Error get alias
Error get alias
Error get alias
Error get alias
Сайтты пайдалану туралы келісім tayyab.kz

«Tayyab Central Asia Ltd» жекеменшік компаниясы (БСН 200640900169, Астана Халықаралық қаржы орталығының Компаниялар тіркеушісі 17.06.2020 ж. тіркеген) директоры Д.К. Успановтың тұлғасында, осы tayyab.kz Сайтын пайдалану туралы Келісімді жасау туралы офертаны Оферта шарттарын осы Келісімде белгіленген тәртіппен оның барлық шарттарымен толық және сөзсіз келісу арқылы қабылдай алатын жеке немесе заңды тұлғаға бағыттайды.

Пайдаланушы Келісімнің қандай да бір шарттарымен келіспеген жағдайда, Келісім жасалмайды, және Пайдаланушының Сайтты пайдалануға құқығы болмайды. Бұл жағдайда Пайдаланушы Сайттан кетуге келіседі.


1. ОСЫ САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

1.1. Осы tayyab.kz Сайтын пайдалану туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) мақсаттары үшін мынадай терминдер пайдаланылатын болады:

1.1.1. «Сайт иесі» — «Tayyab Central Asia Ltd» жекеменшік компаниясы (БСН 200640900169.

1.1.2. «Сайт» - веб-беттердің, бөлімдердің, қосымшалардың, сервистердің жиынтығынан (бұдан әрі – беттер), контенттен, сондай-ақ осы ақпараттың Интернет желісінде желілік мекенжай (домендік ат): https://tayyab.kz қолжетімділігін қамтамасыз ететін тиісті бағдарламадан тұратын tayyab.kz сайты, оның ішінде Сайттың мобильді нұсқасы.

1.1.3. «Контент» — дизайн элементтері бар Сайттың ақпараттық, аналитикалық және өзге де материалдары, суреттер, графикалық кескіндер, фотосуреттер, скрипттер, мәтіндер, видео, музыка, дыбыстар және/немесе зияткерлік қызметтің нәтижесі болып табылатын немесе сол сияқты болып табылмайтын, құқықтары сайт Иесіне, Пайдаланушыларға немесе үшінші тұлғаларға тиесілі басқа да объектілер.

1.1.4. «Пайдаланушы» — 16 жасқа толған, сот әрекетке қабілеттілігінен айырмаған немесе шектемеген кез келген жеке тұлға немесе заңды тұлға.

1.1.5. «Дербес деректер» - Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолжетімділігі шектеулі дербес деректер санатына жатқызылған Пайдаланушы туралы мәліметтер (тегі, аты, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайлары, қолжетімділіктің есептік деректері: құпиясөз, логин/бүркеншік аты/аты және т.б.).


2. КЕЛІСІМНІҢ МӘНІ

2.1. Осы Келісім Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 395-бабының 5-тармағына сәйкес жария шарт-оферта (ұсыныс) болып табылады. Сайт иесі кез-келген Пайдаланушыға Сайтты Келісімде көрсетілген шарттар мен тәртіппен пайдалануға мүмкіндік береді.

2.2. Келісім Пайдаланушы Сайтты пайдалану (Сайтты қарау, Сайтта орналастырылған сілтемелер бойынша өту) арқылы оның шарттарымен (акцепт) келісімін берген сәттен бастап күшіне енеді, бұл Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 396-бабы 3-тармағының мағынасы бойынша Сайт иесінің офертасын қабылдау (акцепт) болып табылады.

2.3. Келісімнің шарттары ешқандай ескертпелерсіз, шектеулерсіз және ерекшеліктерсіз толық көлемде ғана қабылдануы мүмкін. Пайдаланушының өз келісімін білдіруі Пайдаланушының Келісім шарттарын, оның ішінде Пайдаланушының Сайтта қолданылатын мінез-құлық ережелерін сақтау міндетін тудыратын азаматтық-құқықтық шарт жасасуын білдіреді.


