Қолдау қызметі
«Tayyab Finance Ltd.» ЖЕКЕ КОМПАНИЯСЫНДАҒЫ ТАВАРРУК ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫ ТУРАЛЫ ҚОСЫЛУ ШАРТЫ
Жасау және қызмет көрсету орны – «Астана» халықаралық қаржы орталығы
Осы «Tayyab Finance Ltd.» Жеке компаниясындағы таваррук қаржыландыруы туралы қосылу шарты (бұдан әрі – Шарт) «Tayyab Finance Ltd.» Жеке компаниясы (Астана халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға, БИН 211140900393, және «Исламдық қаржыландыруды қамтамасыз ету» АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитетінің лицензиясына ие, лицензия нөмірі AFSA-A-LA-2024-0012, 2024 жылғы 29 мамырда берілген), Жарғы негізінде әрекет ететін СЕО/Директор Д. К. Успанов тұлғасында (бұдан әрі – Компания) мен Клиент (Шартқа қосылу туралы өтініш берген тұлға) арасында жасалған. Осы Шарт қосылу шарты болып табылады және оны Клиент тұтастай қабылдайды. Компания мен Клиент бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп, ал әрқайсысы жеке-жеке – «Тарап» деп немесе жоғарыда көрсетілгендей аталуы мүмкін.
Тараптар Шартты жасасудың және оған қол қоюдың мынадай тәртібі туралы келісімге келді:
  • Клиент Шартқа қосылу туралы өтінішке қол қою арқылы осы Шарттың талаптарымен келіседі. Өтінішке қол қойылған күннен бастап Шарт заңды күшіне енеді және Клиент Компания алдындағы өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады;
  • Осы Шартқа қол қою кезінде Тараптар Компанияның қол мен мөрді факсимильді көшіру құралдарын пайдалану мүмкіндігіне жол береді. Компанияның қолы мен мөрінің факсимильді көшірмесін пайдалана отырып қол қойылған Шарт Тараптар үшін жарамды және міндетті күшке ие болып танылады.
Терминдер және анықтамалар
  • Шарт – Компания мен Клиент арасындағы жасалған осы «Tayyab Finance Ltd.» Жеке компаниясындағы таваррук қаржыландыруы туралы қосылу шарты және Ислам қаржыландыруын ұсыну үшін Исламдық қаржы шартын құрайды.
  • Исламдық қаржыландыру – бір немесе бірнеше исламдық қаржы шарттары негізінде жүзеге асырылатын қаржыландыру.
  • Исламдық қаржы шарттары – мурабаха (тауардың өзіндік құнына сауда үстемесін қосып сату, оның ішінде таваарук немесе тауарлық мурабаха), иджара (исламдық лизинг), мудараба (бизнестегі үлестік қатысудың бір түрі, мұнда бір тарап капитал ұсынады, ал екінші тарап белгіленген үлес мөлшеріндегі пайда үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады), мушарака (екі немесе одан да көп тарап капитал салып, басқаруды жүзеге асыратын серіктестік туралы келісім), вакала (агенттік келісім) және АХҚО актілерінде белгіленген исламдық қаржы шарттарының өзге де түрлері.
  • Компания қызметін жүзеге асыратын орын – «Астана» халықаралық қаржы орталығы.
  • Компанияның қаржылық қызметтерді көрсету орны – «Астана» халықаралық қаржы орталығы.
  • Исламдық қаржыландыруды ұсыну – исламдық қаржы шартын жасасу арқылы қаржыландыруды ұсыну.
  • Өтініш – «Tayyab Finance Ltd.» Жеке компаниясындағы таваарук қаржыландыруына қосылу туралы қосылу шартына қосылу жөніндегі Өтініш, оған сәйкес Клиент Шартқа қосылады және Тараптар арасында № 1 Қосымша (Тауарды сатып алуға тапсырыс) рәсімделеді.
  • Таваарук – АХҚО актілерінде және «Астана» халықаралық қаржы орталығы Басқарушысының 2020 жылғы 26 мамырдағы № 126, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 547 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 118 бірлескен бұйрығына Қосымшада көзделген таваарук исламдық қаржы шарты негізіндегі исламдық қаржыландыру мәмілесі.
  • Тауар – исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келетін, Шарт бойынша сатып алу-сату объектісі ретінде әрекет ететін, Өтінішке № 1 қосымшаға сәйкес Тауарды сатып алуға тапсырыс бойынша сатып алынатын тауар.
  • Төлем – Шартқа № 2 қосымшаға сәйкес Компанияның пайдасына Клиент төлеуі тиіс мерзімді төлем.
  • Жеткізуші – Компания осы Шарт шеңберінде Тапсырыс негізінде Тауарды сатып алуды жүзеге асыратын Тауарды жеткізуші.
  • Тапсырыс – Өтінішке № 1 қосымшаға сәйкес Клиент Компанияға берген тауарды сатып алуға тапсырыс.
  • Бастапқы құны – Компанияның Тауарды Жеткізушіден сатып алу бағасы.
  • Шарттың сомасы – Шартқа № 2 қосымшаға – Төлемдер кестесіне сәйкес төленуге жататын Бастапқы құн мен Үстеме баға сомасы ретінде есептелетін осы Шарт бойынша Тауардың құны.
  • Үстеме баға – Пайда мөлшерлемесіне, Мерзімді төлемдер санына, Бастапқы құн мөлшеріне қарай айқындалатын Бастапқы құнға Шарт бойынша компанияның сауда үстеме бағасы. Үстеме баға мөлшері Шарт жасасу сәтінде белгіленеді.
  • Залал – Клиенттің Шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы және/немесе тиісінше орындамауы салдарынан Компания шеккен барлық нақты шығыстар, залалдар, шығындар және зиян (қорландыруға жұмсалған шығыстар мен жоғалған пайданы қоспағанда).
  • Акцепт – Шартқа № 1 қосымшаға сәйкес Клиенттің Офертасына сәйкес Тауарды сатып алу-сату мәмілесін жасасуға Компанияның келісімі.
  • Оферта – Шартқа № 1 қосымшаға сәйкес Компанияның Клиенті жолдаған осы Шарт шеңберінде Тауарды сатып алу-сату мәмілесін жасасу туралы ұсыныс.
  • Қызметтер – Клиентке үшінші тұлғаның ұсынысын (сатып алушы ретінде) жеткізу және Клиент пен Компания Тауарды сатып алған тұлғадан басқа үшінші тұлға арасында Тауарды сатып алу-сату мәмілесін жасасу шеңберінде Клиенттің келісімін (сатушы ретінде) үшінші тұлғаға жеткізу жөніндегі қызметтер.
  • Сараптамалық кеңес – Компанияның Шариғат қағидаттары жөніндегі кеңесі немесе Шариғат қағидаттары бойынша сыртқы тәуелсіз сарапшылар.
  • Шариғат қағидаттары/нормалары – мұсылмандардың діни ар-ожданы мен адамгершілік құндылықтарын анықтайтын ұйғарымдар, ережелер кешені.
Шарт мәні
  1. В соответствии с настоящим Договором:
  2. Тауарды сатып алуға тапсырысқа (Өтінішке №1 қосымша) сәйкес Компания клиенттің сұрауы бойынша Тауарды Жеткізушіден Бастапқы құны бойынша сатып алуды жүзеге асырады;
  3. Тапсырыс талаптарына сәйкес Компания Клиенттің сұрау салуы бойынша Тараптардың Тауарды сатып алу бойынша Офертаға және Акцептіге (Шартқа №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша) және Төлемдер кестесіне (Шартқа № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша), Сатып алу-сату шартына (Шартқа № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша) қол қою жолымен төлемді бөліп төлеу/кейінге қалдыру талаптарымен Шарттың сомасы бойынша Тауарды Клиентке сатуды жүзеге асырады;
