Tayyab Journal / QAZ

Ислам дінін қалай қабылдауға болады?

Ислам дінін қабылдау өте жеңіл. Ол үшін иман келтіргенің жайлы куәлік (кәлима шәһадат) ету қажет, яғни, ол араб тілінде былай айтылады: 

«Әшһаду алла иләһә иллаллаһ. Уа Ашхаду Анна Мухаммадан абдуһу уа расулуһ»

Қазақша мағынасына келсек:  
«Мен Алладан басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік етемін».

Ислам дінін қабылдаған адам сенімге қатысты мына бір шарттарды ескеруі тиіс:

1. Жаратушы біреу. Оның досы, ұлы немесе қызы да жоқ. Ақиқатында, одан басқа Тәңір жоқ, мұнда бір құдайдың атын жамылып, үштік сенімді жасырын дәріптейтін көпқұдайшылыққа жол жоқ. 

2. Мұхаммед пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Алланың ең соңғы елшісі екендігіне, одан кейін Алланың елшілері де, пайғамбарлары да болмайтынына сену шарт. 

3. Құран Кәрім – Пайғамбарымызға түскен ең соңғы илаһи жазба екеніне және ондағы айтылғандардың барлығы айнымас ақиқат екеніне сену қажет.  

4. Өлімнен кейінгі мәңгілік өмірдің барына, және қайтыс болған әрбір адам осы өмірде жасаған жақсы немесе жаман ба, барлық амалының өтеуін аларына сенуі тиіс. 

5. Құран Кәрімнің әрбір аяты мен сүресі және Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық өсиеттері айқын ақиқат, хақ екенін мойындау.

Ислам дінін қабылдаймын деген кез-келген адам діннің осы шарттарын тілімен де, жүрегімен де шынайы қабылдар болса, әлбетте, ол мұсылман қатарына қосылады. 

Исламның негізгі діңгегін мына сөздермен түйіндеуге болады:
«Мен Аллаға, Оның періштелеріне, кітаптарына, Пайғамбарларға иман келтірдім,  және қияметтің келеріне сенім білдіремін, расында, жақсылық пен жамандықтың бәрі Аллаһ Тағаладан және біз өлгеннен соң қайта тірілеміз».

Кәлима Шәһадат көбінесе екі адамның куәгерлік етуімен, әдетте мешітте айтылады. Әйтсе де, қатып қалған қағида емес. Ислам дінін оңашада отырып-ақ қабылдай беруге болады. Нақтырақ айтқанда, Алланың бірлігі мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің оның елшісі екендігіне сенсеңіз, кәлима шаһадатты аузыңызға алып, сол мезетте мұсылман қатарына қосыла беруіңізге болады. 

Бәлкім, сіз ислам парыздары мен міндеттерін орындауға әлі де дайын емес шығарсыз, әйтсе де, бұл дінді қабыдауға еш кедергі келтірмейді. 

Ең бастысы, ислам дініндегі барлық шарттар мен заңдылықтарды мойындауыңыз қажет. 
Яғни, Мұсылман баласының ислам бекіткен заңдылық шеңберінен аспау қажеттігін, расында бес уақыт намаз оқып, Рамазан айында ораза ұстап, аузын бекітуге, харам деп танылған астан бас тартуға, шошқа еті және алкогольді ішпеу секілді тыйымдардың барлығын қабылдауыңыз тиіс. 

Мұның барлығын түсініп, әйтсе де, әзірге бұл міндеттерді толық атқаруға мүмкіндігіңіз келмеген жағдайдың өзінде, Ислам дінін қабылдауды кейінге ысырудың еш мәні жоқ.