Tayyab Journal / QAZ

Нәпіл намазы – Алланың сыйы

Алланың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Тәсбих намазы – Алланың нәсіп еткен ең үлкен сыйы, ал бұл намаздың сауабы ретінде – мұсылман баласының көріп-көрмей, біліп-білмей істеген, қазіргі және бұрынғы күнәлары кешіріледі. 
Сондықтан, үнемі тәсбих намазын оқуға тырысқан жөн.  

Мүмкіндігінше, әр жұма сайын, аптасына бір мәрте, немесе айына бір рет оқыған абзал.
Егер сіз мұны істей алмасаңыз, онда жылына бір рет оқыңыз, ал оған да шамаңыз жетпесе, тым құрығанда өміріңізде бір мәрте оқыңыз. (Әбу Дауд, ибн Мажа және Байхаки риуаят еткен).

«Мұндай сүннет намазды әсіресе біз сияқты есепсіз күнәға батқан адамдардың оқығаны дұрыс" (Имам Шарани).

Мүбәрәктің ұлы Абдулла былай деген: «Тасбих намазын кез келген уақытта оқып, оны әдет ретінде қалыптастырып, ешуақытта жадыдан шығармаған жөн».

Екінті намазының алдындағы намаз

Рәкағат саны: өз таңдауыңызға қарай 2-ден 4-ке дейін.

Аяқталу уақыты: екінді намазының уақыты кіріп, оны оқығанға дейін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім екінті намазының алдында төрт рәкат намаз оқыса, оған тозақ оты тимейді», – деген.

Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұл намазды екі рәкағат етіп оқығаны жайлы да риуаят бар. Сондықтан, Кудуридің айтуынша, қайсысын таңдасаңыз да, өз еркіңіз біледі,  қаласаңыз екі ракағат немесе төрт рәкәғат оқыңыз. 

Құптан намазының алдындағы намаз

Ракат саны: 4.

Орындау уақыты: құптан намазының уақыты кіріп, оны оқығанға дейінгі кез. Ардақты анамыз Айшадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құптан намазының алдында төрт рәкағат оқығаны айтылады. 

Аввабин намазы

Ракағат саны: қалауыңызға қарай 6-дан 20-ға дейін оқуға болады. 

Орындау уақыты: төртінші және бесінші намаздар арасында, яғни күн батқан соң және төртінші намаздан кейін (әл-мағриб).

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім төртінші ақшам намазынан кейін бесінші құптан намазының аралығында ғайбат сөз айтпай 6 ракағат оқыса, оған 12 жыл құлшылық жасағандай сауап жазылады».

«Кімде-кім шам намазынан кейін 6 рәкат оқыса, күнәлары теңіздегі көбіктей көп болса да кешіріледі». (Табрани риуаят еткен).

«Кімде-кім құптан намазынан кейін 20 ракағат оқыса, Алла Тағала оған жәннаттан үй береді».

Зуха намазы

Рәкағат саны: 2-ден 12-ге рәкәғатқа дейін. Мүмкіндігінше 4-тен 12-і дейін оқыған абзал.

Орындалу уақыты: таң атқаннан бастап, күн тас төбеге көтерілгенге дейінгі аралықта оқылады. 

 (Шамамен Бесін намазына 20-40 минут қалғанға дейінгі уақыт). 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім 2 рәкат зуха намазын үзбей оқыса, оның күнәлары теңіздің көбігіндей көп болса да кешіріледі. » (Ибн Мажа).

«Күн сайын таңертең әрбір буыныңызға арнап садақа беріп отырыңыз.

Бұл тұста әрбір тәсбих («Субханаллаһ») – садақа боп танылады, әрбір тахмид («Әлхамдулиллаһ») – садақа, әрбір тәһлил («Лә иләһа иллаллаһ») – садақа, әрбір тәкбір («Аллаһу әкбар») – садақа. 

Алла мақұлдаған амалдарды насихаттау – садақа, сондай-ақ, тыйым салған амалдардан бойды аулақ ұстау да – садақа. 

