Tayyab Journal / QAZ

Рамазаннан кейінгі ораза тәртібі

Міндетті ораза айы - Рамазан аяқталды. Күнделікті ораза тәртіп пен сіздің күніңізді құлшылықта өткізуге көмектеседі. Бірақ одан басқа исламда ерікті оразаның да маңызы үлкен. Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Адам баласының тек оразадан басқа амалының барлығы өзі үшін. Ал, ораза - Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін» (Бұхари, Муслим). Ол сондай – ақ:Аллаһ разылығы үшін бір күн ораза тұтқан адамды Аллаһу та'ала, бір күндік ораза себебімен жаһаннам отынан 70 жылға алыстатады» (Бұхари., Муслим).

Қалған жыл ішінде қосымша оразаны белгілі бір тәртіпке бағындыруға бола ма? Рамазан айы мысалында тұрақты құлшылық жасау пен ниеттің қаншалықты маңызды екенін көреміз.

Қосымша оразаны мереке күндерінен басқа кез келген күнде ұстау мүмкін. Сондай-ақ, жұма күні ораза ұстауға болмайды.

Аптаның қай күндері ораза ұстаған дұрыс?

Бұл дүйсенбі және бейсенбі. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағалаға амалдар дүйсенбі-бейсенбі күндері ұсынылады. Жаратқанға амалдарымыздың ораза ұстаған кезде ұсынылғанын қалаймын» (Ат-Тирмизи). Сондай-ақ, Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүйсенбіде ораза ұстау туралы сұралып, ол: «Мен сол күні дүниеге келдім, сол күні маған пайғамбарлық міндеті берілді немесе уахи түсе бастады», - деп жауап берді (Муслим).

Қазір Шәууәл айының 6 күндік оразасы өте маңызды. Әбу Аюб Әл-Ансари (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде кім Рамазан айының оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады» (Ахмад)

Ораза ұстау үшін дүйсенбі мен бейсенбіні таңдауға болады. Бұл үшін ешқандай кедергі жоқ және мұсылманға Шәууәл оразасы үшін де, дүйсенбі мен бейсенбіде үшін де сауаптар жазылады.

Айдың қай күндері ораза ұстаған дұрыс?

Әр айда үш күн ора за ұс таған жөн. Әр ай дың он үшін ші, он төр тін ші, он бе сін ші кү ні ора за ұс тау – мұс та хап. Әбу Зәр дың риуаяты бойын ша, Аллаһ Ел ші сі (с.ғ.с.) бы лай дейді: «Әр айда үш күн ора за ұс та ғың кел се, ай дың 13, 14, 15-ші күн де рін де ұс та»

Рамазан