  4. Қызмет көрсету туралы хатқа (Шартқа №3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша) сәйкес Клиент Компанияны Тауарды сатуды жүзеге асыру және оны Компания Тауарды сатып алған тұлғадан басқа үшінші тұлғаға сату бойынша мәміле жасасу кезінде қызмет көрсетуге тартады;
  5. Компания Тауарды сатып алған адамнан басқа үшінші тұлғаға Компания Тауарды Бастапқы құны бойынша сатады, ол қаржыландыру сомасына тең;
  6. Компания Тауарды сатып алған адамнан басқа үшінші тұлғаға сату мәмілесі жасалғаннан кейін, Тауарды сатудан түскен ақша қаражаты Клиенттің өтініші бойынша Өтініште көрсетілген банктік шотқа Клиенттің кредитор алдындағы берешегін өтеу есебіне / Компания серіктесінің банктік шотына Клиент сатып алатын автокөлік құралын төлеу есебіне / берешекті қайта қаржыландыруға (Шартқа қосылу туралы Өтініште көрсетілгеніне байланысты) жіберіледі.
  7. Шарттың 2.1-тармағының 2.1.5-тармақшасында көрсетілген жағдай орын алмаған жағдайда, осы Шарт күшіне енбеген және орындалуға жатпайды деп есептеледі.
  8. Шарт бойынша берешекті өтеу мерзімі, Бастапқы құны, Үстеме баға сомасы, Тауардың жалпы құны, Кепіл нысанасы өтініште көрсетілген.
  9. Клиенттің Компания алдындағы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде Өтініште көрсетілген автокөлік құралы/кепілдеме (бұдан әрі – Кепіл нысанасы) табылады.
  10. Клиент осы Шарт бойынша берілген Тауарды өткізу нәтижесінде алынған ақша қаражатын пайдалануына байланысты туындайтын барлық шығындарды, соның ішінде Компания тарапынан өтелмейтін кез келген ілеспе және басқа да шығындарды өзі көтереді.
Тауар
  1. Осы Шарт шеңберіндегі Тауар исламдық қаржыландыру талаптары мен қағидаттарын қанағаттандыратын мүлік болып табылады.
  2. Осы Шарт шеңберіндегі тауар қызметтер, алтын, күміс және/немесе валюта бола алмайды.
  3. Тапсырыс меншік құқығымен берілген кезде Клиентке тікелей немесе жанама тиесілі мүлік осы Шарт шеңберінде тауар бола алмайды.
Тапсырысты орындау шарттары
  1. Компания Тауарды өтінішке № 1 қосымшаға сәйкес Тапсырыс негізінде ғана Жеткізушінің меншігіне сатып алады.
Есеп айырысу талаптары мен тәртібі
  1. Төлемдерді өтеу Шартқа № 2 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады. Төлемдерді өтеу күні осы Шарттың деректемелерінде көрсетілген Компанияның банк шотына ақша аударылған күн болып есептеледі.
  2. Мерзімді Төлем сомасы мыналарды қамтиды:
  • Бастапқы құны;
  • Үстеме баға.
  1. Осы Шарттың талаптары, оның ішінде Клиенттің Төлемдерді өтеу талаптары бұзылған жағдайда, Клиенттен түскен ақшаны Компания келесі кезектілікпен өтеуге жібереді:
  • үстеме бағаның мерзімі өткен қалдығы;
  • бастапқы құнның мерзімі өткен қалдығы;
  • ағымдағы үстеме бағаның қалдығы;
  • ағымдағы бастапқы құнның қалдығы;
  • төлемдерді уақтылы төлемегені үшін төленуге тиіс төлемді кешіктіргені үшін өсімпұл.
Тараптардың құқықтары
Компания құқылы:
  • Клиенттен белгіленген мерзімде Төлем сомасын өтеу үшін Компанияның шотына ақша түспеген жағдайда, сондай-ақ осы Шарттың талаптары бұзылған жағдайда, Компания жасалған кепіл шартының талаптарына сәйкес Кепіл нысанасына өндіріп алуға не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) актілеріне сәйкес осы Шарт бойынша Клиенттің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге кез келген шараларды қолдануға.
  • Клиентке оның жазбаша сұрау салуы бойынша Клиенттің осы Шарттың талаптарын толық, дәл және уақтылы орындауы үшін қажетті ақпаратты жіберуге, бұл ретте барлық пошта шығыстарын Клиент көтереді.
  • Клиенттің Төлемдерді уақтылы төлеуін бақылауды жүзеге асыруға.
  • Келесі жағдайларда оған төленбеген барлық Төлемдерді мерзімінен бұрын даусыз талап етуге:
  • егер Клиент осы Шартта белгіленген мерзім өткеннен кейін қатарынан екі және одан да көп рет төлем жасамаса;
  • Компанияның Қазақстан Республикасы заңнамасының және АХҚО актілерінің талаптарын сақтау қажеттілігі;
  • Компания жауап бермейтін мән-жайлар бойынша қамтамасыз етуді жоғалтқан немесе оның жағдайлары нашарлаған кезде;
  • Компанияның пікірінше, Клиенттің Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауына, оның ішінде Клиенттің қаржылық жағдайының нашарлауына қауіп төнуі.
  • Клиенттің жазбаша өтініші негізінде осы Шарт бойынша Төлемдер мерзімінен бұрын өтелген жағдайда Клиентке Жеңілдік беруге. Бұл ретте Клиентке жеңілдік беру Компанияның міндеті емес, ол өзінің ішкі нормативтік рәсімдеріне сәйкес жүзеге асыратын оның құқығы болып табылады.
  • Клиенттен осы Шартты орындауға байланысты қажетті ақпаратты және құжаттарды Компания көрсеткен мерзімде сұратуға және алуға.
  • Құжаттар бойынша қамтамасыз етудің нақты болуын, мөлшерін, жай-күйін және пайдалану шарттарын тексеруге, сондай-ақ қамтамасыз етуді қайта бағалауды жүргізуге.
  • Клиент үшін Шарттың талаптарын жақсарту жағына біржақты тәртіппен өзгертуге.
  • Компанияны пайда алушы ретінде айқындай отырып, сақтандыру қағидаларында көзделген барлық жағдайларға Кепіл нысанасын жоғалту (жойылу), жетіспеушілік немесе бүліну тәуекелінен сақтандыруды Шарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде өз бетінше жүзеге асыруға немесе осы міндеттеменің орындалуын Клиенттен талап етуге.
  • Клиент өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда Компания алдын ала ескертусіз Кепіл нысанасының GPS-навигаторын бұғаттауды жүзеге асырұға.
  • Клиенттен қамтамасыз ету құнының және/немесе сенімділігінің төмендеуін, қамтамасыз етудің жеткіліксіздігін Компания (қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) айқындаған жағдайда, Компанияға қолайлы шарттарда қосымша қамтамасыз етуді және/немесе қамтамасыз етуді өзге қамтамасыз етуге ауыстыруды талап етуге.
Клиент құқылы:
  • Жеткізушіге Тауардың сапасы мен толықтығына қатысты талаптар қоюға.
  • Осы Шарт бойынша төлемдер мерзімінен бұрын өтелген жағдайда Компанияға жеңілдік беру туралы жазбаша өтініш жіберуге. Бұл ретте Компанияның Клиентке жеңілдік беруі міндеті емес, Компанияның өзінің ішкі нормативтік рәсімдеріне сәйкес жүзеге асыратын оның құқығы болып табылады.
  • Егер төлем күні демалыс немесе мереке күніне түссе, тұрақсыздық айыбын және айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін төлемей, одан кейінгі жұмыс күні төлем жүргізуге.