Әйтсе де, мұның барлығын зуха намазымен алмастыруға болады » (Муслим). 
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Зуха намазын үзбей оқыған адамның күнәлары кешіріледі" 

Дарданың ұлынан риуаят етілген мына бір хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кімде-кім 2 рәкат зуха намазын оқыса, ол жалқау адамдар қатарынан саналмайды; ал, кімде- кім 4 рәкат оқыса, ол құлшылық етушілер қатарынан табылады;

 6 рәкат оқыған адам – күні бойғы барлық уайым-қайғыдан құтылады; кім 8 рәкат оқыса, тақуалардан болады; Ал 12 рәкат намаз оқыған адамға Алла жәннатта алтыннан сарай салады» (Ибн Мажа, Тирмизи риуаят еткен).

Зуха намазының бір пайдасы – егер адам осы намазды үздіксіз орындаса, жын-шәйтандар одан алыстайды.

Тахият намазы

Рәкат саны: 2 рәкат. Әйтсе де, «Кахастани» кітабында 2 немесе 4 деп көрсетілген.
Орындалу уақыты: Мешітке кіргеннен кейін және жайғасып отырған соң. 
Дәдел ретінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына бір сөзін айтуға болады: «Сендердің қайсыларың болса да, мешітке кірген кезде, әуелі екі рәкат намазын оқымайынша отырмасын», – деген. 

«Егер, мәкрүһ уақыт кірмесе, Мешітке кірген адам дереу кез келген өзге бір намазды (парыз немесе сүннет) орындаса, бұл сәлем беру намазын ауыстыра алады. 
Жұма намазында мешітке кірген адам тахиятул намазын оқымайды. Кәһастани кітабында: «Кімде-кім таң намазынан кейін және аср намазынан кейін мешітке келсе, «тахиятул» намазын оқымайды, бірақ тәсбихтер мен салауаттар оқиды және осы арқылы мешіттің сәлем намазын өтейді" дейді. Ал, Зияданның (р.а.) «Дурар» кітабында: «Кімде-кім дәретінің жоқтығынан немесе басқа да себептермен тахиятул-месжидті өтей алмаса, төрт рет " лә илияһа иллаллаһу, уа аллаһу әкбар» деп тәсбих айтсын" делінген. 

Егер адам бір мешітке күніне бірнеше сәрте кірсе, бір ғана сәлем дұғасы жеткілікті.
Мешітке кіре берісте: «Аллаһуммафтаһ бұл абуаба рахматик» деп, ал шыққанда: «Аллаһумма асәлукә мин рахматик» деп айту ұсынылады.

Дәрет алу намазы

Ракат саны: 2.

Орындалу уақыты: егер бұл уақыт мәкрүһ болмаса, дәрет намазы дәрет алғаннан кейін бірден (денедегі жаңа ғана жуылған су құрғағанша) оқылады. «Мишкат» кітабында: «Дәрет алғаннан кейін парыз намазы оқылса, адам тахиятул-мәсжид намазынан алатын сауабы сияқты, бұл намаз үшін де сауап алады», - делінген.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің араларыңдағы ең көркем түрде дәрет алып, одан кейін шын ықыласпен екі рәкәт намаз оқыған адам, расында жәннатқа лайық» (Муслим) деген. 

Хажжат (қажеттілік) намазы

Рәкат саны: «Марәкил фалах» кітабында – 2 рәкат, «Дурар» кітабында – 4 рәкат, «Хави» кітабында – 12 рәкат деп жазылған.

Орындалу уақыты: әлде бір қажеттілік үшін арнайы дұға еткен кезде немесе қайғы-қасіреттен пана тілегенде оқылады. 

