Қолдау көрсету қызметімен чат
Алғашқы цифрлық Исламдық қаржы қызметі
Мәзір
Біз жайлы
Науқандар мен жеңілдіктер
Tayyab Гид
Басқа өнімдер
Біз әлеум. желіде
Мәзірді жабу
ЖАҚЫНДА
Ассалаумағалейкүм!
Сізді «tayyab» ислам төлем картасын алғаныңызбен құттықтаймыз. Ұялы телефонға арналған «tayyab» қосымшасымен бірге Сіз Шариғат нормаларына сәйкес жаңа қаржылық технологияларды пайдалана аласыз.
Ислам қаржысының кәдімгі қаржыдан айырмашылығы неде?
Кез келген классикалық (исламдық емес) банктің қызметі рибаға (өсімқорлыққа) негізделген. Шариғат ақшаны пайызға беруге тыйым салған және ол ауыр күнәлардың бірі болып табылады. Тіпті Сіз несиені пайызбен алмай, жай ғана қаражатты қарапайым банктің шотында немесе картасында сақтасаңыз да, онда Сіздің ақшаңыз «пайызбен» орналастыру үшін пайдаланылады, ал сіз Шариғат тыйым салған риба үдерістерінің қатысушысы боласыз.
Біздің клиенттеріміздің өмір салтын біле отырып, өзіміз де оны ұстанатын болғандықтан, біз бір мобильді қосымшада намаз уақытын, Құбыла компасын, Зикр есептегішін, бір жылға арналған мұсылман мерекелерінің күнтізбесін, Зекет есебін, сондай-ақ жақын маңдағы мешіттерді, намазханалар мен халал-дәмханаларды оңай табуға арналған карталарды ұсынамыз.
Біздің клиент болу үшін бөлімшеге барып, күтудің қажеті жоқ. Мобильді қосымшаны жүктеп алып, онлайн тіркеуден өтсеңіз жеткілікті, бірден ыңғайлы ақша аударымдарын жасап, сауданыңызды төлеп, рухани және ішкі құндылықтарыңызға сәйкес жеке қаржыңызды басқара аласыз.
Tayyab карталарындағы ақша қалдықтарын серіктес банк пайыздық табыс (риба) алу үшін пайдаланбайды;
Карталар бойынша ақша қалдықтарына пайыздар (риба) есептелмейді;
Карта казинода, сондай-ақ құмар ойын және лотерея бизнесінің кез келген мекемелерінде төлеуге арналмаған;
Карта алкоголь және темекі өнімдерін сататын мамандандырылған дүкендерде ақы төлеуге арналмаған (шектеу өнімдерді сататын әмбебап дүкендерге қолданылмайды);
Карта барлар мен түнгі клубтардың тауарлары мен қызметтеріне ақы төлеуге арналмаған (шектеу мейрамханалар мен кафелерге қолданылмайды).
«Tayyab» «Shariyah Review Bureau» Халықаралық Шариғат Кеңесі (Сауд Арабиясы) берген сертификатқа ие. Сіз онымен келесі сілтемеден таныса аласыз: Халықаралық сертификат Шариғат.
Неге «tayyab» Халал?
Tayyab карталарындағы ақша қалдықтарын серіктес банк пайыздық табыс (риба) алу үшін пайдаланбайды;
Карталар бойынша ақша қалдықтарына пайыздар (риба) есептелмейді;
Карта казинода, сондай-ақ құмар ойын және лотерея бизнесінің кез келген мекемелерінде төлеуге арналмаған;
Карта алкоголь және темекі өнімдерін сататын мамандандырылған дүкендерде ақы төлеуге арналмаған (шектеу өнімдерді сататын әмбебап дүкендерге қолданылмайды);
Карта барлар мен түнгі клубтардың тауарлары мен қызметтеріне ақы төлеуге арналмаған (шектеу мейрамханалар мен кафелерге қолданылмайды).
«Tayyab» «Shariyah Review Bureau» Халықаралық Шариғат Кеңесі (Сауд Арабиясы) берген сертификатқа ие. Сіз онымен келесі сілтемеден таныса аласыз: Халықаралық сертификат Шариғат.
Неге «tayyab» Халал?
«Tayyab» картасы мен қосымшасының мүмкіндіктері
Тауарлар мен қызметтерді комиссиясыз тікелей қосымшада төлеңіз;
Ақшаны достарыңызға және туған-туыстарыңызға tayyab-тан tayyab-қа тегін аударыңыз;
Бүкіл әлем бойынша түйісусіз карточкалық төлемдер (paypass);
Ақшаны төрт валютада сақтаңыз (KZT, USD, EUR, RUR);
Валюталарды тиімді бағамдар бойынша тегін айырбастаңыз;
Басқа банктің картасына оңай аударыңыз;
Tayyab қосымшасында карта бойынша лимиттерді басқарыңыз;
Картаны бір пернемен-ақ бұғаттаңыз және бұғаттан шығарыңыз;
Карта деректемелерін жіберіңіз;
Шоттар бойынша операциялардың тарихын «Tayyab» қосымшасынан қараңыз;
Картадағы ақшаны толықтыру және шешіп алу туралы жедел хабарлама алыңыз.
Картаны қалай белсендіруге болады:
Картаңызды алғаннан кейін оны белсендіру қажет. Картаны белсендіру үшін tayyab қосымшасында «Менің карталарым» бөліміне өтіп, ПИН кодты орнатыңыз. Белсендіру жүргізілді.
Картаны қалай толықтыруға болады:
Кез келген банктің картасынан аудару арқылы. (Карта нөмірін білу қажет) - жөнелтуші банк комиссия алады;
1
Tayyab мобильді қосымшасында tayyab басқа картасына аудару;
2
Qiwi және Касса 24 терминалдары арқылы. (Алушы картасы нөмірінің соңғы 4 санын және алушының ЖСН білу қажет) - комиссия алынады;
3
«Bank RBK» АҚ кеңселерінде қолма-қол ақшамен (Өзіңізбен бірге жеке куәлікті ала келіп, алушының аты-жөні мен картасының нөмірін білу қажет);
4
«Bank RBK» АҚ cash-in банкоматы арқылы (теңгемен ғана).
5
Сізге пайдалануыңыздың жағымды болуын тілейміз.
*Қызметті "Bank RBK" АҚ ұсынады, лицензия №1.2.100/245/41 05.04.2021 ж. АҚ ҚНРДА берген
Visa® тіркелген тауар белгісі болып табылады, ал дизайн Visa Incorporated тауар белгісі болып табылады.
© Tayyab Central Asia Ltd. | Барлық құқықтар қорғалған 2021.
тек хабарламалар
Техниқалық қолдау
«Tayyab Central Asia Ltd. ЖК» AFSA-ға қандай да бір исламдық қаржылық қызметтерді ұсынуға өкілеттік берілмеген, барлық қаржылық қызметтерді қазіргі уақытта тек қана серіктес - "Bank RBK" АҚ ұсынады. Бұл ретте еншілес компания "Tayyab Finance Ltd." providing islamic financing лицензиясын алу процесін бастағанына назарыңызды аударамыз.
Tayyab – Astana Hub цифрлық технологиялар паркінің мүшесі
Біздің серіктес болыңыз