  • Өтініш бойынша 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде айына бір реттен жиі емес Шарт бойынша берешекті өтеу есебіне түсетін ақшаны бөлу туралы жазбаша нысанда ақпарат алуға.
  • Шарт сомасын ішінара немесе толық төлеу туралы өтініш бойынша мерзімі өткен төлемдерді көрсете отырып, қайтаруға тиесілі соманың мөлшері туралы мәліметтерді 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз жазбаша нысанда алуға.
  • Шарт талаптарының оларды жақсарту жағына қарай өзгергені туралы хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде Клиент үшін Компания ұсынған жақсартатын талаптардан жазбаша тәртіппен Компанияның мекенжайы бойынша тиісті өтініш жолдау арқылы бас тартуға.
  • Алынатын қызметтер бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде Компанияға жазбаша түрде жүгіну және егер жауапты дайындау үшін үшінші тұлғалардан қосымша ақпарат жинау талап етілмесе, 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде және егер жауапты дайындау үшін үшінші тұлғалардан қосымша ақпарат жинау қажет болса, 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жауап алуға.
  • Берешекті өтеу жолымен осы Шарт бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын тоқтатуға, бұл ретте ішінара мерзімінен бұрын өтеудің ең аз сомасы Шартқа № 2 қосымшада көзделген ай сайынғы 2 (екі) төлем мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігі
Компания міндетті:
  • Клиенттен Жеңілдік беру туралы өтінішті алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Клиентке жазбаша жауап жіберуге.
  • Клиент өтініш берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Клиентке Шарт бойынша берешекті өтеу есебіне кезекті келіп түскен ақшалай қаражатты бөлу туралы ақпаратты тегін, бірақ айына бір реттен жиі емес беруге.
  • Өтеусіз, Клиент Шарт сомасын ішінара немесе толық төлеу туралы өтінішпен жүгінген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мерзімі өткен төлемдерді көрсете отырып, қайтаруға тиесілі соманың мөлшері туралы ақпарат беруге.
  • Міндеттемені орындау мерзімі өткен жағдайда, бірақ ол басталған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күннен кешіктірмей Шартта көрсетілген телефон нөміріне SMS арқылы Клиентке мерзімі өткен берешектің мөлшерін көрсете отырып, Шарт бойынша төлемдер енгізу қажеттігі туралы және Клиенттің Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары туралы хабарлауға.
  • Клиент даулы жағдайларды шешу үшін жазбаша сұрау салумен жүгінген кезде Клиентке, егер жауапты дайындау үшін үшінші тұлғалардан қосымша ақпарат жинау талап етілмесе, 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде және егер жауапты дайындау үшін үшінші тұлғалардан қосымша ақпарат жинау қажет болса, 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жауап ұсынуға.
  • Компания құқығының (талабының) үшінші тұлғаға шарт бойынша ауысу талаптарын қамтитын шарт жасасу кезінде (бұдан әрі – талап ету құқығын басқаға беру шарты), Шартта көрсетілген телефон нөміріне SMS арқылы Клиентке құқықтың (талаптың) үшінші тұлғаға ауысқаны туралы не Қазақстан Республикасының заңнамасына және АХҚО актілеріне қайшы келмейтіні туралы Шарт бойынша берешекті өтеу бойынша одан әрі төлемдердің тағайындалуын (шарт бойынша құқық (талап) өткен тұлғаның атауы және орналасқан жері), берілген құқықтардың (талаптардың) толық көлемін, сондай-ақ Сатып алу құнының, Тауар құнының, Үстеме бағаның, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) және төленуге жататын басқа да сомалардың мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының қалдықтарын көрсете отырып, талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде үшінші тұлғаға хабарлауға.
  • Егер кезекті Төлемді төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күні жұмыс күні болып табылмаса, тұрақсыздық айыбын және айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін алмауға.
  • Клиентті Шартта көрсетілген телефон нөміріне SMS арқылы немесе «Tayyab Digital App» мобильдік қосымшасында push-хабарламамен Компания Шарт талаптарын жақсарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде Шарт талаптарын жақсарту жағына өзгерту туралы хабардар етуге.
Клиент міндетті:
  • Осы Шарт бойынша Төлемдерді Шартта көзделген сомада және мерзімдерде өтеуге.
  • Тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда Компанияны жоғарыда көрсетілген өзгерістер болған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етуге.
  • Компанияға Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Клиенттің қаржылық жағдайына қатысты ақпарат алуға мүмкіндік беретін құжаттарды ұсынуға.
  • 5 (бес) жұмыс күні ішінде қамтамасыз етуді тиісінше ресімдеуді, оның ішінде уәкілетті тіркеуші органда Компанияға кепіл құқығын тіркеуді қамтамасыз етуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ қамтамасыз етудің құнының және/немесе сенімділігінің төмендеуін, қамтамасыз етудің жеткіліксіздігін, қамтамасыз етудің жоғалуын, бүлінуін немесе жойылуын Компанияның айқындауын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмеген жағдайда, қосымша қамтамасыз етуді ұсынуға және/немесе қамтамасыз етуді Компания қолайлы шарттармен өзге қамтамасыз етуге ауыстыруға.
  • Шарт бойынша барлық төлемдерді қандай да бір ұстап қалусыз жүзеге асыруға және – егер мұндай ұстап қалуды жүзеге асыру міндетті болып табылса – Компания төленуге жататын ақша сомасын Шарт бойынша өзіне тиесілі барлық ақша сомасын толық көлемде алатындай ұлғайтуға.
  • Компанияның талабын алған сәттен бастап 5 (бес) күндік мерзімде Клиенттің Шарт бойынша міндеттемелерді бұзуына байланысты Зиянның, шығыстардың және залалдың соңғы сомасын өтеуге.
  • Компаниядан тиісті хабарлама алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өз есебінен, өз күшімен және қаражатымен уәкілетті мемлекеттік органда Кепіл нысанасынан ауыртпалықты шешу рәсімін жүргізуге.
  • Кепіл нысанасын Компанияның бірінші талабы бойынша Сақтандыру қағидаларында көзделген барлық жағдайларға оны жоғалту (жойылу) немесе бүліну тәуекелінен сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында ұсынуға, не Кепіл нысанасын сақтандыруды Кепіл ұстаушы Клиентке жүктеген жағдайда, Шарт жасалған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде пайда алушы – Кепіл ұстаушыны көрсете отырып, Кепіл нысанасын сақтандыруды өз бетінше жүзеге асыруға.
