Tayyab Journal / QAZ

Шәууәл айында қалай ораза ұстайды?

Құрметті жамағат! Сіздерді Ораза айт мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Алла ұстаған оразаларыңыз бен ғибадаттарыңызды қабыл етсін. 

Рамазан айы да аяқталып, аз ғана күндерге болса да, ораза тұтуға мүмкіндік беретін, тағы бір қасиетті, өзіндік ерекшелігімен айшықталған Шәуәл айы да келіп жетті. 
Муслимнен (р.а.)келіп жеткен бір хадисте былай дейді: «Кімде-кім Рамазан айының оразасын сәтті аяқтап, сондай-ақ, Шәууәл айында тағы да алты күн ауыз бекітер болса, бір жыл бойы ораза ұстағандай сауапқа кенеледі". 
Бұл да Алла Тағаланың бізге бұйырған шексіз жомарттығы мен мейірімінің белгісі деп білейік. 

Бұл тұста бізге Шәууәл айындағы ораза тұтудың ерекшелігіне қатысты көптеген сұрақтар қойылып жатыр: оразаны үзбей, қатарынан бірнеше күн бойы ұстау керек пе, әлде арасында күндер қалдырып, бөліп ұстаған дұрыс па? Әуелі Рамазан айының қарыздары өтелуі тиіс пе әлде оған дейін ұстаған жөн бе? Қай уақытта, қай күндері ауыз бекіткен дұрыс? Осы секілді жиі қойылатын бірқатар сұраққа нақты жауап беруді ұйғардық: 

1. Шәууәл оразасы парыз ба әлде сүннет пе?


Шәууәл айында ораза ұстау нәпіл және Мұхаммед пайғамбардың сүннеті болып табылады, парыз болмағанынан қарамастан осы айда ораза  ұстанған жандарға өлшеусіз сауап жазылады. Хадистерде айтылғандай, осы айда 6 күн ауыз бекіткен адам бір жыл бойы ораза ұстағандай сауап алады. 

2. Рамазан айында оразасын қаза жібергендер

Шәууәл айында өтеуіне бола ма? 


Ханафи мәзһабы бойынша әйелдер, саяхатшылар, сондай-ақ дертіне байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен ұстай алмай, Рамазан айында оразасын қаза жібергендер болса, Шәууәл айында барлық шарттарды ескере отырып, толығымен өтеуіне болады. 
Алайда, әуелі Рамазан оразасының қазасын өтеп, содан кейін ғана Шәууәл айының 6 күндік оразасын ұстаған абзал. 

Әйтсе де, қатып қалған қағида жоқ. Егер, Шәууәл айының соңына дейін 6 күндік оразаны ұстап үлгермеймін, уақыт жағынан мүмкіндік болмайды деп қорықсаңыз, алдымен 6 күндік оразаны ұстап, Рамазан айының қазасын кейінге қалдыруға болады. Сонымен, бірінші Шәууәл айының, соңынан Рамазан айының қаза оразасын өтейсіз. 


3. Шәууәл айының оразасын басқа уақытта, келесі айларда ұстауға бола ма? 


Шәууәл айындағы ораза тек Шәууәл айында ұсталады. Егер адам айдың соңына дейін мұны істеуге үлгермесе, оған күнә жоқ, өйткені бұл ораза парыз емес. Шәууәл айындағы оразаны Ораза айт мерекесінен кейін бірден ұстауға болады, яғни, Айттың бірінші күнінде. 
Демек, мұсылмандар Шәууәл айының екінші күнінен бастап Рамазан оразасында өткізіп алған күндерін толтырып және Шәууәл айының қосымша оразасына кірісе алады.

4. Неліктен Шәууәл айының оразасы 6 күнге созылады?


Хадисте былай делінген:

«Алла Тағала жақсылықтың сауабын он есе арттырды, сондықтан бір ай — он айға тең, ал алты күндік ораза бір жылды толықтырады ».

Басқа бір хадисте: «Рамазан айының оразасы он есе есептеледі, ал алты күндік ораза екі айға тең, ал мұның бәрін қосар болсақ, бір жылдық ораза шығады».
Яғни, Рамазандағы отыз күн оразаны он есе көбейткенде үш жүз күн болады. Шәууәл айындағы алты күндік оразаны да он еселенген болса, алпыс күнге тең. Сонымен, бұл күндердің жалпы саны үш жүз алпыс күнге тең, ал жылдың қалған бес күнінде ораза ұстау маңызды емес (біз Ораза айттың бірінші күні мен Ораза айттың төртінші күндері туралы айтып отырмыз). 

Міне, сол себепті Шәууәл айында алты күн ораза ұстаған адам бір жыл бойы ораза ұстағанмен бірдей болады.