3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1. Пайдаланушы құқылы:

3.1.1. Сайтты пайдалануды тоқтатуға және осы Келісімді бұзуға;

3.1.2. Өзінің дербес деректерін кері қайтарып алуға және оларды жоюды талап етуге, бұл автоматты түрде осы Келісімнің қолданылуын тоқтатуға әкеп соғады;

3.1.3. Қосымшасын орнату үшін Сайтта орналастырылған сілтемелерді пайдалануға;

3.1.4. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

3.2. Пайдаланушының міндеттері:

3.2.1. Келісімнің 3.3.1. тармақшаларына сәйкес енгізілген өзгерістермен танысу мақсатында осы Келісімнің мазмұнымен Сайтта мезгіл-мезгіл танысып отыру;

3.2.2. Сайт иесінің және/немесе өзге үшінші тұлғалардың Контентке және/немесе оның қандай да бір элементтеріне зияткерлік құқықтарын бұзбау, атап айтқанда, Пайдаланушының Сайтта тікелей рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда (мысалы, әлеуметтік желілер арқылы "бөлісу" функциялары), Сайт иесінің жазбаша келісімінсіз Сайт иесі орналастырған материалдарды коммерциялық мақсаттарда (мәтіндік, графикалық, аудио/видео және т.б.) көшіруге, таратуға, жіберуге, жариялауға және өзге түрде таратуға және жаңғыртуға құқығы жоқ;

3.2.3. Келісімде көзделген және/немесе Сайт беттерінде орналастырылған өзге де талаптарды сақтау және өзге де міндеттемелерді орындау

3.3. Сайт иесінің құқықтары:

3.3.1. Өз қалауы бойынша кез келген уақытта осы Келісімдегі кез келген ережелерді (толығымен немесе ішінара) өзгерту, редакциялау, қосу, толықтыру, алып тастау немесе жою. Бұл ретте Келісімнің жаңа редакциясы, егер Келісімнің жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе, Сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді;

3.3.2. Пайдаланушыларға ақпараттық хабарламалар жіберу. Сайтты пайдалана отырып, Пайдаланушы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөміріне ақпараттық хабарламаларды алуға келіседі;

3.3.3. Кез келген уақытта Сайттың безендірілуін және пайдаланушылық интерфейсін, оның мазмұнын, ұсынылған функциялардың мазмұнын өзгерту, пайдаланылып отырған скрипттерді, бағдарламалық қамтымды, Контентті және Сайтта қолданылып жүрген немесе сақталып отырған басқа да объектілерді және кез келген Қосымшаларды Пайдаланушыға хабарламай өзгерту немесе толықтыру;

3.3.4. Өз қалауы бойынша кез келген Контентті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Келісімнің ережелерін, басқа Пайдаланушылардың, өзге үшінші тұлғалардың және мемлекеттің құқықтарын бұзатын және/немесе бұзуы, оларға зиян келтіруі немесе қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін контентті және/немесе ақпаратты қандай да бір себепсіз және ескертусіз жою;

3.3.5. Өз қалауы бойынша кез келген ақпаратты (Пайдаланушының түсініктемелерін, хабарламаларын, мәртебелерді, өзге де ақпаратты және өзге де материалдарды қоса алғанда), оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе осы Келісімнің ережелерін бұза отырып Пайдаланушы сайтқа орналастыратын ақпаратты жою;

3.3.6. Өз қалауы бойынша Сайтта орналастырылған осындай немесе басқа материалдарға түсініктеме берудің техникалық мүмкіндігін өшіру;

3.3.7. Сайтқа, сондай-ақ оның Контентіне қатысты меншікті зияткерлік құқықтарын қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған кез келген шараларды қолдану.

3.5. Сайт иесінің міндеттері:

3.5.1. Келісім шарттарының өзгергені туралы Сайтта ақпарат жариялау арқылы Пайдаланушыны хабардар ету;

3.5.2. Осы Келісімде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей айтылған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде Пайдаланушының дербес деректерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету және оны үшінші тұлғаларға бермеу.