  • Клиент осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Клиент осы Шартта белгіленген төлемдерді енгізу мерзімі өткеннен кейін қатарынан екі және одан да көп рет кешіктіруді қоса алғанда, Компания Клиенттен талап етуге құқылы, ал соңғысы Өтінішке № 3 қосымшаға сәйкес Компанияның талабы бойынша барлық төлемдерді (мерзімінен бұрын) төлеуге міндетті.
  • Клиент өзінің ақшалай міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда, Компания Клиенттен Компанияға мерзімі өткен 90 күн ішінде мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,5% және мерзімі өткен 90 күн өткеннен кейін мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,03% мөлшерінде, бірақ Шарт қолданылған әрбір жыл үшін Шарт сомасының 10% аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
  • Осы Шарт бойынша алынатын кез келген айыппұлдар, өсімпұлдар осы Шарттың 8.2.-тармағына сәйкес бөлінеді.
Шариғат нормаларына сәйкестігі туралы талап
  1. Клиент темекі, алкоголь өнімдерін, шошқа шаруашылығы өнімдерін, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, ойын бизнесін өндіруге және (немесе) сатуға байланысты қызметпен, сондай-ақ Сараптамалық кеңестің шешімі бойынша Шариғат нормаларына қайшы келетін кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерімен айналысуға құқылы емес.
  2. Осы Шарт бойынша Компания Клиенттен алатын кез келген айыппұлдар мен өсімпұлдар Сараптамалық кеңестің мақұлдауымен Клиенттің атынан қайырымдылық ұйымдарына және/немесе Компанияның таңдауы бойынша әлеуметтік мекемелерге қайырымдылық жасау мақсатында беріледі.
Компанияның агент ретіндегі әрекеттерінің тәртібі
  1. Клиент Компанияны үшінші тұлғаның ұсынысын (сатып алушы ретінде) Клиентке жеткізу және Клиенттің келісімін (сатушы ретінде) үшінші тұлғаға жеткізу бойынша қызметтер көрсету үшін мессенджер ретінде Шарттың 2.1.-тармағының 2.1.3. тармақшасының және Қызмет көрсету туралы хаттың (Шартқа № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша) талаптарына сәйкес Тауарды сатуды жүзеге асыру шеңберінде тартады.
  2. Тауар Компания Тауарды сатып алған адамнан басқа үшінші тарапқа сатылуы керек.
  3. Тек Компанияның қасақана заңсыз әрекеттерімен немесе немқұрайлылығымен байланысты тәуекелдерді қоспағанда, Клиент Компанияның мессенджер ретіндегі әрекеттерімен байланысты барлық тәуекелдер үшін жауап береді.
Тауарға меншік құқығының ауысуы
  1. Тауарға меншік құқығы Оферта мен Акцептке (Шартқа № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша) қол қойылған сәтте Компаниядан Клиентке ауысады.
Шарттың қолданылу және тоқтатылу мерзімі
  1. Осы Шарт Тараптар Өтінішке қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар осы Шартта көзделген міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады.
Форс-мажор (еңсерілмейтін күш жағдайлары)
  1. Тарап осы Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара/толық орындамағаны үшін, егер бұл орындамау еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайларының, яғни осы Шарт жасалғаннан кейін туындаған осы жағдайлар кезінде төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлардың салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Мұндай жағдайларға осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың актілері немесе әрекеттері, дүлей зілзалалар (су тасқыны, жер сілкінісі), эпидемиялар, әскери қақтығыстар, әскери төңкерістер, террористік актілер, азаматтық толқулар, ереуілдер және Тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс өзге де мән-жайлар жатады.
  2. Форс-мажор мән-жайлары туындаған кезде Тараптар осындай мән-жайлар мен олардың себептері туралы бір-бірін дереу жазбаша хабардар етуге тиіс. Егер Тараптардан қандай да бір ұсыныстар, нұсқаулықтар түспесе, Тараптар осы Келісім бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауды жалғастырады, осы Шартты орындаудың форс-мажор мән-жайларына тәуелсіз баламалы тәсілдерін іздестіреді.
  3. Егер форс-мажор мән-жайларының мерзімі 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен асатын болса, Тараптар жазбаша хабарлама жолымен осы Шарттың қолданысын жоюға, бір-біріне бұрыннан бар берешекті өтеуге уағдаласады.
  4. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүйесіне кіретін Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы беретін куәліктер форс-мажорлық мән-жайлардың болуын және олардың ұзақтығын растау болып табылады.
Құпиялылық
  1. Осы Шарт бойынша Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан алынған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпараттың қатаң құпиялылығын сақтауға міндеттенеді.
  2. Мұндай ақпаратты үшінші тұлғаларға беру, жариялау немесе жария ету екінші Тараптың жазбаша келісімімен ғана, сондай-ақ осындай ақпаратты алуға Қазақстан Республикасының заңнамасымен, АХҚО актілерімен тікелей уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды адамдардың талап етуі бойынша мүмкін болады.
Дауларды шешу
  1. Тараптар пайыз табысын алу мен төлеуге исламдық қаржыландыру қағидаттары жол бермейтінін мойындайды және келіседі және тиісінше осы Шарт бойынша тиесілі сомалар бойынша сотқа қандай да бір Тарап талап қойған кезде, бұл сот заңдар мен заңнаманың құқықтық актілерін қолдана отырып, талап қою бойынша сомаларға пайыздық кірісті төлеу бойынша міндеттеме жүктейтініне келіседі, Тараптар мұндай пайыздық кірісті өндіріп алу құқығынан қайтарымсыз және сөзсіз қатаң бас тартады және оны кері қайтарады.
  2. Шарт бойынша және/немесе оған байланысты Тараптар арасында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда олар АХҚО құқығын, сондай-ақ осы Шартта және АХҚО актілерінде реттелмеген бөлігінде қолданылатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығын қолдана отырып шешіледі.
  3. Егер Клиент Компанияға, Компанияның қызметкеріне немесе көрсетілетін қызметке шағым бергісі келсе, онда Клиент шағымдағы өз талаптарының мәнін егжей-тегжейлі сипаттап, оны Компанияға мынадай тәсілдердің бірімен жіберуі қажет:
  • электрондық пошта арқылы мына мекенжайға: [email protected];
  • тапсырыс хатпен мына мекенжайға:
  • "Астана қ. Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/23, кеңсе 233;"
  • "Алматы қ., Елебеков к-сі 10/1, VENUS БО, 1 блок."
