Tayyab Journal / QAZ
Пайдалы кеңестер

Екі өмірде табысқа жету үшін 3 дұға

Кез-келген адам әрбір істің сәтті болғанын қалайды. Жұмыста да үйде де адамдармен де қарым-қатынаста барлық жерде бәрі жақсы болғанын қалайды.

Шынайы жетістік дегеніміз не? Оған қалай қол жеткізуге болады? Мұсылмандар үшін жетістікке жетудің ерекше формуласы бар ма?

Исламда  әрбір жақсылық – Аллахтан. Осы дүниеде  және  мәңгілік өмірде де жақсылыққа жету үшін, біз Аллахтың разылығын алуға ұмтылу керекпіз.

Осы дүниенің нығметіне ұмтыла отырып, мәңгілік өмір жайлы да ұмытпауымыз керек. Осы өмірдегі әрбір жетістік Алла разылығы үшін жасалмаса, онда оның пайдасы да маңызы да жоқ.

«Біреуге  жасаған  жақсылығының жамандығынан сақтан» деген хадис сахих па?

Мәңгілік дүниеде Алланың разылығына бөленген адам ғана нағыз жетістікте жеткен адам. Ендеше, екі дүниеде де барлық істеріміздің сәтті болуын үміт етіп, Аллаға тәуекел етіп, оның разылығын алуға ұмтылуымыз керек. Мұсылманның жетістігі – оның Алла Тағаланың алдындағы биік дәрежесі. Ислам дінінде жетістіктің  негізгі тірегі- Аллахқа құлшылық ету және оның нұсқауларын орындау. Мүмин адам өз өмірінде Раббысының бар екенін тұрақты түрде сезінсе , барлық амалды ең жақсы түрде орындаса, жоғары дәрежеге жетеді.

Негізінде бәрі өте оңай: мүмин адам иманына қаншалықты мән берсе, соншалықты сауап алады. Демек, Исламда жетістікке жету формуласы парыздарды орындау , ниеттің туралығы және Алладан дұға сұрау:

رَبَّنَا آتِنَا مِن لَّدُنكَ رَحْمَةً وَهَيِّئْ لَنَا مِنْ أَمْرِنَا رَشَدًا
Раббанэ итинэ минлэдункя рэхмэтэн ва хаййи ляня мин амринэ рэшэдан.

«Раббым! Бізге өзіңнен мейірім нәсіп ет және әрбір ісімзде ретте» (Кахф,10).

رَبِّ إِنِّي لِمَا أَنزَلْتَ إِلَيَّ مِنْ خَيْرٍ فَقِيرٌ

Рабби инни лимэ энзэльтэ илэййэ хайри факиру.

«О Аллах! Расында, мен сенің әрбір берген жақсылығыңа мұқтаждығы» ( Қасас,24).

رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الآخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ

Ва минхум ман якулу раббана атин фи ад-дунья хасанатан ва фи ал-ахирати хасанатан ва кына газаба ан-нар
«Раббым, бізге осы дүниеде де мәңгі өмірде де жақсы игілік бер және бізді тозақ отынан сақта» (Бақара,201)

Сілтеме: Islam-Today.ru