4. КЕЛІСІМНІҢ ЕРЕКШЕ ШАРТТАРЫ

4.1. Пайдаланушы растайды, кепілдік береді және келіседі:

4.1.1 Өзінің дербес деректерін тек осы Келісімнің шарттарын іске асыру мақсаттары үшін жинау, өңдеу және сақтау процесін білдіретінін түсінеді және сайт Иесіне осы мәселе бойынша ешқандай наразылық білдірмеуге міндеттенеді;

4.1.2. Алаяқтық сипаттағы іс-әрекеттерді жүзеге асырмайтын, оның ішінде сайт Иесі қолданатын техникалық қорғау құралдарын айналып өтуді және/немесе бұзуды қоса алғанда, кез келген алаяқтық іс-әрекеттерге қолдау көрсетпейтін болады.

4.2. Пайдаланушыға тыйым салынады:

4.2.1. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни өшпенділік пен қастастықты қоздыратын насихаттауды немесе үгіттеуді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тілдік және өзге де артықшылықты насихаттауды жүзеге асыруға;

4.2.2. Егер Пайдаланушы заңға немесе осы ақпаратты ашу шартына сәйкес жеткілікті құқықтарға ие болмаса, үшінші тұлғалардың қолжетімділігі шектеулі ақпаратты (құпия ақпаратты) Сайтта орналастыруға немесе хабарламалар, түсініктемелер арқылы беруге;

4.2.3. Келісімде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларды, сондай-ақ Сайтта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, авторлық және өзге де айрықша құқықтардың объектісі болып табылатын басқа Пайдаланушыларды немесе үшінші тұлғалардың алдын ала рұқсатынсыз Сайттың, олардың Контентін толығымен немесе бөліп-бөліп жариялауға, жаңғыртуға, қайта өңдеуге, таратуға, Сайтта жариялауға, жалпы жұрттың назарына жеткізуге, беруге, сатуға немесе өзге де тәсілмен пайдалануға;

4.2.4. Мазмұны жеке және заңды тұлғалардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін, сол сияқты нормативтік емес лексикасы, зорлық-зомбылыққа, терроризмге, қазіргі билікті, конституциялық құрылысты күштеп құлатуға шақыратын, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын немесе бұзу арқылы қауіп төндіретін, сондай-ақ елдің әл-ауқаты мен тұтастығына нұқсан келтіретін хабарламаларды, түсініктемелерді, графикалық бейнелерді немесе басқа да материалдарды (оның ішінде шындыққа сәйкес келмейтін) Сайтта орналастыруға;

4.2.5. Сайтта порнографиялық сипаттағы материалдарды немесе осындай материалдарды қамтитын интернет-сайттарға гипермәтіндік сілтемелерді орналастыруға;

4.2.6. Сайттың және/немесе Сайт элементтерінің жұмыс істеуін тұрақсыздандыруға бағытталған іс-қимылдарды жүзеге асыруға, Сайтты және/немесе Сайт элементтерін немесе олардың жабық бөлімдерін (оның ішінде сайт Иесіне ғана қол жеткізуге рұқсат етілген бөлімдерді) басқаруға рұқсат берілмеген қол жеткізу әрекеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ кез келген өзге ұқсас іс-әрекеттерді жүзеге асыруға;

4.3. Пайдаланушы мыналарға шартсыз келісімін береді (осы келісімнен басқа жеке келісім талап етілмейді):

4.3.1. Сайт иесінің уәкілетті органдарға және мүдделеріне Пайдаланушы тиетін үшінші тұлғаларға оның Сайт беттеріндегі іс-әрекеттеріне байланысты ақпаратты тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда ғана беруіне;

4.3.2. тіркеу кезінде Сайтқа берілген оның дербес деректерін жинауға, өңдеуге және оларды ерекше жағдайларда және Сайт мекенжайына олардың өз функцияларын орындауына байланысты негізделген заңды сұрау салуды ұсынған уәкілетті мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша ғана таратуға.