  1. Шағымды алғаннан кейін Компания Клиентке шағымды алғаны туралы 7 (жеті) күн ішінде хабарлауға және Клиентке беруге міндеттенеді:
  • алынған шағымды қараумен айналысатын адамның аты-жөні және байланыс деректері;
  • Компанияның шағымдарды қарау рәсімдері туралы мәліметтер немесе сұрау салу бойынша рәсімнің көшірмесі.
  1. Қажет болған жағдайда Компания Клиентке оның шағымын қарау барысы туралы хабарлайды.
  2. Клиенттің шағымын шешу мақсатында Компания, егер бұл шағымның сипатын айқындау үшін қажет болса, Өтініште көрсетілген телефон нөмірі бойынша Клиентке қоңырау шала алады.
  3. Компания шағымды қарау нәтижелері және, егер қолданылса, ұсынылған өтем туралы шағымды алған сәттен бастап 20 (жиырма) күннен кешіктірмей хабарлайды.
  4. Компания мәселені мұқият талдағаннан кейін, ол дереу:
  • Клиентке тиісті тергеудің нәтижелері туралы жазбаша нысанда хабарлайды;
  • егер қолданылса, Клиентке ұсынылған өтемақыны береді; және
  • егер Клиент оны қабылдаса, өтемақы береді.
  1. Егер Клиент Компания ұсынған нәтижеге немесе (және) өтемге қанағаттанбаса, ол шағымды шешудің басқа тәсілдеріне құқылы. Мұндай басқа құралдарға төменде Шартта көзделген төрелік жатады.
  2. Басқа тараптар қатысатын шағымдар: егер Компания АХҚО басқа қатысушысы немесе кез келген басқа реттелетін қаржы институты шағымның нысанасы үшін толық немесе ішінара жауапты деп есептесе, Компанияның шағымды немесе оның тиісті бөлігін АХҚО басқа қатысушысына немесе кез келген басқа уәкілетті немесе реттелетін қаржы мекемесіне беруге құқығы бар. Алайда, Компания:
  • Клиентке шағым беруді жоспарлап отырғаны туралы жазбаша нысанда дереу хабарлайды және Клиенттен оған жазбаша келісім сұрайды;
  • егер Клиент келісім берсе, шағымды дереу басқа уәкілетті фирмаға немесе реттелетін қаржы мекемесіне жазбаша нысанда береді;
  • Клиентке шағымның берілгені туралы жазбаша нысанда дереу хабарлайды және қажетті байланыс деректерін ұсынады; және
  • басқа уәкілетті фирмаға немесе реттелетін қаржы мекемесіне берілмеген шағымның кез келген бөлігін өңдеуді жалғастырады.
  1. Шағымдар Компания алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қаралатын болады. Егер шағымның сипатына байланысты оны толық тергеу және шешім қабылдау үшін көп уақыт қажет болса, Компания Клиентке түпкілікті жауап берудің жуық мерзімі туралы хабарлайды.
  2. Тараптар келіссөздер жолымен реттеуге болмайтын Шартқа байланысты және оған қатысты туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Төрелік Регламентіне сәйкес Қазақстанның тұрақты жұмыс істейтін Төрелік сотында (бұдан әрі – Төрелік) қаралуға және түпкілікті шешілуге жатады деген келісімге келді.
  3. Төрелік мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Байзақов к-сі, 222 үй, 43 кеңсе. Байланыс телефондары: +7 705 603 26 51, Сайт: www.arbitsud.kz, е-маil: [email protected].
  4. Тараптар Шарттың қолданылу кезеңінде өз мекенжайларының және/немесе ұялы байланыс нөмірлерінің өзгергені туралы бір-біріне дереу жазбаша нысанда хабарлауға міндетті, өзге жағдайда төрелік өзіне және/немесе екінші Тарапқа өзіне белгілі соңғы мекенжайға және/немесе ұялы байланыс нөміріне берген ақпарат (шақыру қағазы, хабарландыру, SMS-хабарлама, Төрелік актілері) адресатқа жеткізілді деп есептеледі, ал ол жіберілген Тарап, ол хабарлама мен құжаттарды жіберу кезінде мекен-жайы мен ұялы нөмірін өзгертсе де, төрелік даудың қаралатын күні, уақыты және орны туралы тиісті түрде хабарланды деп есептеледі.
  5. Тараптар Төрелік Регламентімен, Төрешілер тізілімімен және Төреліктің алымдары мен кірістері туралы Ережемен танысқанын растайды.
  6. Тараптар жалғыз төрешіні – Д. К. Омарованы таңдау туралы келісімге келді.
  7. Тараптар жеке-дара төрешіні таңдау туралы келісімге қол жеткізбеген жағдайда, Қазақстан Төрелік Сотының төрағасы белгіленген мерзімде Регламентпен өз қалауы бойынша Тізілімнен жеке-дара төрешіні тағайындайды.
Қорытынды ережелер
  1. Осы Шарт Тараптардың толық уағдаластығын білдіреді. Әрбір Тарап оны осы Шарт жасасуға итермелеген осы құжатқа енгізілмеген қандай да бір куәландыруларға үміт артпағанын растайды.
  2. Егер осы Шарттың қандай да бір ережесі заңсыз немесе орындауға мүмкін емес болған жағдайда, бұл осы Шарттың негізгі мақсаты қол жетімсіз болып қалған, Тараптар осы Шартты басқа Тарапқа жазбаша хабарлама жіберу арқылы бұзуға құқылы жағдайларды қоспағанда, осы Шарттың қалған ережелерінің қолданылуына және орындалуына әсер етпейді.
  3. Клиент мыналарға қайтарылмайтын және мерзімсіз келісім береді:
  • ол туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге және Компанияның кредиттік есебін беруге;
  • Компанияның Клиент, осы Шарт және Клиенттің осы Шарт бойынша міндеттемелері туралы кез келген ақпаратты мемлекеттік және басқа да уәкілетті органдарға ашуға.
  1. Осымен Клиент Қазақстан Республикасының банк заңнамасына және АХҚО актілеріне сәйкес Компанияның, оның қызметкерлерінің, уәкілетті өкілдерінің, акционерге(лерге) және агенттерге банктік құпияны құрайтын кез келген немесе барлық ақпаратты ашуға өз келісімін береді:
  • Компания акционерлеріне, сондай-ақ Компания акционерлерінің еншілес ұйымдарына, аудиторларға, заң консультанттарына және Компанияның басқа да кәсіби консультанттарына;
  • үшінші тарапқа Шарт бойынша Компанияның құқықтары мен міндеттемелерін (оның ішінде болжамды) табыстауға немесе беруге байланысты үшінші тұлғаларға;
  • Компания мен оның акционерлерінің (акционерінің) қолданыстағы заңнама мен нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауы мақсатында Компанияның және оның акционерлерінің (акционерінің) қызметін қадағалауды және реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті шет мемлекеттің кез келген мемлекеттік органына.
