намаз оқу жағдайындағы секілді басқа уақытта алуға болмайды: егер адам жалғыз өзі жиырма бес намаз оқыса да, оның игілігін ала алмайды.
 
Қараңыз: Имам Тахауидің «Мушкиль аль-асары» (4-т., 180-б.), «Тахзибат-тахзиб» (9-т., 204-б.).

Сұрақ: Рамазан уақытындағы әрбір сәждеге (жерге маңдайын тигізу) адам жай уақыттағы мың жарым сәжде сауабын алады және жетпіс мың періште Рамазанда ораза ұстаған адамға дұға тілейді деп айтылған хадисті естіп едім. Олар дұрыс па?

- Жоғарыда айтылған екі хадис имам Байхақының (Алла оны рақымына алсын) «Шу’аб аль-иманда» келтіріледі (№ 3362 хадис) және олардың иснады әлсіз. Сондықтан, осы хадистерді келтіре отыра, имам Байхақы оны басқа белгілі хабарлар қолдайды деп түсіндірген.

Оның (имамның) сөзі келесідей:
 

الأحاديث المشهورة تدل على ما قد روينا في هذا أو المشاكل معناه


«Осындай немесе жақын мағынаға ие басқа да танымал хадистер бар».
 
Алляма Мунзири (Алла оны рақымына алсын) да осы хадисті «Таргибте» оның әлсіздігін көрсете отырып келтіреді (2-т., 93-94-б.).
 
Басқа хабарлар да осы әңгімелерді растайды:
 
1. Хафиз Ибн Раджаб (Алла оны рақымына алсын) былай атқан әйгілі табиғин Ибрахима Нахаидың (Алла оны рақымына алсын) сөзін жеткізеді:
 
«Рамазанның бір күн оразасы мың оразадан да (басқа уақыттағы) артық, Рамазандағы бір тәсбих (өзге уақыттағы) мың тәсбихтен артық және осы уақыттағы бір рәкағат намаз (басқа уақыттағы) мың рәкағаттан артық» (Латаиф аль-маариф, 286-б.).
 
2. Абдуллах ибн Умар (Алла екеуіне де разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқанын келтіреді:
 
«Алла сухурға тұратын адамдарға ерекше рақымын жібереді және Оның періштелері оған дұға жасайды». («Сахих» Ибн Хиббан, Аль-Ихсан, № 3467 хадис).
 
Бұл хадисте періштелердің (қандай да бір ерекше саны нақтыланбаған) ауыз бекіткен адамға дұға жасайтыны айтылған. Бұл шынайы хабарларды келтірген дұрыс (сұрағыңызда келтіргендердің орнына).

Сұрақ: Бір иудейдің Рамазанға өте құрмет көрсеткені жайлы әңгіме бар. Оның ұлы көшеде тамақ жеп жүргенін көрген ол, сол уақытта оны ұрып жіберіп, былай айтқан: «Сен мұсылмандардың қазір күндіз тамақ жемейтінін білмейсің бе? Сен оларды келемеждеп тұрсың ба?», -деген. Бір тақуа адам қайтыс болғаннан кейін Жұмақта жүрген осы иудей түсіне кірген. Сол адам таңғалып: «Қалай ол Құдайға сенбейтін бола отырып Жұмақта болған?», - деген. Алайда иудей оған Рамазанға құрмет үшін Алла оған қайтыс болар алдында шахада (куәлік) айтқызғанын және оның жанын мұсылман болған соң алғанын түсіндірген. 

- Дереккөзінің жоқтығына қарамастан, осыған ұқсас әңгімелерді ойлап табылған деуге келмейді. Дінге және оның белгілеріне әдеп көрсету өте маңызды. Керісінше, құрметсіздік көрсету адам үшін қауіпті. Адамға танытқан әдебі үшін рақымдылық танытқаны жөнінде көптеген хабарлар бар.
 
Ғалымдар осыған ұқсас шабыттандыратын әңгімелерді келтіру үшін дереккөз нақтылығын тексеру міндетті емес екенін көрсеткен.

Сұрақ: Әлеуметтік желілерде келесідей пікірлер өте танымал болып отыр: «Егер кімде-кім Рамазанның алғашқы жұмасында қырық рет шахада айтса, ол қажылық сауабындай сауап алады. Ал кімде-кім бұл амал туралы басқа адамдарға айтып беретін болса, екі қажылық сауабын алады». Бұл хадис пе?
 