5. Рамазан айында ораза ұстай алмадым, бірақ,

Шәууәл айында ұстауға бола ма?


Әлбетте, тіпті парыз оразаны еш себепсіз ұстамасаңыз да, Шәууәл айында ауыз бекітуге болады. Бірақ, бір жыл ораза ұстағандай сауап жазылмайды. Өйткені, хадистерде Рамазан айындағы парыз оразаны ұстау міндет екені айтылады. 
Инша Аллаһ, Шәууәл айының 6 күндік оразасының да сауабы бар, алайда, Рамазан айының өткізіп алған күндерін өтеп алған жөн, өйткені, Парызды орындамау — Алланың алдындағы үлкен күнә болып табылады. 

6. Шәууәл оразасын бөліп-бөліп ұстауға бола ма?


Шәууәл айының оразасын үздіксіз де, бөліп те ұстауға болады. Жұма күні ғана ораза ұстауға болмайды, егер қатарынан үзбей ұстап жүрсеңіз ғана рұқсат етіледі. Мысалы, бейсенбі-жұма немесе жұма-сенбі күндері бір-бірімен жалғасып отыруы тиіс. Үздіксіз, бірнеше күн қатарынан ораза ұстап келе жатсаңыз, жұм күні де ауыз бекіте бересіз. Бірақ, тек бір күн ғана ораза ұстаймын деп ұйғарсаңыз, жұмадан басқа күні ауыз бекітуге тура келеді. 

Егер, Рамазан айының қарыз күндері болмаса, дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстаған жақсы, өйткені бұл күндері ораза ұстау сүннет болып табылады. 
Әйтсе де, бұл көп мүмікдіктердің біреуі ғана. Ал, алты күндік нәпіл оразаны қай күні ұстау керегін әркім өзі шешеді. 

7. Рамазан оразасының Шәууәл айындағы оразадан айырмашылығы бар ма?


Мейлі, Шәууәл айындағы ораза болсын, мейлі Рамазан айындағы ораза болсын, немесе кез келген басқа айдағы оразаның қай-қайсысы да, таң намазынан басталып , кешке дейін жалғасады. 

Таң мен Ақшам уақыттарын сайтымызға кіріп, «Намаз уақыттары» бөлімінен біле аласыздар. Кесте бойынша тұрғылықты елдімекеніңіздегі намаз уақыттары көрсетіледі. Таң намазы мен Ақшам уақыттарын дәлме-дәл бақылай аласыз. 
Демек, таң намазы кірген уақытта ораза басталады. Яғни, таң намазына дейін ауыз бекітіп, оразаны бұзатын барлық амалдарды (жұбайымен жақындасу, тіс пастасымен ауыз қуыстарын тазалау т.б.) орындап үлгеру керек. 

Рамазанда оразаны бұзатын барлық амалдар басқа да кез келген оразаны бұзады.

Ақшам – оразаның аяқталып, ауыз ашатын уақыт. Ақшам уақыты кірген сәттен бастап адам оразадан тыс рұқсат етілген барлық әрекеттерді жасай алады.

8. Шәууәл айында ораза ұстаудың қасиеті қандай?


Шәууәл айында ораза ұстаған адам жыл бойы ораза ұстағандай сауап алады. Сондықтан мұсылмандар бұл мүмкіндікті жіберіп алмауы керек. Сондай-ақ тағы бір хадисте:
«Рамазан айында ораза ұстап, кейін оны Шәууәл айының алты күндік оразасымен жалғастырған адам дүниеге келген күнінен бергі барлық күнәларынан тазарады» делінген.
Шәууәл оразасы Рамазан айындағы оразаның кемшіліктерін өтейді. 

Қиямет күні мұсылманның нәпіл оразасынан алынып, парыз оразасындағы кемшіліктері толтырылады, бұл жөнінде хадис шәрифте былай дейді: «Ақиқатында, Қиямет күні адамдардан ең бірінші сұралатын нәрсе — дұға. Раббымыз періштелерден сұрайды: "Құлымның құлшылықтарына қараңдар, олар толық орындалды ма, әлде аз болды ма».

Ал егер жеткілікті болса, оларға аяқталды деп жазылады, егер бірдеңе жетіспесе: «Қараңдар, менің құлымның қосымша намаздары бар ма», - дейді, ал егер қосымша намаздары болса: «Құлымның сауабын толтыр. Парыз ғибадаттары нәпілмен толықтырылсын, соған қарап амалдар алынсын"-дейді. 

Алла ұстаған оразаларыңызды қабыл етіп, екі дүниеде сауапқа бөлесін! 

Сілтеме: azan.kz
Сұрақ-жауап