Осы келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын тиісті ақпаратты немесе жоғарыда көрсетілген ақпаратты қамтитын құжаттарды сақтау мерзімі өткенге дейін беріледі.


5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

5.1. Пайдаланушы үшінші тұлғалардың алдында Есептік жазбаны пайдалануға, Сайтта түсініктемелер/хабарламалар орналастыруға байланысты өз әрекеттері үшін, оның ішінде, егер мұндай әрекеттер үшінші тұлғалардың не Пайдаланушының құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға әкелетін болса, дербес жауапты болады.

5.2. Пайдаланушы Сайтта жасалған барлық әрекеттер үшін жауап береді.

5.3. Сайт иесі Пайдаланушының немесе кез келген үшінші тұлғалардың алдында кез келген тікелей және/немесе жанама залалдар, соның ішінде жоғалған пайда немесе жоғалған деректер, Сайтты пайдалануына немесе Пайдаланушының коммуникацияларына рұқсат берілмеген қол жеткізуіне байланысты ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне келтірілген зиян үшін жауапты болмайды.

5.4. Сайт иесі Пайдаланушының Контентті жүктеуіне қатыспайды, оның әрекеттерін немесе әрекетсіздігін бақыламайды және олар үшін жауап бермейді.

5.5. Сайт иесі Пайдаланушылар орналастырған түсініктемелерге/хабарламаларға алдын-ала немесе кейінен модерация жасау құқығын өзіне қалдырады, оның нәтижелері бойынша оларды жою туралы шешім қабылдай алады.

5.6. Сайт иесі Пайдаланушыға Сайтқа немесе оның жеке функцияларына рұқсат беруден бас тартылған, не мұндай қолжетімділік тоқтатылған және/немесе бұғатталған Келісімнің шарттарын Пайдаланушының бұзғанын куәландыратын қандай да бір дәлелдемелерді, құжаттарды және басқаларды ұсынуға міндетті емес.

5.7. Сайт иесі Пайдаланушының алдында Сайт жұмысындағы түсініктеме қалдыра алмауына немесе Сайттағы сілтемелер бойынша өту мүмкіндігіне байланысты техникалық ақаулар үшін жауапты болмайды.


6. ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУ

6.1. Пайдаланушы Сайтқа, ондағы қандай да бір ақпаратқа немесе оның жұмысын жалғастыруға сүйенбеуі тиіс. Сайт иесі ешқандай тікелей кепілдіктер немесе уәделер бермейді, Сайт Пайдаланушының талаптарына сәйкес келетініне, қызметтер үздіксіз, жылдам, сенімді және қатесіз ұсынылатынына; Сайтты пайдалану арқылы алуға болатын нәтижелердің дәл және сенімді болатынына; Сайтты пайдалану арқылы алынған кез-келген өнімнің, қызметтердің, ақпараттың және Контентің сапасы Пайдаланушының күткеніне сәйкес келетініне; Сайттың барлық қателері түзетілетініне қандай да бір кепілдіктер бермейді.

6.2. Сайт ұсынатын ақпарат пен қызметтерді пайдаланбас бұрын, Пайдаланушы осы Келісімді жасасу үшін барлық қажетті құқықтар мен өкілеттіктерге ие екеніне көз жеткізуге міндетті.

6.3. Осы Келісімнің шарттарымен танысу, сондай-ақ осы Келісімнің өзектілігін қадағалау Пайдаланушының жауапкершілігі болып табылады.

6.4. Cайт беттері мен мазмұнын пайдалану үшін жауапкершілік толығымен Пайдаланушыларға жүктеледі. Пайдаланушылар Сайт ұсынатын контент олардың қажеттіліктері мен талаптарына сәйкес келетініне өздері көз жеткізуге міндетті.


7. КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ

7.1. Осы Келісім Пайдаланушының Сайтты қарау жолымен оның шарттарымен келісімін (акцепт) берген сәттен бастап күшіне енеді және белгілі бір мерзімде қолданылмайды.

7.2. Сайт иесі Пайдаланушыны хабардар етпей және себептерін түсіндірместен кез келген уақытта Сайтқа кіруді және оны пайдалану мүмкіндігін дереу тоқтата отырып, бір жақты соттан тыс тәртіппен және Пайдаланушы Келісімнің шарттарын және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын кез келген, оның ішінде бір мәрте бұзған жағдайда қандай да бір шығындарды, залалдарды өтемей-ақ келісімді тоқтатуға құқылы.

7.3. Пайдаланушы Келісімнің шарттарын және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бір рет немесе жүйелі бұзған жағдайда, Сайт иесі Пайдаланушыға хабарламай және себептерін түсіндірмей, қандай да бір шығындарды, залалдарды өтемей немесе келісім бойынша алынғанды қайтармай, Сайт Контентіне қол жеткізуді және түсініктеме беру мүмкіндігін кез келген уақытта тоқтата тұруға құқылы. Қолжетімділікті беруді қалпына келтіру мерзімдерін Сайт иесі өздігінен анықтайды.

7.4. Пайдаланушы кез келген уақытта және себептерін түсіндірместен осы Келісімде айтылған шарттарда бір жақты соттан тыс тәртіппен, тәсілдермен Келісімнің қолданысын тоқтатуға құқылы.


8. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

8.1. Осы Келісім Сайт Контентіне түсініктеме беру мүмкіндігін пайдалану тәртібіне қатысты Пайдаланушы мен Сайт иесі арасындағы азаматтық-құқықтық шарт болып табылады және олар болған жағдайда Пайдаланушы мен Сайт иесі арасындағы барлық алдыңғы келісімдерді алмастырады.

8.2. Осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Осы Келісімде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады. Осы Келісіммен реттелетін қатынастардан туындайтын барлық ықтимал даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстанның материалдық құқық нормалары бойынша шешіледі. Осы Келісімнің мәтіні бойынша барлық жерде, егер өзгесі анық көрсетілмесе, "заңнама" термині деп Қазақстан Республикасының заңнамасы түсініледі.

8.3. Егер сол немесе басқа себептер бойынша осы Келісімнің бір немесе бірнеше ережесі жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылған болса, бұл Келісімнің қалған ережелерінің шынайылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.

8.4. Пайдаланушы немесе басқа пайдаланушылар Келісімдердің ережелерін бұзған жағдайда Сайт иесінің тарапынан әрекетсіздік Сайт иесін кейінірек өз мүдделерін қорғау үшін тиісті әрекеттерді жасау құқығынан айырмайды, сондай-ақ кейіннен осындай немесе ұқсас бұзушылықтар жасаған жағдайда Сайт иесінің өз құқықтарынан бас тартуын білдірмейді.


*Қызметті "Bank RBK" АҚ ұсынады, лицензия №1.2.100/245/41 05.04.2021 ж. АҚ ҚНРДА берген
Visa® тіркелген тауар белгісі болып табылады, ал дизайн Visa Incorporated тауар белгісі болып табылады.
© Tayyab Central Asia Ltd. | Барлық құқықтар қорғалған 2021.
тек хабарламалар
Техниқалық қолдау
«Tayyab Central Asia Ltd. ЖК» AFSA-ға қандай да бір исламдық қаржылық қызметтерді ұсынуға өкілеттік берілмеген, барлық қаржылық қызметтерді қазіргі уақытта тек қана серіктес - "Bank RBK" АҚ ұсынады. Бұл ретте еншілес компания "Tayyab Finance Ltd." providing islamic financing лицензиясын алу процесін бастағанына назарыңызды аударамыз.
Tayyab Central Asia – Astana Hub цифрлық технологиялар паркінің мүшесі
Біздің серіктес болыңыз