Сенімді хадистер жинағында осыған ұқсас жоқ.
 
Олардың сенімді көздерден дұрыстығы анықталмағанға дейін осыған ұқсас хабарларды таратудан алыс болған абзал. Әсіресе осы хабарды жібергені үшін амалдың өзіне қарағанда екі есе сауап уәде етілген деген факті алаңдатады. Осыған ұқсас жайлар сенімді хадистерде айтылмаған. Кейбір адамдардың әлеуметтік желілерде өздерінің жазбаларын танымал ету үшін осыған ұқсас нақыл сөздерді келтіретіні өте өкінішті.

Сұрақ: Құранды оқығанда дәрет болу міндетті ме?
 
- Құран оқу үшін және оны ұстау үшін үлкен дәрет те (ғұсыл) және кіші дәрет те (вуду/тахарат) қажет.
 
Сұрақ: Құранды телефоннан дәретсіз оқуға болады ма?
 
- Ия, Құранды телефоннан кіші дәретсіз оқуға рұқсат, себебі осы жағдайда сіз Құранның парақтары мен аяттарын емес, телефон экранын ұстайсыз.

Сұрақ: Құранды ғұсылсыз оны ұстамай оқуға болады ма?
 
- Құранды кез-келген жағдайда, тіпті жатқа білсеңіз де оны дауыстап айтуға ғұсылсыз рұқсат етілмеген (харам).
 
Сұрақ: Хатым Құран деген не?
 
- Бұл оны басынан бастап соңына дейін толығымен оқып шығу. Рамазан оразасы айында Алланың сөзін көп оқыған, әсіресе оны толығымен оқып шығу абзал.

Сұрақ: Құранды толығымен оқып шығу үшін күніне неше беттен оқу керек?
 
- Құран 600 беттен тұрады. Егер сіз оны 30 күнге бөлсеңіз, онда күнінен 20 бет шығады. Егер бұл қиындау болса, онда сіз бір күн ішінде 5 намазға бөлесіз және осылай сізге жеңілірек болады.
 
Егер сіз Рамазанда әрбір намаздан кейін 4 беттен оқитын болсаңыз, сіз Құранды толығымен оқып шығасыз.
 
Егер сіз Құранды екі рет оқығыңыз келсе, онда әрбір намаз алдында және кейін 4 беттен оқу керек.
 
Сұрақ: Хатым аяқталғаннан кейін қандай дұға (тілек) оқу керек?
 
- Хатым жасалғаннан кейін оқылатын дұға:
 
Транскрипциясы:
 «Садақа’ ллаху’ль-‘азым уәбәлляға Рәсулуху’ль-кәрим. Уәнахну ‘aлязаликя минә’ш-шәһидиин. Раббәнә әмәнна бима әнзалтә уәттәбәънәр рәсуллә фәктубнә мәъаш шәһидиин. Садақа.»
 
Аудармасы:
 «Шүбәсіз, Алла - Құдыретті, Дана Ақиқатты көрсетті. Пайғамбар (оған сәлем болсын) бізге жеткізді. Біз осы жағдайдың куәсінің бірі болып табыламыз. Уа, Раббымыз! Түсіргеніңе иман келтірдік және елшіңнің соңынан ердік (оған сәлем болсын). Бізді куә болушылардың қатарына жазғайсың!».
(«Әли Имран», 3/53)
 
Хатым дұғасын оқуға кірісер алдында «Нәс», «Фатиха» сүрелерін және «Бақара» сұресінің алғашқы 5 аятын оқу сүннет болып табылады.
 
- Осыған қатысты Убей бин Қаағб келесіні айтқан:
 
«Алла Елшісі (оған сәлем болсын) «Нәс» сүресін оқыды, одан кейін «Фатиханы», ал содан кейін «Бақара» сүресін «уәууликә һумул муфлихуун» дейін оқыды, бұдан әрі хатым дұғасын жасады, содан кейін барып қана орнынан тұрды». (Суюти, Иткан, I, 313)
 
Алланың Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Құранды оған лайықсыз жағдайда қалдырмау үшін, яғни оны сақтау мақсатында жасағаны жеткізіледі. (Куртуби, Тафсир, I, 30)

Сілтеме: Azan.kz

Рамазан Пайдалы кеңестер Сұрақ-жауап