  1. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарт сияқты нысанда орындалуы тиіс. Шарт Қазақстан Республикасы заңнамасының және/немесе АХҚО қағидаларының өзгерістеріне байланысты немесе Компанияның қалауы бойынша осы Шартта көзделген тәртіпке сәйкес біржақты тәртіппен өзгеруі мүмкін. Компания Клиентке ерекше маңызды өзгерістер туралы Клиент Компанияға қалдырған байланыс деректері бойынша хабарлауға құқылы. Егер Шарттың жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе, Компания жүргізген Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар барлық мүдделі тұлғаларды таныстыру мақсатында https://tayyab.kz/ Компанияның Интернет-сайтында немесе «Tayyab Digital App» мобильді қосымшасында олар орналастырылған немесе жаңартылған сәттен бастап күшіне енеді. Шартта, АХҚО актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Шартты біржақты бұзуға жол берілмейді. Шартты мерзімінен бұрын бұзу Клиенттің Шарт бойынша Компания алдындағы міндеттемелерін толық орындағаннан кейін ғана мүмкін болады.
  2. Шарт Шарттың жасалуына және орындалуына байланысты туындайтын барлық қатынастарға тікелей қолданылады.
  3. Шарт талаптары шеңберіндегі барлық хабарламалар, талаптар және өзге де құжаттар тиісті түрде жіберілген және Тараптар оларды адресат Тараптың уәкілетті өкіліне тапсырған (тапсырылғаны туралы белгісі бар) не Шартта көрсетілген Тараптардың мекенжайы бойынша пошта арқылы жіберген жағдайда алған болып есептеледі. Клиенттің хабарламаны, талаптарды және өзге де құжаттарды алған күні тапсыру туралы хабарламада көрсетілген күн болып есептеледі.
  4. Өтініште көрсетілген Клиенттің мекенжайының және/немесе байланыс нөмірінің өзгергені туралы хабарлама болмаған жағдайда, Шарт талаптары шеңберіндегі барлық хабарламалар, талаптар және өзге де құжаттар Компанияның соңғы белгілі мекенжайы және/немесе Клиенттің байланыс нөмірі бойынша жіберіледі және тиісті түрде жеткізілген болып есептеледі. Тараптар электрондық пошта немесе факсимильді байланыс арқылы жіберілген хабарламаларды, талаптарды және өзге де құжаттарды Тараптар тиісті ресімделген құжаттар ретінде қабылдайтындығы туралы өзара келісімге келді. Бұл ретте құжатты электрондық пошта немесе факсимильді байланыс арқылы жіберген күн тапсыру күні болып есептеледі.
  5. Осы Шартта тікелей көзделмеген барлық басқа жағдайларда Тараптар АХҚО актілерін, сондай-ақ АХҚО актілері мен заңдарына, Қазақстан Республикасы заңнамасының қағидаттарына қайшы келмейтін дәрежеде шариғат заңдары мен қағидаттарын басшылыққа алады.
  6. Өтінішке қол қою арқылы Клиент банктік құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ дербес деректерді қоса алғанда, Компанияның құпия ақпаратты ашуына келіседі:
  • АХҚО құқығының және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасының негізінде және оған сәйкес Компания қызметінің аудитін жүзеге асыратын тұлғаларға;
  • қолданыстағы АХҚО құқығына және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға;
  • АХҚО құқығы және/немесе Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы шеңберінде.
  1. Компанияның АХҚО құқығының және/немесе Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын орындауы үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Клиент Компанияның АХҚО құқығымен және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған кез келген шаралар мен іс-қимылдарды, операцияларды жүргізу мақсатында Компанияға ұсынылатын деректердің кез келген түрін тексеру/қайта тексеру шаралары мен әрекеттерін қабылдай алатынымен келіседі.
  2. АХҚО актілеріне сәйкес Компания АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетін немесе басқа органдарды ақшаны жылыстатумен немесе терроризмді қаржыландырумен айналысатынын өзі білетін немесе күдіктенетін немесе білуге немесе күдіктенуге ақылға қонымды негіздері бар кез келген тұлға туралы хабардар етуге міндетті болуы мүмкін. Бұл міндеттемелер өзге жағдайда Компанияның Клиент алдында болуы мүмкін кез келген құпиялылық міндеттемелерінің күшін жояды.
  3. Егер Клиент Клиенттерді тиісінше тексеруге, ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимылға, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға, санкциялар мен салық төлеуден жалтаруға қатысты өз міндеттемелерін орындау үшін Компания сұраған құжаттар мен ақпаратты беруден бас тартса, Компания қызметтің немесе осы Шарттың талаптарының барлық немесе кез келген бөлігін дереу және алдын ала ескертусіз тоқтатуға құқылы.
  4. Клиент Шартқа сәйкес берілген ақша қаражатын парақорлыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимылға, Қазақстан Республикасында терроризм мен санкцияларды қаржыландыруға қарсы іс-қимылға қатысты кез келген заңдарды бұзатын кез келген мақсаттарда тікелей немесе жанама пайдаланбауға тиіс.
  5. Өтінішке қол қою арқылы Клиент:
  • Шарттың талаптары мен ережелерімен танысқандығын, Шарттың талаптары мен ережелерін түсінетінін және қабылдайтынын және оларға қатысты болашақта Компанияға шағымдар болмайтынын растайды;
  • Шарттың талаптары мен ережелері және/немесе қолданыстағы АХҚО құқығы және/немесе Қазақстан Республикасы заңнамасы орындалмаған жағдайда, Шарт негізінде туындайтын салдарлармен, жауапкершілікпен және тәуекелдермен танысқандығын растайды;
  • Компания құқық қорғау органдарына және уәкілетті органға қолданыстағы АХҚО құқығын және/немесе Клиент жасаған Қазақстан Республикасының заңнамасын кез келген бұзушылықтар туралы хабарлауға құқылы екенін растайды;
  • жасалған Шартқа байланысты даулы жағдай туындаған жағдайда оның Компанияға, уәкілетті органға немесе төрелікке жүгіну құқығы туралы білетіндігін, сондай-ақ оған Компанияның орналасқан жерінің мекенжайы, пошталық мекенжайы және email, веб-сайтының мекенжайы хабарланғанын растайды;
  • ол жүзеге асыратын операциялар/мәмілелер, ол пайдаланатын Компания өнімдері/қызметтері байланысты емес және/немесе одан әрі мыналармен байланысты болмайтынын растайды:
  • қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру немесе осы әрекеттерге жәрдемдесу үшін пайдаланумен және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесумен, қолданыстағы АХҚО құқығының, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында көзделген рәсімдерден/іс-шаралардан жалтарумен;
  • қолданыстағы АХҚО құқығында және Қазақстан Республикасының заңнамасында, оның ішінде ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимылға, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға, АҚШ, Еуропалық одақ, БҰҰ, Ұлыбритания және/немесе осы Шарттың Халықаралық экономикалық санкциялары саласында көзделген талаптарды айналып өтуге және/немесе орындамауға бағытталған операцияларды/мәмілелерді жасаумен және оларды сақтау бойынша міндеттемені толық көлемде өзіне қабылдайды.
