Cookies пайдалану саясаты Осы cookies пайдалану саясаты (бұдан әрі - Саясат) «Tayyab Central Asia Ltd» жекеменшік компаниясының (БСН 200640900169, Астана Халықаралық қаржы орталығының Компаниялар тіркеушісі 17.06.2020 ж. тіркеген) (бұдан әрі - Компания) сайтында cookies файлдарын пайдалану тәртібін реттейді.
1. ІР-МЕКЕНЖАЙ, КУКИСТЕР (COOKIES) және МОБИЛЬДІ СӘЙКЕСТЕНДІРГІШТЕР 1.1. Өз Сайтының қызметі аясында, Компания Кукистер (куки, cookies), пикселдер (pixels), және жергілікті қойма (Сіздің браузеріңізде де, немесе мобильді құрылғыда да) сияқты технологиялар көмегімен белгілі бір ақпарат жинай алады.
1.2. КУКИСТЕР (COOKIES) - бұл ақпаратты пайдаланушының компьютерінде, оның ұялы телефонында немесе басқа құрылғыда тікелей сақтайтын шағын мәтіндік файлдар.
1.3. Пикселдер (pixels) – басқа серверге веб-беттің қаралуын өлшеуге мүмкіндік беретін веб-беттердегі кодтардың бөлігі болып табылатын және көбінесе кукиспен (cookies) бірге қолданылатын шағын цифрлық кескіндер. Код пайдаланушының Сайт бетімен немесе бетінің бір бөлігімен өзара әрекеттесетінін көрсету үшін пиксель қашан (және қай бетте) жүктелгенін қадағалайды.
1.4. Кукис (cookies) көмегімен веб-сервер, мысалы, Пайдаланушының компьютерінде, оның ұялы телефонында немесе келесі кірген кезде автоматты түрде қалпына келтірілетін басқа құрылғыда(ларда) қалаулар мен теңшеулерін сақтай алады. Немесе басқаша айтқанда, кукис (cookies) файлдары, басқалармен қатар, Сайтты пайдалануды неғұрлым ыңғайлы ету үшін, мысалы, Пайдаланушы келесі кірген кезінде жүйеге кіру процесін қайталамауы үшін қызмет етеді. ЖШС тұрақты және сессиялық cookie файлдарын пайдаланады. Тұрақты cookie файлдары Пайдаланушының компьютерінде ұзақ уақыт ішінде қалады, ал браузер терезесі жабылған кезде сессиялық кукилер автоматты түрде жойылады.
1.5. Компания куки файлдарын Сайт жұмысын қамтамасыз ету және Сайт жұмысының тиімділігін арттыру үшін, сондай-ақ Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес аналитикалық ақпарат алу үшін пайдаланады.
2. ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ 2.1. Кукис (Cookies): Негізгі компьютерлік (десктоптық) және мобильді веб-браузерлердің көпшілігі (мысалы, Safari, Firefox, Internet Explorer, Chrome, Opera) пайдаланушыға сіздің жүйелеріңізге Кукис (Cookies) орнатуды шектеуге немесе бұғаттауға мүмкіндік беретін басқару элементтерін қамтамасыз етеді. Назар аударыңыз, бірінші санаттағы домендерге (кіретін сайттарға) және басқа домендерге (кіретін сайттарға байланысты сайттарға) қатысты Кукистерді (Cookies) өшіру кейбір жағдайларда осы веб-сайттардың шектеулі функционалдығына әкелуі мүмкін.
2.2. "Қабылдау" батырмасын басу немесе Компанияның сайтын пайдалануды жалғастыра отырып Пайдаланушы осы cookies файлдарын пайдаланумен келіседі.
3. ӨЗГЕ ДЕ ЕРЕЖЕЛЕР 3.1. Осы Саясатқа және Саясатты қолдануға байланысты туындайтын Пайдаланушы мен Компания арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығы қолданылуға жатады.
3.2. Осы Саясаттан туындайтын барлық ықтимал даулар Компанияның тіркелген жері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешілуге жатады.
3.3. Сотқа жүгінер алдында Пайдаланушы міндетті сотқа дейінгі тәртіпті сақтауға және Компанияға жазбаша түрде тиісті шағым жіберуге тиіс. Шағымға жауап беру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.
3.4. Егер сол немесе басқа себептер бойынша Саясаттың бір немесе бірнеше ережесі жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылған болса, бұл Саясаттың қалған ережелерінің шынайылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.
3.5. Компания Саясатты кез келген сәтте Пайдаланушының алдын ала келісімінсіз біржақты тәртіппен (толық немесе ішінара) өзгертуге құқылы. Барлық өзгерістер оны Сайтқа орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
3.6. Пайдаланушы өзекті редакциямен танысу арқылы Саясаттың өзгерістерін дербес бақылауға міндеттенеді.
3.7. Осы Саясат бойынша барлық ұсыныстарды немесе сұрақтарды
[email protected] электрондық поштасы бойынша немесе +7 707 114 99 33 телефондары арқылы хабарлау керек.