Әбу Ауфтың (Алла оған разы болсын) ұлы Абдулладан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Аллаға немесе Адам баласының біріне ісі түсіп, мұқтаж болса, онда, ол көркем түрде дәрет алып, екі рәкат намаз оқысын, содан соң Жаратушыға мадақ айтып, Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтқаннан кейін: «Лә иләһә илләһил Хакимул-кәрим, субхана» дейді. Рабби Аршил азим, Әлхамдулиллаһи Рабби аләмин, асалука муджибати рахматик уа азаима махфиратик уәл ғаниматә мин кулли бир уә сәләматә мин кулли исм лә тада’ли занбан иллла ғафартах уа лә ғамман иллә фәрражтах уа лә хажәта ләкә фихариза йәһәтә илләһә рәһәһиә иәһәһимә” дұғасын айтсын" деген. 

«Тәжнис» кітабында: «Мұқтаж намазы 4 рәкағаттан тұрады және хадистердің бірінде бұл намаздың бірінші рәкатында Фатиха сүресі бір рет және Аятул-Күрсиді үш рет, ал келесі үш рәкатта бір рет «Фатиха», «Ыхлас», «Фәләқ» және «Нас» сүрелері оқылуы тиіс, ал абұл намазды оқыған адам Қадір түнінде оқығандай сауап алады" делінген. 

Бұл тұста Дін ғұламалары: «Бұл дұғаны біз оқыдық, мұқтаждығымыз өтелді», – дейді.

Тәубе намазы

Ракат саны: 2.

Орындау уақыты: мәкрүһ саналатын мына бір уақыттан тыс кездердің барлығында оқи беруге болады. Намаз оқуға болмайтын уақыттарға: күн ұясынан шығып келе жатқан уақыт пен күннің қызарып батып бара жатқан сәті және күн тас төбеге көтерілген кезді айтамыз. 
Бұл намазды тұрақты түрде оқуды дағдыға айналдырған дұрыс, әсіресе күнә жасап қойған мезетте оқуға тырысу қажет. Тіпті күніне 70 күнә жасасаң да, немесе, одан да көп қателікке ұрынсаң да рухани тазару мақсатында осы намазды оқу маңызды. Намаз алдында дәрет алып тазаланған секілді, әр намаздың басында күнә да жуылып отырады. (Имам Шарани)

Тәубе намазы – күнә үшін өкініп, тәубеге келу құлшылығы. Әдетте адам баласы азды-көпті күнә жасап қойғанда бірден Алланың мейірімінен алыстайды. Жаратушының рахымына қайта оралу үшін Алла Тағалаға шын жүректен тәубе етіп, кешірім сұрау керек. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде Алладан кешірім сұраудың ең дұрыс және салихалы жолын үйретті:

«Кімде-кім күнә жасап, одан тазару үшін намаз оқып, содан соң Алладан рахым тілесе, Алланың оны кешірусіз қалдыруы мүмкін емес» (Тирмизи, 406-хадис)

Алланың алдында ықыласпен тәубе етуді мынадай тәртіппен орындаған жөн: алдымен бой дәрет алады немесе сүннет бойынша жуыну қажет (мәрәкил фәләһ), одан кейін екі рәкат намазды оқылады, намазды аяқтағаннан кейін Алладан шын ниетпен кешірім сұрайды. Бұл намаз «салат-ут-тәуба» (тәуба-намазы) деп аталады.

Екі рәкат тәубе намазы басқа да нәпіл намаздарына ұқсайды. Намаз барысында оқылатын арнайы сүрелер жоқ. 

Кез келген намазда оқылатын дұғалардан басқа арнайы дұға оқу да қажет емес. 
Намазды аяқтағаннан кейін қолдарыңызды көтеріп дұға етіңіз: Аллаға мадақ айтудан, Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтудан бастаңыз және Алла Тағаладан ықыласыңызбен тәубе етіп, күнәларыңыздың кешірілуін сұраңыз.

Алла разылығы үшін көз жасын төгу туралы Алла Елшісінің (с.ғ.с.) былай дегенін есіңізге түсіріңіз:  

 «Алланың қаһарынан қорқып көз жасына ерік берген адамның әрбір тамшы көз жасы, мейлі ол шыбынның көлеміндей ғана болса да, тозақ отынан қорғайды».