  1. Клиент Шартқа қол қою арқылы Клиенттің дербес деректерінде қамтылған кез келген деректер мен ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге: Компанияның қызметшілеріне/өкілдеріне / уәкілетті тұлғаларына және органдарына, оның ішінде алқалы органдарға, ұялы байланыс/пошта хабарламалары қызметтерін жеткізушілерге; Компанияның бағдарламалық жасақтамасын қолдайтын және оған қызмет көрсететін үшінші тараптарға, АХҚО құқығына және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті тұлғаларға/органдарға сөзсіз келісім береді. Жоғарыда көрсетілген келісім автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып/пайдаланбай дербес деректермен кез келген әрекетке (операцияға) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығына беріледі бұған мыналар қосылады, бірақ олармен шектелмейді: жинау, жазу, көшіру, резервтеу, қорғау, бақылау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, билік ету, қол жеткізу, салымшылардың дербес деректерін өңдеу құқығымен үшінші тұлғаларға беруді қоса алғанда, автоматтандырылған, механикалық, қолмен немесе Клиенттің дербес деректерін көшіруді, электрондық көшіруді және трансшекаралық беруді), сондай-ақ деперсонализациялауды, бұғаттауды, жоюды, өшіруді қоса алғанда, кез келген басқа әдістерді қамтиды.
  2. Дербес деректерді түзету: Клиент Компания оған қатысты сақтайтын кез келген дербес деректердің көшірмесін сұратуға құқылы. Егер дербес деректер іс жүзінде дәл емес, толық емес немесе өзекті емес болса немесе құқықтық ережелерді бұзатын тәсілмен өңделсе, Клиент мұндай деректерді түзетуді, толықтыруды, жоюды немесе бұғаттауды талап етуі мүмкін.
  3. Ашуға келісім: Осы Шартқа қосыла отырып, Клиент өз еркімен еркін әрекет етіп, оған барлық тиісті құқықтары мен өкілеттіктері бар, мерзімсіз негізде өзінің дербес деректері мен онымен байланысты үлестес тұлғалардың дербес деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға, сондай-ақ трансшекаралық беруге өзінің шартсыз, нақты, ақпараттандырылған және саналы келісімін береді.
  4. Жазбаларды сақтау: Клиент Компания осы Шартқа және Клиентпен қарым-қатынасқа қатысты барлық жазбаларды Клиентпен қарым-қатынас аяқталғаннан кейін кемінде 6 (алты) жыл бойы сақтай алатынын түсінеді және келіседі.
  5. АХҚО құқығына және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін жағдайларды немесе Компания алдында кез келген орындалмаған міндеттемелер болған жағдайды қоспағанда, жоғарыда көрсетілген келісімді Клиент Компанияға жазбаша өтініш арқылы кері қайтарып алуы мүмкін.
  6. Шартқа қол қою арқылы және Компанияның АХҚО құқығы және/немесе Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарын, халықаралық/үкіметаралық келісімдер талаптарын, сондай-ақ FATCA талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында, Клиент Компанияға операцияларды жүргізу мақсатында Компанияға ұсынылатын деректердің кез келген түрін алу, тексеру/қайта тексеру бойынша АХҚО құқығымен және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған шаралар мен іс-қимылдарды қабылдау, сонымен қатар жасалған Шарт, Клиент жүргізетін операциялар бойынша ақпаратты АХҚО құқығымен және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Шартпен белгіленген негіздерде және шектерде уәкілетті органға және басқа да құзыретті органдарға беру құқығын береді.
  7. Компанияның реттеуші мәртебесін, сондай-ақ Компания өз клиенттеріне ұсына алатын және мезгіл-мезгіл өзгеруі мүмкін қаржылық қызметтердің түпкілікті тізбесін АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитетінің жария тізілімінде мына мекенжай бойынша тексеруге болады:
  8. https://publicreg.myafsa.com/roc/.
  9. Компания Исламдық қаржы институты болып табылады және оның қызметі Шариат принциптеріне/нормаларына сәйкес және Шариат принциптері жөніндегі сарапшылық кеңестің бақылауында жүзеге асырылады, оның құрамының мәліметтері Компанияның ресми интернет-сайтына https://tayyab.kz/ орналастырылған. Клиент шариаттық бақылаулардың тәртібі мен жиілігі туралы ақпарат алу құқығына ие, ол үшін осы Шарта көрсетілген ресми байланыстарға хабарлама жіберуі тиіс.
  10. Қызмет көрсету кезінде Компания мәмілелер мен транзакцияларды клиенттер арасында, Клиент пен Компания арасында мүдделер қақтығысын болдырмайтындай ұйымдастырады.
  11. Компания Клиентке әділ қарауға кепілдік береді: Компания Клиентке мүдделер қақтығысына немесе материалдық мүдделерге қатысты әділ қарауға міндеттенеді. Мүмкіндігінше, Компания мүдделер қақтығысын болдырмауға немесе басқаруға тырысады, соның ішінде, мысалы, тиісті ақпараттың берілуін шектеу үшін тиімді ақпараттық кедергілерді орнату немесе қолдау арқылы болдырмауға немесе басқаруға тырысады. Егер Компания мүдделер қақтығысын болдырмау немесе басқару үшін қабылдаған шаралар Клиенттің мүдделеріне залал келтіру тәуекелдерінің алдын алатынына ақылға қонымды сенімділікпен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болған жағдайда, Компания Клиентке мүдделер қақтығысының жалпы сипатын және/немесе көздерін ашуға міндеттенеді және одан Компанияның осындай жанжалға немесе материалдық қызығушылықға қарамастан әрекет етуіне келісім беруін сұрайды. Егер Клиентке және Компанияның басқа клиенттеріне әділ қараудың басқа мүмкін әдісі жоқ деп есептесе, Компания әрекеттен бас тартуға құқылы.
  12. Көтермелеулер: Осымен Компания өзінің де, оның қызметкерлерінің де, Компаниямен үлестес тұлғалардың да, егер мұндай көтермелеулер Компанияның Клиент алдындағы кез келген міндеттемелеріне жеткілікті түрде қайшы келетін болса, Шарт талаптарында белгіленбеген комиссиялар, сыйлықтар немесе тікелей немесе жанама пайда сияқты көтермелеулерді ұсынуға, табыстауға, сұратуға немесе қабылдауға құқығы жоқ екеніне кепілдік береді.
  13. Шарт бірдей заңды күші бар ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде жасалды. Мәтіндерде сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, орыс тілінде орындалған Шарт мәтінін түсіну үшін дұрыс деп санау керек.
Компания деректемелері:
«Tayyab Finance Ltd.» Жеке компаниясы, БСН 211140900393, АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті берген 29.05.2024 ж. № AFSA-A-LA-2024-0012 лицензия, заңды мекен-жайы: Астана қ. Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/23, кеңсе 233, банк шоты KZ1782112U7L10000001, АҚ ""Банк ""Bank RBK"", БИК: KINCKZKA.

