Біздің құндылықтар — Tayyab компаниясындағы әрбір шешімнің негізі

Tayyab компаниясы туралы

2020 жылы Қазақстанда негізі қаланған заманауи мұсылмандарға арналған алғашқы исламдық финтех. Біз жеке тұлғаларға арналған ең үздік исламдық қаржы өнімдерін ұсынуға тырысамыз, клиенттерімізге күнделікті өмірде Ислам қағидаларын ұстануға көмектесеміз.

Қысқа мерзім ішінде біз 130 000-нан астам қолданушыны біріктіріп, 120 000-нан астам бірегей дебеттік картаны шығарып, исламдық қаржы қызметтері саласының көшбасшысына айналдық.

Сіздің қаржыңыз исламмен үйлесімде

Алланың разылығы — бәрінен жоғары

Біз өз ісімізді Алланың разылығына ұмтыла отырып жүргіземіз. Біздің барлық өнімдеріміз Шариғат талаптарына толықтай сай келеді.

1

Сіздің разылығыңыз — біздің жауапкершілігіміз. Біз сізді тыңдаймыз, түсінеміз және ислам қаржы қызметтеріне апарар жолды жеңіл әрі жағымды ету үшін бар күшімізді саламыз.

Клиентімізге қамқорлық

Адалдық пен ашықтық

Жасырын шарттарсыз, комиссияларсыз және «ұсақ әріптермен» жазылған мәліметтерсіз.

2

3

Tayyab — бұл жаңа буынның ислам қаржысы. Сіздерге шариғатқа сай ең үздік шешімдерді жеңіл, әрі тиімді жолмен ұсыну үшін біз үнемі дамып отырамыз.

Инновациялар мен даму

Тиімділік

Біз сіздің уақытыңызды қадірлейміз. Өтініш беруден бастап рәсімдеуге дейінгі барлық үдерістер мүмкіндігінше жылдам, нақты әрі ыңғайлы.

5

4

Неліктен біздің қызметтеріміз – халал?

Шариғат кеңесінің сертификаты

Лицензия AFSA

AFSA (Astana Financial Services Authority) исламдық қаржылық қызметтерді көрсету лицензиясы

Жетістіктер мен марапаттар

Премия VISA 2023

«Driving Islamic Banking Experience Together»

Еуропалық қайта құру және даму банкінің (EBRD) нұсқасы бойынша — «Outstanding Digital Project in Central Asia»

Цифрлық «Оскар» 2023

Әлемдегі алғашқы цифрлық исламдық картаның іске қосылуы

2022

Команда

Данияр Успанов

Тең Құрылтайшы, CEO
Директорлар кеңесінің мүшесі

Қаржы саласында 24 жылдық, ислам қаржысы саласында 10 жылдық тәжірибе. Қазақстандағы алғашқы исламдық картаны іске қосқан. Al Saqr Finance компаниясының бұрынғы бас директоры.

Адильбек Рыскулов

Шариғат координаторы

Исламдық қаржы саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы. Сертификатталған Шариғат кеңесшісі және аудитор (CSAA).

Нурлан Саурамбаев

Тәуелсіз директор

Халықаралық және ұлттық инвестициялық компанияларда, қаржы және жобаларды басқару саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Басшылық қызметтерді атқарған, стратегиялық шешімдер қабылдап, бизнестің дамуына ықпал еткен. Ұйымдық өсім мен ауқымды бастамаларды жүзеге асыруда терең біліктілікке ие. Инвестор, ментор, трекер, медиатор және коуч.

Алма Агабек

Клиенттік интеллект және коммуникация бөлімінің жетекшісі (CX Intelligence Lead)

Білім беру және исламдық қаржы өнімдерін ілгерілетуде тәжірибесі бар әлеуметтік медиа мен digital-маркетинг саласының маманы. Контент-маркетинг стратегиясын құру, тиімді сату воронкаларын жасау және әлеуметтік желілер арқылы клиенттерді тарту бойынша маманданады. Аудиториямен белсенді байланыс орнатып, сенімді қарым-қатынас қалыптастырады және клиенттерге компания өнімдерін түсінуге көмектеседі.

