Tayyab Journal / QAZ

Алла дұғаларыма жауап берді. Бөлім 2

Мен жаңа жұмыс іздедім, бірнеше күн қатарынан түйіндемелерімді көптеген компанияларға жібердім, бірақ күтпеген жерден талаптары менің тәжірибемнен жоғары болатын ұйымға тап болдым. Маған жауап берілмейтініне сенімді болып, тек қызығушылық үшін өтініш бердім. Бірнеше күннен кейін осы компаниядан қоңырау келіп түсті, маған сұхбат уақытын белгіледі. Мен шокта болып, осы сұхбатты "неге өткізбеске?"-деп ойладым, қалай болғанда да, мен тәжірибе аламын.

Бірінші кезең топтық болды, алдамшы синдром мені әдеттегіден гөрі дүрбелеңге түсірді. Мен қатысушылар арасында ең жас болғанымнан бөлек, ештеңе түсінбедім, лол. Кезеңді аяқтағаннан кейін мен "жақсы, мен ұятқа қалмадым" деген оймен есіктен жүгіріп шықтым. Мұнда керемет болды, олар маған қоңырау шалып, келесі кезеңге өткенімді айтты.

Келесі бірнеше кезеңдер қайталанды, мен бірте-бірте бәрін өттім. Алланың қалауымен финалға жетіп, жұмысқа орналасқалы тұрғандай болдым.

Соңында бізге талдау үшін мәліметтер берілді, үш менеджер мен басқа кандидаттардың алдында сөз сөйлеу керек болды. Менде презентацияның жалғыз тәжірибесі университетте болды. Мен дұға жасадым, Алладан бәрін жасауымды өтіндім, егер бұл жұмыс маған сәйкес келмесе, ең жақсы үміткер болуымды өтіндім. Мен бұл туралы Алладан сұрағанымда, біртүрлі болып көрінетіндей еді: "Мен ең жақсымын, бірақ олар мені жұмысқа алмады". Көбіне мен жетістікке жеткім келді, өзімнің дұрыстығымды дәлелдегім келді, сондықтан маған қайырлы ма, жоқ па білмей, дәл осы дұғаны жасай бердім.

Қорытынды кезең – презентация жасалды, менеджерлер мен үміткерлер сұрақтар қойды, мен мүмкіндігінше жауап бердім. Менеджерлердің бірі мені тығырыққа тіреуге тырысып, мені сұрақтармен жаудырды, бірақ мен тоқтатпай, біздің диалогымыз "сұрақ-жауап атысына" айналғанға дейін оның барлық сұрақтарына жауап бердім. Бізді тоқтатты, бәрі жақсы болды. Кетер алдында бізге соңғы кезең директормен бейресми әңгіме болатынын ескертті, оған байланысты болады.

Күн өтті, маған қоңырау шалды, мен 5 үміткердің ішінде жалғыз финалға өттім. Маған жұмыс менің қолымда екенін айтты. Біз директормен келесі кездесуге келістік. Ең қызығы одан әрі болды. Бір аптадан кейін маған компания күтпеген жерден қызметкерлерді қабылдауды тоқтатқанын және мені кем дегенде 3 ай қызметке ала алмайтынын айтты. Олар міндетті түрде қайта қоңырау шалатынына сендірді, бұл жағдайға байланысты олар өте ыңғайсыз болды, ал менің езуім құлағыма дейін созылды.

Дұғам орындалды, мені жұмысқа алмады, бірақ мен ең жақсы үміткер болдым. Мен қызға күлімсіреп бәрі жақсы екенін түсіндірдім. Ол менің мұндай реакциямды түсінбеді. Бірақ ол дұғамның Алла қабыл еткеніне таң қалғанымды білмеді.

Түпнұсқаға сілтеме:: https://www.reddit.com/r/MuslimLounge/comments/n9kee1/any_stories_about_duas_being_accepted_to_share/