Тәубе кезінде идуль истиғфар дұғасын айтуға болады:  

Аудармасы: «Уа, Алла! Сен менің қамқоршымсың. Сенен басқа тәңір жоқ. Сен мені жараттың, мен сенің құлыңмын. Сондай-ақ, шамам жеткенше, Өзіңе берген антым мен уәдемді орындаймын. Нәпсімнің азғыруынан Өзің қорғай көр. Сенің маған берген барлық рахымыңды толықтай мойындаймын, және жіберген қателіктерімді де мойындаймын. Сондықтан күнәларымды кешіре гөр, өйткені күнәларымды Сенен басқа ешкім кешіре алмайды!».

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

 «Кімде-кім осы сөзді күндіз айтып, кешке кенеттен қайтыс болса, осы дұғаның шарапатынан жәннат тұрғындарының қатарынан табылады. Және түнде осы дұғаны оқып, таң атпастан көз жұмған адамға да жәннат нәсіп болады» (Сахих әл-Бухари, 594 хадис)

Алла Тағаланың сүйіспеншілігіне, ерекше рақымы мен мейіріміне ие болғысы келетін адам жасаған күнәсына шынайы өкінсе, оның күнәсі қаншалықты ауыр әрі  үлкен болса да, Жаратушы әрқашан құлын кешіруге дайын екенін ұмытпауы тиіс. 

Құдси хадисте Жаратушы былай дейді:
«Ей, адамзат! Тіпті күнәларың аспандағы бұлттарға дейін жетсе де (олардың көптігі) Менен кешірім тілесеңдер, мен сендерді міндетті түрде кешірер едім! Мен оған бола алаңдамас та едім!»

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер күнә істеген адам тәубе етіп, одан кейін дәрет алып, намазын оқып, шын жүректен кешірім сұрап, Алладан кешірім сұраса, Алла оны кешіреді» (Тирмизи риуаят еткен).

Шейх Исмаил: «Мәндубат (қалаулы) дұғалардан ең қайырлысы – тәубе намазы (тәубе)», – деп айтқан.

Сапар намазы

Жолаушы отырар алдында әр тоқтаған жерінде екі рәкат намаз оқуы керек, өйткені Алла Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) солай еткен. Мұны имам Сархаси «Шарх Сайри Кабир» кітабында келтірген.

Нәпіл намаздың екі түрі
1) Парыз намаздарына қосымша оқылатын намазды нәпіл намазы деп атайды. 
Бұл намаздарға парыздың алдында немесе одан кейін оқылатын сүннет намаздары жатады, сондай-ақ,  Рамазан айының әр түнінде оқылатын тарауих намазын қосуға болады. 
2) Парыз намазынан тыс оқылатын нәпіл намаздар. Мұндай нәпіл намаздарды мұстахаб немесе мандуб деп те атайды. Олар әртүрлі уақытта орындалады.
Қалған намаздар міндеттелмеген сүннет намаздар болып саналады, мысалы: намаз-истихара, хажжат, зуһа, тәһәжжүт және т.б намаздар.

 Бұл намаздарда егер, ол төрт рәкәттан тұрмаса, онда үшінші рәкаттан кейін, әт-тахият пен бірге салауат дұғасы оқылады, және үшінші рәкатты истифтахтан, яғни «Субханәкаллаһумма» деп бастайды, содан кейін Фатиха сүресі, тағы бір сүре қосып, әдеттегідей жалғастырады.  

Күшейтілген сүннет парыз болып орындалады, өйткені оның күшеюіне байланысты ол парыз намазына ұқсас келеді, бірақ үшінші және төртінші рәкатта олар Фатихамен бірге бір сүрені оқиды.

Шейх Исмаил: «Нәпіл намаздарға – екі рәкат жаңбыр жауғанда оқылатын, екі рәкат мұнафықты тазарту үшін, үйге кіргенде және шыққанда, зияннан сақтану үшін оқылатын намаздар жатады», – деген. Алла бізге пайдалы білім беріп, соны ұстануға күш-қуат дарытсын! Әмин!