Мақсатбек Қайырғалиев

Шариғат кеңесінің Төрағасы

Шариғат саласында көп жылдық тәжірибесі бар ислам ғылымдарының ұстазы (ақида, хадис, фиқһ, усул әл-фиқһ, тафсир, араб тілі). Қазіргі таңда ҚМДБ жанындағы Зекет қорының директоры.
“Jamia Darul Uloom Karachi” халықаралық ислам университетінің Takhassus fil Ifta бағдарламасының түлегі.
Құқық магистрі. Дінтану магистрі. Араб тілі мен шариғат ғылымдарының магистрі.

Алтаф Ахмад (Пәкістан)

Шариғат кеңесінің мүшесі

Фиқһ әл-Муамалат (исламдық коммерциялық құқық) және исламдық қаржы саласының маманы. Шариғат кеңесшісі ретінде көпжылдық тәжірибесі бар. “Jamia Darul Uloom Karachi” халықаралық ислам университетінің Takhassus fil Ifta бағдарламасының түлегі. AAOIFI ұйымының сертификатталған шариғат кеңесшісі және аудиторы (CSAA). Исламдық банк ісі және қаржы саласында PhD дәрежесінің иегері.

Рустем Успанов

Техникалық директор (CTO)

10 жылдан астам уақыт ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейді.

Қаржы, телекоммуникация және электрондық коммерция салаларындағы әртүрлі жобаларға қатысқан.

Аскар Баяхметов

CBDO – Бизнесті дамыту жөніндегі директор

Қаржы саласындағы IT-жобаларды басқару, технологиялық шешімдерді әзірлеу және енгізу бойынша маманданған, банк секторында 5 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби маман. Цифрлық трансформация, бизнес-процестерді автоматтандыру және қаржылық өнімдерді жасау бойынша терең білімі бар. Жобаларды басқару бойынша сертификатталған маман. Agile әдістемелерімен жұмыс істеу тәжірибесі мол, бұл стратегиялық мақсаттарға тиімді қол жеткізуге және жобаларды белгіленген мерзімде сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Лейла Оспанова

Қаржы директоры

Қаржылық басқару және аудит саласында ауқымды тәжірибеге ие. Карьерасын Deloitte компаниясында бастады, кейін BI Group-та қаржылық есептілік секторын басқарды, онда ХҚЕС алғаш рет енгізілді. Zhanna Kan компаниялар тобында (Damiani, Constella, La Perla, Zardozi, ZH) қаржы директоры болып қызмет атқарды. КИМЭП Университетінің Бизнес факультетін бітірген, сондай-ақ Манчестер бизнес мектебінде магистр дәрежесін алған.

Со-основатель, CMO
член Совета директоров

24 года опыта в банковской сфере, цифровых технологиях и медиа.
Запустил с нуля Ad-tech Smart City проект Citix (Ex CEO)

Иван Каменский

Серіктестер

+7 (707) 114-99-33
Сұрақтарыңыз болса, осы нөмірге жазыңыз
Әлеуметтік желілер
©2025 Tayyab Central Asia Ltd. Барлық құқықтар қорғалған.
Tayyab
Мобильді қосымша
Visa® — тіркелген тауар белгісі, ал оның дизайны — Visa Incorporated компаниясының тауар белгісі.

Tayyab Central Asia LTD қызметтерді “Bank RBK” АҚ-мен бірлесіп көрсетеді (лицензия №1.2.100/245/41, берілген күні: 05.04.2021 ж., лицензия беруші — ҚР ҚНРДА).

Tayyab Finance Ltd. қызметін AFSA-A-LA-2024-0012 лицензиясы негізінде жүзеге асырады (берілген күні: 29.05.2024 ж.), лицензияны АХҚО Providing Islamic Finance комитеті исламдық қаржылық қызмет көрсету саласында берген.
Камераңызды QR-кодқа бағыттаңыз
Tayyab қосымшасын дәл қазір жүктеп алыңыз!
Пайызсыз (риба) және жасырын комиссиясыз заманауи қаржы технологияларын пайдаланыңыз

Шариғат кеңесінің сертификаты

AFSA лицензиясы

Әлеуметтік желілер

Tayyab
Мобильді қосымша

Компания жайлы

Қолдау қызметі

Дебеттік карта

Депозит

Қайта қаржыландыру

Автоқаржыландыру

Меню

Қазақша

English

Русский

Сайт тілі