+7 (707) 114-99-33
Сұрақтарыңыз болса, осы нөмірге жазыңыз
Әлеуметтік желілер
©2025 Tayyab Central Asia Ltd. Барлық құқықтар қорғалған.
Tayyab
Мобильді қосымша
Visa® — тіркелген тауар белгісі, ал оның дизайны — Visa Incorporated компаниясының тауар белгісі.

Tayyab Central Asia LTD қызметтерді “Bank RBK” АҚ-мен бірлесіп көрсетеді (лицензия №1.2.100/245/41, берілген күні: 05.04.2021 ж., лицензия беруші — ҚР ҚНРДА).

Tayyab Finance Ltd. қызметін AFSA-A-LA-2024-0012 лицензиясы негізінде жүзеге асырады (берілген күні: 29.05.2024 ж.), лицензияны АХҚО Providing Islamic Finance комитеті исламдық қаржылық қызмет көрсету саласында берген.
Камераңызды QR-кодқа бағыттаңыз
Tayyab қосымшасын дәл қазір жүктеп алыңыз!
Пайызсыз (риба) және жасырын комиссиясыз заманауи қаржы технологияларын пайдаланыңыз

Шариғат кеңесінің сертификаты

AFSA лицензиясы

Әлеуметтік желілер

Tayyab
Мобильді қосымша

Компания жайлы

Байланыс

Дебеттік карта

Депозит

Қайта қаржыландыру

Автоқаржыландыру

Меню

Қазақша

English

Русский

Сайт тілі